«ҚазМұнайГаз» қарқынды геологиялық барлау жүргізуге дайын

«ҚазМұнайГаз» қарқынды геологиялық барлау жүргізуге дайын

«ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы алдағы бес жыл ішінде құрлықтағы көмірсутегі кен орындарында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге басымдық бермекші. Алматыда жыл сайын өткізілетін дәстүрлі KIOGI-2013 халықаралық көрмесі аясында өткен конференцияда ұлттық компанияның келешек жоспары егжей-тегжейлі сөз етілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төр­аға­сының орынбасары Құрманғазы Исқа­зиев­тің айтуынша, 2013-2017 жылдары тиісті жұмыстарға 797 млрд теңге көле­мін­де инвестиция құю қарастырылған. Бұл қаржыны компания қазір кен шығарылып жатқан кеніштерде және жаңа кен орын­дарында 300-ден астам барлау және ба­ға­лау ұңғымаларын бұрғылауға, сондай-ақ сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуге ба­ғыттайды.
«Ұзақ уақыт бойы құрлықтағы жобалар назардан тыс қалып қойды. Қайраңға (шельф) көбірек мән берілді. Бүгінде «Қаз­МұнайГаз» Қазақстан Республикасын­дағы бүкіл 15 шөкпе бассейн бойынша гео­лого-геофизикалық материалдарды тал­дау жә­не жинақтауға арналған үш жыл­дық жо­ба­ны аяқтады. Біз болашағы бар аудан­дар­ды анықтадық», – деді Қ.Исқа­зиев.
Оның айтуынша, таяу арада «Қаз­Мұ­най­Газ» ұңғыма тереңдігін бұрғылауды екі есеге ұлғайтады. Өйткені бұл қолдағы бар кө­мірсутегі қорын еселеуге мүмкіндік береді.
«Біз қазір ұңғыманы үш шақырымға дейінгі тереңдікте бұрғылауды жүзеге асы­рып жатырмыз. Ал таяу арада 5-тен 8 шақырым тереңдікке дейін бұрғылайтын боламыз. Бұл – байыпты мәлімдеме. Біз же­тістікке жететінімізге сенімдіміз», – дейді ұлттық компания өкілі.
«ҚазМұнайГаздың» бақылауындағы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіріс» АҚ (ҚМГ БӨ) қазір Маңғыстау облысындағы Өзен ке­ні­шінде ұңғыманы 5,5 шақырым терең­дікке бұрғылауды бастап кетуге дайын. Келешекте компания еліміздің өзге де кен орындарындағы ұңғымаларды осындай тереңдікке бұрғылауды бастайды.
Қазір «ҚазМұнайГаз» Маңғыстау түбегі мен Каспий маңы ойпаты кеніштеріндегі жер қойнауын пайдалануға арналған жаңа келісімшартқа қол жеткізуге ұмтылу­да. Бұл кеніштерде компания шетелдік ин­вестор­лармен бірігіп жұмыс жүргіз­бек­ші. Мұндай аудандар анықталды. Кейбіреуі бойынша құзырлы орындармен келіссөз­дер жүріп жатыр. Қазірдің өзінде белгілі болғандай, «ҚазМұнайГазбен» ынтымақ­та­суға үміт­кер­лер ішінде батыстың Maersk және Total мұнай компаниялары бар көрі­неді.
«Барлау ұңғымаларын (соның ішіндегі құрлықтағы және Маңғыстаудағы) бұр­ғы­лау нәтижесі бассейннің геологиялық құ­ры­лымына көзқарастың өзгере бастаға­нын көрсетеді. Біз қарқынды геологиялық барлау жүргізуге дайынбыз», – деп мәлім­деді Құрманғазы Исқазиев.
Осы мәлемдеменің дәлелі ретінде KIOGI-2013 конференциясы аясында ҚМГ мен «Шлюмберже Лоджелко Инк» халық­аралық сервис компаниясы арасында «Қаз­МұнайГаздың» жұмыс істеп тұрған ке­ніштерін бағалау және өндірісті оңтай­ландыру, барлау, пайдалану және өндіру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Атап айтқан­да, тараптар Ботақан, Қаражанбас, Сол­түс­тік Қотыртас (Молдабек, Шығыс Ма­қат, Шығыс Нұржан), Батыс (Прорва), Қа­мысты Оңтүстік-Батыс сияқты кен орын­дарында бірлескен бағалау жұмыстарын жүргізбекші. Сондай-ақ құжатта «Шлюм­берже» бөлімшелері мен оқу орталық­та­рында нақты тәжірибе жүзінде және іс­сапар­мен оқыту арқылы «ҚазМұнайГаз» ком­паниясы техникалық мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жағы да қарас­тырылған. Құрманғазы Исқазиевтің ай­туын­ша, бұл меморандум «ҚазМұнай­Газ­ға» геолого-технологиялық қызметпен бір­лесіп, өз әлеуетін тағы да бір бағалауға, бірлескен шараларды әзірлеуге және ең үздік әлемдік стандарттарға негізделген жаңалықтарды енгізуге мүмкіндік береді. «Бұл сапалы бұрғылауға, сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және ұңғымаларда сапалы геофизикалық зерттеу жүргізуге қатысты. Осының жиынтығы біздің кен ор­ындарында мұнайды тиімді өндіруге жағ­дай жасайды», – деді ол.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өткен жылы бе­кіт­кен өзінің 2022 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес, дәлелденген мұнай мен газ конденсаты қорын бүгінгі 823 млн тоннадан 1,4 млрд тоннаға арттыру негізі­нен құрлықтағы кен орындарын барлау есе­бінен жүзеге асатын болады. Даму стра­тегиясында ұлттық компанияның мұ­най­дан – құрлықтағы Үстірт, Темір, Байға­нин, Адай, Солтүстік Темір, Аңсаған және басқа блоктарда, газ бойынша – Қансу мен Жазғұрлыда геологиялық барлау жұ­мыс­тарын жүргізу жоспары белгіленген. Әлбетте, келешекте «ҚазМұнайГаздың» Кас­пий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі Жемчужина, СКП, Н блогы, Жамбыл, Сәт­баев және Шағала бөлігіндегі жобаларын жүзеге асыруға қатысуы және әрмен қарай Абай, Исатай, Жеңіс, Оқжетпес жобала­рын әзірлеуге атсалысуы да жоспарланған.
Теңіз бен Қарашығанақ мұнай-газ ке­ніш­терін ары қарай өңдеу жоспарына қа­тысты журналистердің сауалына ұлттық ком­пания басшысының орынбасары, шы­нында да, бұл мәселенің қарастырылып жат­қанын растады. Оның айтуынша, жу­ыр­да мемлекеттік органдар Теңіз кені­шіндегі кеңейтуге арналған 10 С жобасы­ның нұсқасын бекітіпті. Бұл жоба бүгінгі 26 млн тонна жылдық өндірісті 38 млн тон­наға дейін ұлғайтуды көздейді. «Қаз­Мұ­найГаз» ұсынған осы жоба Теңізде жаңа технологиялық құрылғылар мен желілерді орнатуға, жаңа ұңғымаларды бұрғылауға арналған. Құрманғазы Исқазиевтің ай­туын­ша, бұл кен орнындағы мұнай өндірісі келісімшарт міндеттемелерінде көрсетіл­месе де, 2033 жылдан ары қарай да өсе түседі. Келешек кеңейту және сонымен байланысты ұңғымадағы қысымды бас­қа­ру жобасының жалпы сомасы 23 млрд дол­лар деп бағаланған. Екеуі де 2018 жыл­дың ортасына қарай жүзеге асады. Осы кезге Каспий құбыр желісі консор­циумы (КҚЖ) жүйесінің өткізу қабілеті арт­тырылады. Айта кету керек, бұл құбыр желісі бүгінгі күні Теңіз мұнайының негізгі экспорттық бағыты болып табылады.
Өзге кен орны – Қарашығанақтағы әр­мен қарайғы өндірістің технологиялық схе­масы әлі бекітілген жоқ. Дегенмен оның болашақта жүзеге асырылуын жоққа шығаруға әсте болмайды. Бұл схема ке­ніш­тегі қорды қайта есептеу аяқталғаннан кейін белгіленеді. Алдын ала қарастырыл­ған үлгіде газ өндірісі көлемін ұлғайту жә­не сұйық көмірсутегі өндірісін тұрақтан­дыру міндеті белгіленген.
Каспийдегі Қашаған мұнай және газ кенішін өңдеу жобасына келсек (оған «Қаз­МұнайГаз» да қатысады), Қ.Исқа­зиев­тің айтуынша, мұндағы өндіріс құрыл­ғыдағы ақаулар жөнделгеннен кейін көп ұзамай қайта жанданады. Бұл кен орнында техникалық түйткілдердің туындауына бай­ланысты өндіріс уақытша тоқтатылған болатын. Алайда ұлттық холдинг өкілінің айтуынша, құрал-жабдықты жөндеу-іске қосумен байланысты жұмыс үдерісі қызу жүріп жатыр. Бұл – кез келген жаңадан іске қосылған өндірістік жобаға тән құбылыс.
Осы айдың өзінде Қашаған жобасының операторы бұл кен орнынан мұнай экспор­тын бастауды жоспарлап отыр. Бастапқыда Қашаған шикізат КҚК құбыр желісі арқылы жөнелтіледі. Ал өндіріс көлемі ұлғайғаннан кейін басқа да экспорт жүйелеріне жібе­ріледі.
Құрманғазы Исқазиев 2013 және 2014 жылғы өндіріс жоспарын нақтылаған жоқ. Тек бүгінгі күні өнеркәсіп алаңдарын­дағы құрылғыларда ауық-ауық орын ал­ған іркілістерге қарамастан, Қашағандағы өндіріс көлемінің еш өзгеріссіз қалатынын жеткізді. Жоспарға сәйкес, мұнда тәулігіне 40 мың баррель мұнай өндірілмек. Кейін тәуліктік өндіріс көлемі 90 мың, сосын 180 мың баррельге, тіпті 370 мың баррельге де­йін жеткізіледі. Осы өндіріс көлемі тәжі­рибелік-өнеркәсіптік өндірістің бастапқы кезеңінде біраз уақыт бойы сақталады.
«Біз қазір өз жоспарымызға түзету ен­гізіп жатырмыз. Құрылғыны жөндеуге бай­ланысты күрделі техникалық жұмыстар жүргізілуде. Алайда биылдың өзінде осын­да өндірілген мұнай экспортқа шыға­ды деген үміттеміз. Біз алдыңғы кезекке қауіпсіздікті қоямыз. Сондықтан бұл жұ­мыстар жалғаса береді», – деді Құрманға­зы Исқазиев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста