Қазақстандық туроператорлар мемлекеттік тізілімге алынса ғана жұмыс істей алады

Қазақстандық туроператорлар мемлекеттік тізілімге алынса ғана жұмыс істей алады

Туризм индустриясы комитеті отандық туроператорларға өз қызметін "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңға сәйкестендіруді сұрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, барлық туроператорлар мемлекеттік тізілімге тіркеуден өтуі тиіс, өйтпеген жағдайда олардың қызметі заңсыз болып табылады.

 

2022 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша 275 туроператор өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендірді және қызметтің кіші түріне қосымшалар алды. Сонымен қатар, өздерін туроператор ретінде көрсетіп, бірақ туроператорлардың мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген барлық туристік компаниялар қолданыстағы заңнаманы бұзып отырғаны жасырын емес, деп мәлімдеді ҚР Туризм индустриясы комитеті.

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметке берілетін лицензия ішкі туризм және шығу туризмі саласында екі кіші түрге бөлінгені белгілі.

 

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған ресми деректерді басшылыққа алуды сұраймыз, - дейді комитеттегілер.

 

Айта кету керек, бұл тізім үнемі жаңартылып отырады, туроператорларға берілген лицензиялар туралы толығырақ ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста