«ҚазМұнайГаз» бен «ӨзенМұнайГаз» ел экономикасының діңгегі, күретамыры деп айтсақ қателеспейміз

«ҚазМұнайГаз» бен «ӨзенМұнайГаз» ел экономикасының діңгегі, күретамыры деп айтсақ қателеспейміз

Талғат НЫҒМЕТОВ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ №1 мұнай өндіру басқармасы №1 ұңғымаларды жерасты жөндеу цехы №11 бригадасының шебері:

– Сіздің мамандығыңыздың ерек­ше­лігі неде?
– Кен орнын табу мен жер астынан қара алтынды өндіру – екеуі екі бөлек ау­қым­ды үдеріс. Ал біздің міндет – істен шық­қан ұңғымалардың себебін анықтау, жөн­деу.
– Кейбір ұңғымалардың істен шы­ғып қалуының себебі неде?
– Өзен кен орнының ашылғанына 50 жылдан асты. Қазіргі ұңғымалардың көбісі сол кезден бастап жұмыс істеп келеді. Яғни мұнайды өңдеу құрылғылары ескірген. Сон­дықтан олардың бұзылуы – заңдылық. Біз оларды тазалап, іске қосып жатырмыз.
– Талғат Бидахметұлы, сіз еңбек ада­мысыз. Ел байлығы қара алтынды игеру жолында аянбай жұмыс жасап ке­лесіз. Білуімше, сіз жетекшілік ететін мұ­най ұңғымаларын жөндейтін брига­да үлгілі болып есептеледі екен. Мұн­дай мәрте­бе­ге қалай қол жеткіздіңіз­дер?
– «Еңбек етсең – емерсің» деген. Маң­дай теріңді төксең, еңбегің еш болмайды. Біз істен шыққан жерасты мұнай құбыр­ла­рын жөндеумен айналысамыз. Жоспар бо­йынша, бұрын 15 ұңғыма болатын. Қазір ол екеуге қысқарды, айына 13 ұңғыманы жөн­деп тапсыру міндетті. Бірақ біз айлық жоспарды артығымен орындап келеміз. Бір айда 16-17 ұңғыманы жөндеп, іске қо­са­мыз. Өткен жылы да, биылғы жылдың ал­ғаш­қы тоқсанында да біздің №11 бри­гада озат атанды. Сый-құрметтің астында қал­дық. «Самұрық-Қазына» қорының, «ӨзенМұнайГаз» мекемесінің басшылығы еңбегімізді бағалап, алғыс хаттармен ма­рапаттады.
– Бәрекелді! Озат атануларыңызды не­мен байланыстырасыз?
– Бұл өз ісін жетік білетін қарамағым­да­ғы 12 қарапайым мұнайшының арқасы деп білемін. Олар өз саласының жілігін ша­ғып, майын ішкен мұнайшылар. Ең дұры­сы, озат атанып жатқанымыз біздің бірлі­гі­міздің көрінісі дер едім. Ұңғыма жөн­дей­тін мұнайшылар төрт ауысыммен жұмыс істейді. Көбісінің мұнай саласында кемінде 10 жылдық тәжірибесі бар. Ал ме­нің міндетім – оларға бағыт-бағдар беріп отыру.
– Өзіңіз туралы айта кетсеңіз, мұнай саласына қай уақытта келіп едіңіз?
– Мұнай саласында 27 жылдай тәжі­ри­бем бар. 1986 жылы Өзен бұрғылау бас­қар­масында бұрғышының көмекшісі бо­лып, жұмысқа қабылданған болатын­мын. Қазір істен шыққан ұңғымаларды жөн­дейтін бір бригаданың шеберімін. «Өзен­МұнайГаз» мекемесінің аумағында осындай 18 бригада болса, соның ішінде, мақтанарлық жайт, көш алдында келе жа­тырмыз.
– Сіздің ұстанымыңыз қандай?
– Әр адам таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуы тиіс. Бұл – менің өмір­лік қағидам. Қара алтынның қалыпты игеріліп жатқаны өзіміз сияқты мұнайшы­лардың арқасы деп білемін. Жарамсыз ұң­ғы­маларды іске қоспасақ, мұнай өнімі ха­лық­қа жетпейді, ел байлығы еселенбейді. Бір сөзбен айтқанда, мұнай өндіруіміз кем бо­лады. Әрине, асылық сөйлеуден аулақ­пыз. Біз еліміздің экономикасына осылай да­лада жүріп, мұнай ұңғымаларын жөндеу ар­қылы үлес қосамыз. «Еліңде болса, ерні­ңе тиеді» деген. Ең бастысы мұнай игерілсін, ел байысын.
– Мұнайшылардың сыртынан әр қилы әңгіме айтылады. Сұрайын деге­нім, мұнайшылардың еңбек жағдайы қандай?
– Кеңестік кезеңде, 1960-70 жылдары алдыңғы буын ағаларымыз күндіз күлкі­ден, түнде ұйқыдан баз кешіп жүріп жұмыс жа­сады. Сонда да қазыналы түбектің тұр­ғыны­на жасалатын қарапайым қажеттілік­тің өзі қасқалдақтың қанындай. Жерасты бай­лығы еселеніп өндіріліп жатса да, мұ­най­шы мен бұрғышы халі адам айтқысыз нашар еді. Сол кезде Маңғыстау облысы республика өндірген мұнайының 70 пайызын беретін. Бірақ алтынға парапар байлық өндірсе-дағы түбек тұрғындардың қолдары қысқа, табысы тақыл-тұқыл. Мұ­найдан түскен пайданың 85 пайызы одақ­тық бюджеттің бүйірін толтыруға кететін. Тәуел­сіздік алдық. Енді өз қолымыз өз аузымызға жетті. Газды да, мұнайды да аста-төк етіп, өзіміз өндіріп, керегімізше пай­далану­дың дәуірін бастадық. Жасыра­ты­ны жоқ, бұрын, 1980-90 жылдары да еңбек жағ­дайы ауыр болды. Қазір жаман емес. Біз қысы-жазы далада ұңғымаларды жөндей­міз. Құбырларды тазалайтын жаңа техни­к­а­лар келді. Тамақтанатын, жатып дем алатын су жаңа вагондарда тұрамыз. Жұ­мыс киімдеріміз күн сайын жуылып тұр. Бұ­рын­ғыдай ескірген құрал-жабдық жоқ, за­манауи техникамен қамтамасыз етілген. Жақында еншісін алып, өз алдына акцио­не­р­­лік қоғам болып құрылған «Өзен­Мұ­найГаз» мекемесінің алдына қойған мін­де­тінің бірі, осы еңбек жағдайын жақсарту. Жалпы құны 4 миллиард 700 миллион болатын жерасты қондырғыларын жөндеу және диагностикалау зауыты салынды. Енді біз далалық жағдайда жөндеуге ке­летін ұңғымаларды қараймыз, қалғанын осы зауыт жасайтын болды. Жаңа жұмыс орны құрылғаны халыққа жақсы, мұнда жер­гілікті тұрғындар жұмысқа тартылды. Экологияны ойлауымыз керек, мұнай тө­гіл­меуі керек. Қауіпсіздік ережелерді сақ­тауымыз керек.
– Мұнайшылардың әлеуметтік жағ­да­йына қатысты не айтасыз?
– «ӨзенМұнайГаз» мекемесі көптеген дема­лыс орны, санаториймен келісімшарт­қа отырған. Соның негізінде, мұнайшылар ғана емес, балаларымыз да Бурабай, Катон­қарағай, Кендірлі сияқты курортты ай­маққа барып, тыныға алады. Басшылық жаңаөзендік мұнайшыларға көрсетілетін ме­дициналық қызметтің сапасын арттыру­ға ерекше ден қойып отыр. Оның үстіне жа­лақымыз да жаман емес. Тек еңбек ету керек, мұнайды игеру керек. «ӨзенМұ­най­Газ» 2012жылы 4,95 млн тонна мұнай өн­дір­ген. Ол 2011 жылғы көрсеткіштен 131 мың тоннаға кем. Мұнай қалыпты игерілсе, халық­тың жағдайы жақсарады. Қазіргі күні ел Үкіметі тарапынан көптеген шара жа­салып жатыр. Жаңаөзен әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап дамып келеді. Аурухана, перзентхана, мәдениет үйі, мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік нысандар ашылып, халық игілігіне қызмет ете бастады. Жаңаөзен Жаңаөзен болғалы жөндеу көрмеген аулаішілік асфальттар да жаңадан төселіп жатыр. Ең бастысы, қала­ны дамытуға мемлекет қазынасынан бө­лін­ген қаржы уақытында игеріліп, атқа­рыл­ған жұмысты халық көріп отыр. «Өзен­­МұнайГаз» Кендірлі демалыс айма­ғын­да биыл 1200 орындық балалар ла­герін ашты. Сонымен қатар, 150 адамға шақ­­талған демалу-сауықтыру орталығы жұ­мыс істеп тұр. Жаңаөзен қаласында өт­кен бір жылдың ішінде 17 әлеуметтік ны­сан бой көтерді. «Рауан» шағын ауданын­дағы көппәтерлі үйлер салынып, халық бас­паналы болып жатыр.
Жаңаөзен – мұнайдың арқасында құ­рылған қала. Десек те, қаламыздағы 120 мың халықтың 15 мыңы ғана мұнай сала­сын­да жұмыс істейді. Қазіргі таңда, қала­да­ғы ең басты мәселе – халықты жұмыспен қамту. Сондықтан ел Үкіметі, естіп, біліп, көріп отырмыз, екі қолға бір күрек табуға жағдай жасап жатыр. Шағын және орта кә­сіп­керлік те қарқын алып келеді.
– Жақында Үкімет басшысы Серік Ахметов мемлекет қазынасы бүйірінің қампаюы мұнай және газ өндірісіне тікелей байланысты екенін айтқан бо­латын. Әрине, бұл көпшілікке белгілі жайт, бірақ сіздер, қарапайым мұнай­шы­лар, бұл үлкен жауапкершілік еке­нін сезінетін шығарсыздар?
– Шындығында солай. Біз қарапайым жұмысшы оны біліп отырмыз. Бірақ ең алдымен, өзіңіз айтқан мәселені сезініп отырған компаниялар туралы айтуымыз керек. Солар барлық жұмысты үйлестіріп отыр. Сонымен қатар, олар әлеуметтік жауапкершілікті де түйсініп, мұнайшыларға жағдай жасап, шапағатын тигізіп отыр. «ҚазМұнайГаз», «ӨзенМұнайГаз» секілді ірі мұнай кәсіпорындары ел экономика­сы­ның діңгегі, күретамыры деп айтсақ қате­лес­пейміз. Сондықтан олардың жұмысы жүріп тұрса, халыққа жұмыс болады, елі­міз көркейеді. Елімізде әсіресе мұнай-газ саласы дамыған сайын мемлекеттің ба­қуат­тылығының да арта түсетіні сөзсіз.
– Ұлы дүбір ҰБТ өтті. Мұнайшы бол­­ғы­сы келетін талапкерлерге не айтар едіңіз?
– Облысымызда мұнай өндірісі қалақұ­рар­лық өндіріс ошағы болғандықтан, көп жас­тар мұнайшы немесе сол салаға жана­ма қатысы бар мамандықтарды таңдайды. Се­бебі ол – өзінің тұрғылықты жеріне қажет мамандық. Қайталап айтайын, бір жағы­нан алып қарасаңыз көше сыпырушы бол­саң да, сол істің асқан шебер маманы болуың керек. Мамандықтың бәрі керек. Қа­зір ойлап қарасаңыз қай мамандық ие­лері артылып жатыр? Ешқандай. Сонымен негізгі түйін: мұнайшы мамандығы туралы ойға оралсақ. Менің ойымша, өзің қалаған мамандығыңды сүюің керек. Үйрене беру керек, іздене беру керек, онсыз табысқа жету – әсіресе қазіргі заманда, мүмкін емес. Жоғары жауапкершілік, мұқиятты­лық, тазалық, мәдениет жұмыс орында­рын­дағы ажырамас талаптар болу керек. Мұнай саласындағы білікті басшының бәрі қарапайым мұнайшы ретінде еңбек жолын бастаған. Мұнайшы өмірінің қатпар-қат­пар сырлары мен шеберлігін үйренбесең басшы да бола алмайсың. Әрине, басшы болу парыз емес, азамат болу, білікті маман болу міндетің дегім келер еді жас талапкерлерге.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста