Проблемаға айналған несиелер тиімді шешімін таппай тұр

Проблемаға айналған несиелер тиімді шешімін таппай тұр

Ғаламдық қаржылық дағдарыстың толқындап соққан соққысы есеңгіреткен жүйе құраушы отандық банктерді аман сақтап қалғанымызбен, өкінішке қарай, проблемалық несиелер мәселесі шешіміне келгенде тығырыққа тіреліп тұрмыз. Бүгінгі таңда отандық екінші деңгейдегі банктердің проблемалық заемдар деңгейі 71 (!) пайызды құрайды. Оның 29 пайызы мүлде өтелмейтін үмітсіз несиелер болса, 43 пайызының жайы да күмәнді болып табылады. Бұл ретте Үкімет коммерциялық банктердің активін зиянды несиеден тазалайтын Проблемалық несиелер қорын құрған болатын. Алайда жыл басында іске қосылып, банк секторының басты бас ауруын «емдеп жазады» деген бұл қордан да түк пайда болмай тұр. Халықаралық сарапшы мамандар осылай дейді. Енді қайтпек керек?..
Банк секторындағы ең үлкен мәселе – проблемалық несиелердің әлі де болса банктің балансында қолбайлау болып тұр­ғаны. Өткен жылдың қорытындысындағы мәліметтерге сүйенсек, еліміздің коммер­циялық банктеріндегі мұндай зиянды несиелердің сомасы 3 трлн 53 млрд теңгеге жеткен. Әрине, ол баланстан көрініс таба­тын болса, ондай банктің табысы да өте төмен деген сөз. Себебі зиянды несиесі бар банктер көп жағдайда өзінің тапқан табы­сын провизияға, несиеден келетін тәуекел зардабынан сақтануға жұмсайды. Бүгіндері коммерциялық банктерде қалып­тасқан осы провизияның мөлшері 3 трлн 31 млрд тең­геге жеткен. Байқап отыр­ғаны­мыздай, банк секторында қаншалықты пробле­ма­лық несие болса, соншалықты көлемге жуық провизия қалыптасқан. Қар­жыгер маман Ілияс Исаевтың айтуынша, бұл, бірін­шіден, коммерциялық банктердің капитализация жасауына кедергі келтіреді, екіншіден, олардың рентабельділігін төмендетеді, үшін­шіден, зиянды несиесі артқан сайын коммерциялық банктер де ел экономикасын несиелеуге онша құлықты болмайды. Сон­дықтан мемлекетіміз үшін проблемалық несиелер мәселесі жылдам шешім қабыл­дауды қажет етті. Осы мақсатта 2011 жыл­дың 28 желтоқсанында елімізде «Тәуекел­дерді азайту тұрғысында банк және қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері жөніндегі ҚР заңнамалық актілеріне түзету мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қа­был­данды. Онда, біріншіден, пробле­малық несиелерді басқарудың құқықтық негізі қаланды, екіншіден, оның институ­цио­налдық іргетасы бекіді. Аталған заңға сәй­кес, Ұлттық банк проблемалық несиені басқару бойынша өз жанынан компания құрып, оның акционері болады, сол секілді коммерциялық банктердің жанынан да проблемалық несиені басқаратын ком­пания бой түзейді. Осы екі компания мен қосымша, осыған дейін болған Стресстік активтер қорының проблемалық несиені басқарудағы және проблемалық несиені азайтудағы іс-шаралары заңда толықтай сипатталған. Осылайша аталған үш инсти­тутциональдық құрылым арасында проб­лемалық несиелер саудасы биылғы жыл­дың басында басталып-ақ кеткен. Алайда Standard & Poor's агенттігінің сарапшысы Аннет Эстің айтуынша, бізде осы қаңтарда іске кіріскен Проблемалық несиелер қоры­ның нашар заемдарды сатып алудағы талабы мен іріктеу критерийлері өте қатаң, сондықтан ол екінші деңгейдегі банктер үшін аса тиімсіз көрінеді. Осы жағынан ал­ғанда, сарапшының пікірінше, реттеу­шілер ұсынған бұл тетіктің функциясы қауқарсыз.
– Бір жыл бұрын Ұлттық банк құрған «Проблемалық несиелер қоры» жағдайды түбегейлі өзгерте алмады. Мәселен, үсті­міздегі жылдың ақпан айын алатын болсақ, қор тек бір жобамен ғана шұғыл­данған. Бұл – өте мардымсыз көрсеткіш, – дейді ол.
Ұлттық банктің ұсынған тетігіне деген сұраныстың болмауының бірнеше себебі бар көрінеді. Біріншіден, жұмыс істемей тұрған несиесін қорға сату үшін ондағы барлық талапты орындау банктер үшін өте қиын; екіншіден, қор сатып алатын несие­лер барлық саланы қамтымайды, мәселен, зиянды борыштың көп көлемін құрайтын құрылыс пен жылжымайтын мүлікке қатыстысын; үшіншіден, проблемалық несиелерді сатып алуда ұсынылып отырған құн аса арзан, мұндай ұсыныс банктер үшін тартымсыз.
Экономика ғылымының докторы, про­фессор Бейсенбек Зиябековтің пікірінше, аталған мәселелер бар екен деп пробле­малық несие саудасындағы талаптарды, дисконтты жеңілдетудің қажеті жоқ.
– Мемлекет ғаламдық қаржылық дағдарысынан зардап шеккен отандық банк секторына қолынан келгенше көмек көрсетті. Проблемалық несие мәселесі шешіміне де атсалысып, заң қабылдады, Стресстік активтер қорын құрды. Ал ондағы талаптарды орындау қиын болып жатса, бұл – коммерциялық банктердің жеке мә­селесі. Бастысы – мемлекет өзіндік көмек тетігін ұсынды. Бұл мүмкіндікті екінші дең­гейдегі банктер пайдалана ма, пайдалан­ғысы келмейді ме, өз еркі. Бұл арада сатып алуға келетін шығын респуб­ликалық қазы­надан алынады. Сондықтан да талап қатаң, ол дұрыс та. Көңілдерінен шықпаса, про­б­ле­малық несие мәселесімен коммерция­лық банктер өздері айналыссын. Бүгінге дейін банктің осы мәселеге қатысты есеп берген бір менеджерін көрген емеспін. Бұл  –жауап­кершіліктен жалтару. Негізі, кез келген істеген ісін мойнымен көтеруі керек, – дейді маман.
Жалпы, S&P сарапшыларының айтуын­ша, Қазақстандағы проблемалық несие­лер­ді реттеу ұзақ уақытты қажет етеді. Оған бір-бірімен жалғасқан соңы жоқ сот про­цестері де ықпал етіп отыр екен. Мәселен, қайта құрылымдалған БТА банкі, Альянс банк және Темірбанк бойынша алаяқтық іске байланысты қозғалған сот ісіне әлі нүкте қойылмаған.
Сондай-ақ банк секторындағы проб­лемалық несиелер қордалана түсу қаупі де бар екен. Бұл ретте жылжымайтын мүлік нары­ғындағы бағаның шарықтауы халық­аралық мамандарды алаңдатады. «Баға­ның күшеюі кезеңінде ипотекалық несие­лендіруде белсенділік танытуға болмайды. Ал Қазақстанда бұл процесс соңғы кездері қарқын алып барады», – дейді S&P сарапшысы А.Эсс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста