Қазақы мал тұқымы азып барады

Қазақы мал тұқымы азып барады

Еліміздің агро саясатына байланысты, оның ішінде мал шаруа­шылығына қатысты өткенге көз жүгіртіп көр­сек, Кеңес өкіметі орна­ған­дағы есеп бойын­ша, яғни 1916-1918 жылдары Қазақстанда 22 түрлі қойдың тұқымы өсірілген екен. Мәселен, Батыс Қазақ­станда азғыр тұқым­ды қой, еділбай қойлары өсірілсе, Ор­талық Қазақ­станда бес ата қой­лары, ал Шығыс Қазақ­стан­­да шыңғыс тұқымды қой­лар мен әртүрлі құйрықты қой­лар, моңғол тұқымдас қой­лар өсірілді. Өкінішке қа­рай, қазір бізде мұның бірі де жоқ.
Бүгінде біз қазақтардың ежелгі мал тұ­қы­мын сақтап қалуға, асыл­тұ­қым­ды мал басын алуға келгенде ауызды қу шөппен сүртіп отырмыз. Бізде қазір тек еділбай қойының тұқымы ғана сақталып қалды. Қалған 21 түрлі қылшық жүнді тұ­қым құрып кетті. Ал енді «біздерде мы­на­дай бар, мынадай бар» деп ежелгі мал тұ­қымын көрсетіп мақтана алатындай дәрежеміз төмен, елдегі асыл­тұ­қым­ды мал басы санаулы ғана болса, мал шаруа­шылығына қатысты осыдан кейін қандай саясатты айтуға болады?! Біздің мал шаруашылығы саласын құртқан нәр­се­нің өзі – осы саясат. Кезінде Кеңес өкіметі орнай сала, бәріміз күн көсем санаған Ленин екі декрет қабылдапты. Оның бірі – жер мәселесіне қатысты, екіншісі – ме­ри­нос қойларды өсіруге қатысты. Соның ішінде Ленин қабылдаған декретте қойды будандастыру жайы айрықша көрсетілген. Осы құжатты орындау қажеттілігінен қыл­шық жүнді қойды будандастыру арқылы биязы жүнді қойдың басын көбейту сол заманның қажеттілігі болды. Өйткені биязы жүнді қойдың жүнінен киім-кешек тігу, сапалы мата алу, оны экспортқа шығару оңтайлы еді. Ал қазақтың қылшық жүнді қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, әртүрлі үй бұйымдарын жасап дайындауға ғана жарайтын-ды. Осындай үрдістер, саясат салдары қазақтың ежелгі қой тұқымының ұсақталуына апарып соқтырды. Енді келіп біз ежелгі мал тұқымы дегенде жалғыз-ақ еділбай қойының бетіне қарап отырмыз. Бүгінде асылтұқымды мал алумен, мал тұқымын зерттеумен ай­на­лы­сып жүргендердің арасында жоғарыда мен атап кеткен қойдың түрлері бар екенін білмейтіндер де бар... Осыған орай айтар ұсынысым: қазір ежелгі тарихи жәді­гер­ле­рімізді, ежелгі мәдени құн­ды­лықта­ры­мыз­ды сақтап қалу мақсатында Үкімет арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасын қа­был­да­ды. Міне, қазақтың ежелгі мал тұқымын сақ­тап қалуға қатысты да осындай бір ар­найы мемлекеттік бағдарлама керек. Әйт­песе ең кемі бес жылдан соң біз ата-бабаларымыз азық етіп, күн көрісінің бір бөлшегіне айналдырған ежелгі мал тұ­қым­дарын тек суреттен ғана көріп оты­ра­мыз. Сондықтан құзырлы тарап жедел түрде осы ежелгі мал тұқымын сақтап қалуға бай­ланысты салиқалы мемлекеттік бағдар­лама қабылдауы керек.
Біздің Ауыл ша­руашылығы министрлігі бүгінде қыл­шықты жүнді қойларды өсіруге мардымды қаржы бөлмейді. Бұған қатыс­ты арнайы дотация, субсидия дегендер атымен жоқ. Министрлік тек биязы жүнді қойларды, ме­ринос қойларын өсірушілерге ғана же­ңіл­діктер қарастырып отыр. Біле білгенге, қылшық жүнді қойлар – суыққа төзімді, жоғары салмақ беретін, еті де мол, кез кел­ген табиғи ортаға бейімделгіш қой­лар­дың бірі. Бізге қазірде ең қажеттісі осы қылшық жүнді қойлар болып отыр. Мәсе­лен, атқарушы билік бүгінде отандық сүт өндіру саласына айрықша көңіл бөлуде. Осыған орай, мен керісінше айтар едім, бізге сүт өн­діру саласына емес, ет өндіру секторына ерекше көңіл бөлген жөн. Байыптағанға, ет өндірудің сүт өндіру­ден машақаты аз және экономикалық жа­ғынан өте тиімді. Сон­дық­тан екінші бір ұсы­нысым – Үкімет ше­тел­ден асылтұқымды мал ба­сын әке­ле­тін­дерге, биязы жүнді қой өсіре­тіндерге ғана көңіл бөле бермей, өзіміздің жергілікті мал басының көбеюіне, соның ішінде қазақтың ежелгі мал тұқымы­ның өсуіне барынша жағдай жасағаны абзал.
Бұған қатысты тағы да мынадай бір дә­лел айтуыма тура келіп тұр. Таяуда асыл­тұ­қым­ды сиыр өсіретін орталықтардың бірі  Израильден сиыр алып келіпті. Әлгі сиырлар Израильде күніне 40-50 литр сүт берген. Мұнда келген соң асылтұқымды деген сол сиырлар мүлдем суалып кетті. Көрдіңіз бе, мынадай құбылмалы табиғатымызбен, бізде дайындалған мал азығының түр­ле­рі­не сәйкес, өзге елден әкелінген асыл­тұ­қым­ды малдың Қазақстанға бейімделіп кетуі қиын. Сондықтан мал тұқымын асыл­дан­ды­руға, ежелгі мал тұқымын сақтауға қа­тысты біздің мемлекетімізге ар­найы мем­ле­кеттік бағдарлама керек екені даусыз...

P.S.
Біз осыдан бірер жыл бұрын австралиялық қошқарлардың, қойлардың насихатын біраз жерге жеткізгеніміз де ақиқат. Өкінішке қарай, кезінде сонша әспеттеп, мерейін асқақтатқан сол асылтұқымды қойлардан біз тұқым алып маңдытпадық. Қазір сол ұшаққа салып, мәпелеп әкелген асылтұқымды қойлардың елде бірде-біреуі жоқ. Олар қазақ жерінің қақаған қысына, аптап ыстығына шыдас бермей, тұқымы азып кетті. Өзіңіз ойлаңызшы, Австралия­ның климаты мен қазақы ортаны салыстыруға келе ме? Ол жақтың қысы жайма-шуақ, жазы қоңырсалқын. Ал Қазақстанда қайсыбір аймақтарда қыста 45 градус суық болатын болса, жазда 45 градусқа дейін ми қайнатар ыстық болады. Мұндай ауа райына бөтен жұрттың малы бейімделе алмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста