Қазақстан мен Ресейдегі инфляцияның айырмашылығы неде?

Қазақстан мен Ресейдегі инфляцияның айырмашылығы неде?

Қазақстанда инфляцияның 4%-ға дейін төмендеуі төрт жылға кейінге қалдырылды.

 

Ресей мен Қазақстанда нақты пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айтарлықтай алшақтық сақталуда. Бұл Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясатына күмән келтіреді. Ресейге қарағанда, отандық бизнес пен халық әлемдік стандарттар бойынша арзан қарыз ресурстарына қол жеткізе алмайды.

 

Қыркүйек айында Ресей банкі өзінің негізгі мөлшерлемесін агрессивті түрде төмендетуін тоқтатты. Жылдық инфляцияның 3,6%-дан 3,7%-ға дейін өсуіне байланысты оны бұрынғы деңгейде &mdash 4,25%-бен қалдырды. Бұл ретте базалық мөлшерлеме мен инфляция деңгейі арасындағы айырмашылық 0,65%-дан 0,55%-ға дейін азайды.

 

Яғни, көрші елдегі нақты пайыздық мөлшерлеме, сондай-ақ жергілікті бизнес пен халыққа арналған қарыз ресурсының бағасы төмендеді.

 

Бір айта кетері, коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, Ресейдегі айлық инфляция динамикасы өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ.

 

2019 қыркүйек сияқты, тамыз айымен салыстырғанда дефляция қайтадан орын алды. Яғни, тұтыну бағасы төмендеді. Бұл тағы да халыққа арналған арзан азық-түлік пен ақылы қызметтердің әсерінен болды. Бұл ретте азық-түлік емес тауарлар өткен жылдың қыркүйегіне қарағанда қымбаттады.

 

 

Азық-түлік пен баға қарама-қайшығы

 

Қазақстанда Ұлттық Банктің болжамдарына қарамастан, жылдық инфляция күздің бірінші айында баяулап, тамыз айындағы 7% деңгейінде қалды. Ал қараша айының басында Ұлттық Банк өзінің базалық ставкасын бұрынғы 9% деңгейінде сақтап қалуға шешім қабылдағандықтан, нақты пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз, тағы да 2% деңгейінде қалды.

 

Бұл ретте Ұлттық банк жылдық инфляцияның 8%-ға дейін үдеуін болжай отырып, өзі декларациялайтын инфляциялық таргеттеу саясатын тиімсіз іске асыратыны айқын.

 

Ресей Орталық Банкі бағамды  4% деңгейінде ұстап тұр. Қазақстанда Орталық банк өзі қалаған 3-4%-дық таргетке  қол жеткізуді 2025 жылға ығыстырды. Жақында инфляция дәлізін 2021 жылға дейін 4-6% сақтау, ал 2022 жылдан бастап оны 3-5%-ға дейін төмендету жоспарланған болатын. Осылайша, Қазақстанда ақшаның нақты бағасы Ресейге қарағанда жоғары болады.

 

Кем дегенде, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі төмен болады

 

Қазақстанның азық-түлік өнімдері бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде (қыркүйекте 10,8%) бұрынғысынша Ресейдегі жағдайға қарама-қайшы келеді. Қазақстанда азық-түліктік емес тауар бағасының өсу қарқыны да жоғары, көршілерде 3,8% болса, бізде 5,5%. Бір таңқаларлығы, ақылы қызметтер құнындағы айырмашылық, тиісінше 3,6% және 3,3%. Естеріңізге сала кетейік,  Елбасының тапсырмасы бойынша өткен жылдың соңында тарифтерді көтеруге тыйым салынды.

 

 

Түсініксіз табандылық

 

Қазақстан мен Ресейдегі нақты пайыздық мөлшерлеменің бұдан әрі қалай дамитыны осы айдың соңында белгілі болады.

 

23 қазанда бірінші болып Орталық Банктің директорлар кеңесі негізгі мөлшерлеме бойынша өз шешімін жариялайды. Ал 26 қазанда Ұлттық банктің шешімі жарияланады.

 

Төменде келтірілген деректерден соңғы жылдары Ұлттық Банк нақты пайыздық мөлшерлеменің теріс мәніне жол бермегені көрініп тұр. Бірақ ресейлік Орталық банк бұндай кемшіліктерге жол берген. Бұндай жағдай 2015 жылы Ресейдегі жылдық инфляция 12,9%, ал негізгі мөлшерлеме 11% болған кезде орын алды.

 

Қазір Ресей тағы да осы кезеңге жақындады. Ал Қазақстанның Ұлттық Банкі ақшаның нақты бағасын көтеруге тырысып жатыр. Дамыған елдермен ғана емес, көптеген дамушы елдермен де салыстырғанда да жоғары.

 

 

 365info.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста