Қазақстанда "SALEM, TENGE!" ақша аудару жүйесі іске қосылды
"Қазпошта" АҚ шұғыл ақша аударудың жаңа қызметі - "SALEM, TENGE!" жүйесін іске қосты, деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизовтың айтуынша, "SALEM, TENGE" бойынша шұғыл ақша аударудың тарифі жалпы сомманың 1 пайызын, минимум - 200 теңгені құрайды. "Аталған тариф мамырдың 31-іне дейін болады. Маусымның 1-інен бастап ол 1,5 пайызға дейін көтеріледі. Негізі, бұл жаңа қызмет емес. Себебі біз бұрыннан бері шұғыл ақша аудару қызметтерін ұсынып келеміз. Бірақ осы жолы оған жаңа атау берілді. Тиімді шарттары да бар", - дейді Б.Азизов.
"SALEM, TENGE!" жүйесі арқылы республика бойынша ақшаны бір минуттың ішінде аударып беруге болады. Ол үшін арнайы есеп-шотты ашудың қажеті жоқ. Ақшаның "Қазпоштаның" кез келген бөлімшесіне жіберуге мүмкіндік бар. Ал ол ақшаны алатын адамға SMS-хабарлама жіберіледі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу