Қазақстанның экономикалық еркіндігі нашарлаған

Қазақстанның экономикалық еркіндігі нашарлаған

Қазақстан Heritage Foundation ұйымының биылғы экономикалық еркіндік индекcінде былтырғыдан төмендеп, 69-орынды иеленді. Елдің ұпайын азайтқан жағдайдың бірі – жемқорлық.
АҚШ-тағы Heritage Foundation ұйымы The Wall Street Journal басылымымен әріптес бола отырып жасаған «2015 жылғы экономикалық еркіндік индексін» жариялады. Экономикалық еркіндік индексі бизнес жасау, еңбек ету, қаржы-несие, сауда және инвестиция еркіндіктерінің көрсеткіші бойынша анықталады.
ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН СОТТЫҢ ЖАЙЫ
Бұл есепте 63,3 балл алған Қазақстан «экономикасының еркіндігі орташа» елдер қатарына қосылып, әлемдегі 178 елдің арасынан 69-орынды иеленген. Бұл ел 2014 жылғы есепте 67-орында, ал 2013 жылғы индексте 63-орында тұрған.
Биылғы есепте Қазақстанның жекеменшік құқығы бойынша көрсеткіші 25 балл (былтырғы есепте – 30 балл) болған.
Ұйым «Қазақстандағы әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау ұйымдары, экономикада жемқорлық бар. Сот мемлекетке тәуелді, жекеменшік құқықты дұрыс қорғай алмайды» деп бағалаған. Ұйым сарапшылары дерегінше, Қазақстанда барлық салада жемқорлық бар. Бірақ Heritage Foundation бұл елде соңғы уақытта жемқорлықпен күрес басталғанын ескеріп, коррупция бойынша көрсеткішіне 0,3 балл қосып, жиыны 26 балл берген. 
Индекс авторлары Қазақстанда бизнес ашу кезінде көп құжат талап етілетінін, бизнес ашуға кем дегенде бес ай кететінін айтады. Сондықтан елдің бизнес ашу көрсеткіші былтырғыдан 0,7 балға шегеріліп, биыл 73,7 балл деп бағаланған.
Ұйым рейтингінде Қазақстанның қаржы-несие еркіндігі (75 балл), еңбек ету еркіндігі (87 балл), сауда және инвестиция еркіндігі (79 балл) жақсарған.
«Қазақстанда орташа тарифтік мөлшерлеме 3 пайызды құрайды. Бұл ел қазір дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін жұмыс жасап жатыр. Бірақ бейтарифтік тосқауылдар ауыл шаруашылық өнімдерінің импортына кедергі келтіріп тұр. Ауыл шаруашылық саласына шетелдік инвесторлар келмегендіктен бұл салада тек жергілікті кәсіпорындар жұмыс істейді. Қаржы саласы негізгі сатылымдары мемлекетке тиесілі банктердің қолында. Проблемалық несиелердің көрсеткіші 30 пайыздан жоғары» дейді Heritage Foundation индексі авторлары.
Ұйым Қазақстандағы экономикалық еркіндік ахуалын жақсарта түсу үшін«экономиканы ауыл шаруашылығына тәуелді етпей әртараптандыруға, жемқорлықты азайтуға және сот жұмысына реттеуге» кеңес береді.
Heritage Foundation индексінде биыл әлемдегі экономикасы ең еркін 10 елдің тізімін Гонконг бастап тұр. Одан кейінгі орындарды Сингапур, Жаңа Зеландия, Австралия. Швейцария, Канада, Чили, Эстония, Ирландия және Мавритания иеленген. Ал АҚШ тізімде 12-орында.
Қазақстанның экономикасы ірі негізгі көршілері Қытай – 139-орында, Ресей – 143-орында. 
2015 жылғы экономикалық еркіндік индексінде бұрынғы советтік мемлекеттерден Латвия (37-орын), Армения (52-орын), Қырғызстан (82-орын) мен Әзербайжан (85-орын) – экономикасының еркіндігі орташа,
Молдова (111-орын) мен Тәжікстан (140-орын) – экономикасы негізінен еркін емес,
Беларусь (153-орын), Өзбекстан (160-орын), Украина (162-орын) мен Түркіменстан (172-орын) экономикасы репрессивті елдер қатарында тұр.
azattyq.org

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста