Қарағанды баламалы қуат көзіне «құда түспек»

Қарағанды баламалы қуат көзіне «құда түспек»

Төртінші билік алдында әр саланың ахуалын баяндап, міндеттері мен мәселелерін ашық айтатын жаңа үрдіс Қарағанды аймағында да қалыптасты. Нақтырақ айтқанда, Қарағандыдағы барлық облыстық деңгейдегі басқарма, департамент басшылары БАҚ алдында баспасөз мәслихатын өткізетін болды. Әр аптаның жұмасында өңірдегі барлық БАҚ басқарма жетекшілеріне көкейдегі сауалдарын тікелей жолдап, оған тура жауап алмақ. Бұл жаңа үрдістің шымылдығын облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы түрді.
Кеншілер мекеніндегі энергетика мен тұрғын үй саласы – кез келген өңірдегі се­кілді өзекті тақырып. Қысы қатты Арқа жұр­тының қылышын сүйреткен қыстан қысылмай шығуынан бастап, тұрғын үйінің түтіні түзу ұшуы осы басқарманың бет­алы­сына тікелей байланысты.
Қыс қыр астында
Кең-байтақ еліміздің өзге өңірлері секілді емес, Қарағандыға қыс ерте түсетіні рас. Бұл аймақта қыс үш ай емес, алты ай болатыны және белгілі. Сондықтан да дәл бүгінде аймақ тұрғындарын қысқа дайындықтың жай-жапсары алаңдататыны сөзсіз. Ал ресми деректерге сүйенсек, был­тырғы жылға қарағанда қысқа дайындық жұмыстарына бөлінген қаржы қомақты. Атап айтқанда, 32 млрд теңге аталған сала­ның жыртығын жамап, тесігін бүтін­деуге бұйырыпты. Ол болса былтырғы бөлінген қаржыдан 8,8 млрд теңгеге артық. Өткен жылы бұл салаға тигені 23,5 млрд теңге екен. Соған қарағанда, құ­зыр­лы орындардың айтуынша, қыстан қы­сылатын негіз жоқ. Жоғарыда аталған қаржыға жылу көздері, электр, жылу, су құбырлары, кәріз желілері жөнделді. Ар­найы түзілген кестеге сәйкес, 38 қазандық агрегаты мен 27 турбинада жөндеу жұ­мыс­тары қолға алынды. Қазіргі кезде 30 қазандық пен 23 турбинадағы жұмыстар аяқталды. Қалған орталықтардағы жұмыс­тар жалғасуда.
Сергей КАСИМОВ, Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы:
– Барлық нысандардағы әзірлік шаралары уақытында мәресіне жетті. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысаны мен көпқабатты тұрғын үй дер кезінде даяр болды. Жылу беру маусымына дайындық нау­қаны аясында 2801,1 шақырым жылу жүйесінің – 153,8, 7856,2 шақы­рым су және кәріз құбырының – 159,2, 33102,3 шақырым электр желі­сінің 4406,7 шақы­рымы алмастырылып, 3565 қосалқы стансының 810-ы жөн­деуден өтті.
«Айналайын, «Ақбұлақ!»
Таза ауызсу мәселесі төңірегінде де түйткілдер аз емес. Соңы айғай-шу мен дау-дамаймен тынған «Ауыз су» бағдар­ламасынан соң өмірге жолдама алған – «Ақбұлақ» бағдарламасы. Ол ауызсуға жарыта ма деген күдік көпшілік көкейінде қонақтаған-ды. Алғашқы бағдарламадан алынған сабақ болар, аймақтағы «Ақбұлақ» әзірге шапқылап келе жатыр.
Әмбеге аян, «Ақбұлақ» 2011 жылы басталды. Бұйырса, 2020 жылға дейін жалғасады. Ал биылғы жылы облыста бағдарлама шеңберінде 27 жоба жүзеге асыпты. Бұл үшін 7,4 млрд теңге қаржы аударылды. 287 шақырым құбыр тар­тылып, 92 мың адам таза ауызсумен қам­тамасыз етілген. 2011 жылы таза суды тұ­тынып отырған қалалықтар – 66, ауыл­дарда 52 пайызға жетсе, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш «Ақбұлақтың» арқа­сында едәуір көтеріліп, қалалық жерде 75 пайызды, ал ауылдық мекен­дерде 56 пайызды еңсерді. Бағдарламаға сай, 2020 жылға қарай облыс өңірлеріндегі қала­ларды 100 пайыз, ал ауылдарды 80 пайыз таза ауызсумен қамту көзделіп отыр.
«Ойхой, ойхой, боз үйім...»
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лықта да шаруа шаш етектен. Тұрғын үйді тоздырмай ұстаудың өзі бұл күні проблема екені өтірік емес. Арасында апатты жағ­дайдағылары қаншама. Бұл санатта 89 үй бар. Олардың 76-сын бұзып, 13-ін қайта қалпына келтіруге болады екен. Осы жылы 58 апатты үйге демонтаж жүргізілген. Апатты үйлерді жөндеу жұмыстары 2011 жылы басталған еді. Сол уақыттан бері 121 көппәтерлі үй жөнделіп, оған 1,6 млрд теңге шығындалыпты. Бір айтары, биылғы жөндеу жұмыстары тұрғындардың қай­тарымды қаржысы есебінен атқарылған. Келесі жылғы жұмыстар үшін респуб­ли­калық қазынадан алдын ала 510 млн теңгеге қаржыландыру жоспарлануда. Соңғы үш жыл ішінде жөндеуді қажет ете­тін кондоминиум нысандары 45-тен 42 пайызға төмендепті.
Күн мен жел кеншілер мекеніне қуаттан кемдік көрсетпейді
Әлем болып балама қуат көздерін қолданып жатқан қазіргі кезеңде бұл үрдістен Қарағанды да қалыс қалмақ емес. Жалпы қуаты 134 МВт болатын жаңғыр­тылған энергия көздерін тұрғызу жоспар­да. Бұл бағытта бүгінгі таңда тиісті мемо­рандумдарға қол қойылды. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен OPUS Platform Қарағанды қаласында қуаты 10 МВт-тық күн электр стансысын салуға бәтуаласып отыр. «ФОТОВОЛЬТ Кощице» АҚ Саран қаласында 30 МВт-тық күн электр стансысы бой көтеруге мұ­рын­дық болмақшы. «Samruk-Green ENERGY» ЖШС Ақтоғай ауданындағы «Гүлшат» кентінде 50 МВт-тық жел электр стансысын, «ДОТАНГ» компаниясы 15 МВт-тық жел электр стансысы құрылысын мойнына алған. Сондай-ақ облыс аума­ғында қуаттылығы 28 МВт-ты құрайтын 152 шағын орталық салын­бақшы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста