Қазақ-француз мамандары ғылым мен технология саласында тізе қоспақ

Қазақ-француз мамандары ғылым мен технология саласында тізе қоспақ

Кеше Астанада қазақстан­дық-франциялық бірлескен форум болып өтті. «Техноло­гиялар беру және инно­вация­лық саясат» та­қы­ры­бындағы аталмыш жиын На­зарбаев университеті қабырғасында ұйымдас­тырылып­ты.
Форумның өтуіне Назарбаев универси­теті, Францияның Қазақстандағы елшілігі, Қазақстандағы Француз альянсы және «Болашақ» түлектері қауымдастығы мұ­рын­дық болған. Оған сондай-ақ Қазақстан мен Франция инновациялық жобаларының білікті өкілдері атсалысып отыр.
Бүгінгі таңда еліміздің басымдық беріп отырған бағыттарының бірі – озық техно­логияларды Қазақстанға тарту. Әсіресе білім-ғылым саласы мен инновациялық жобаларға деген ниет жоғары. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, форумның негізгі арқауы да осыған арналған. «Сол себепті бүгінгі форум да осындай техно­логияларды енгізу, отандық жүйенің сапасын арттыру мақсатын көздейді. Адам капиталы, бизнес, мемлекеттік орган және білім беру саласы арасындағы ынтымақ­тастықты арттыру жайын айтуға болады», – дейді ҚР Президенті жанындағы Мем­лекеттік басқару академиясының ректоры, Қазақ­стандағы Француз альянсының прези­денті Арын Өрсариев.
Форумда мамандар Астанада Қазақ­стан-Франция технополисі құрылатынын сүйіншіледі. Керек болса, аталмыш идеяны жүзеге асыру мүмкіндігін жан-жақты зерт­тейтін қауымдастық та құрылып қойыпты. Қауым­дастық президенті Жерар Момпло­ның айтуынша, Қазақстан-Франция техно­по­лисін ашуды Франция Парламентінің сенаторы Аймери де Монтескью ұсынған. «Оған мүше болуға 15-ке жуық франция­лық кәсіпорын ынта білдірді. Бұл үлкен жо­ба­ның бастамасы болғалы отыр. Назар­баев университеті бастаманың негізгі құ­рам­даушысы болады. Себебі Қазақстанда технополиске сай келетін технологиялық орталықтар мен білікті университеттер желісі құрылған. Қазіргі таңда Астана қа­ласында технополис құру мәселесі ретте­ліп жатыр», – дейді шетелдік мейман.
Бұл екі ел арасындағы алғашқы жоба болмаса керек. Өткен жылдың желтоқ­санында Қазақстанның білім министрінің қатысуымен «Шнайдер» атты тағы бір орталық ашылған болатын. Бүгінде бұл орталық электротехника және электроэнер­гетика мамандарын даярлау мақсатында жұмыс жасап жатыр.
Айтпақшы, жиында француз ағайындар Қазақ елінің аз уақыттың ішінде алыс-жақын шетелмен тамыры тым тереңге кеткен қарым-қатынас жасап үлгергеніне таңғалып жатты. Өзгені байыпты мінезімен баурай алған Алаш жұрты Наполеон елінің өкілдерінің көңілін де таба білген. Қа­зақстандағы Франция елшілігінің ғылым және техникалық ықпалдастық жөніндегі атташесі Гийом Жироденің сөзіне қара­ғанда, бүгінгі таңда білім және ғылым са­ла­сында жүзеге асып жатқан қазақстандық-француздық бірлескен жобалардың өзі біразға жеткен көрінеді. «Соның ішінде Нанси Франция политехникалық универ­ситеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлт­тық техникалық университеті мен бірне­ше франциялық кәсіпорындардың ықпал­дас­тығын атап өтуге болады. Олар Қазақ­стан­да Геоэнергетикалық орталық құру идеясы мақсатында топтасқан болатын. Геоэнергетикалық орталықтың басты мақсаты – Қазақстан-Франция универси­тет­терімен ықпалдасу, аталмыш бағытта жасалуы мүмкін байланыстарды анықтау, студенттерді даярлауға қажетті мамандық­тарды белгілеу», – деп атап өтті ол.

P.S. Шетелдік меймандар­дың мақтауы жел берген болар, форумға қатысушы қазақстандық тарап мінберде орысша-ағылшын­ша-фран­цузша араластыра сөйлеп, бар өнерін салып бақты. Бәлкім, мұнысы дұрыс та шығар. Шетелдік сыншы көздердің алдында айбынымызды асырып көрсеткіміз келгені деп түсіндік. Алайда «мемлекеттің ана тілі екен-ау» деп қазақша тіл қатқандарын көре алмадық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста