Қонақ үй бизнесін дамыту мамандарға тәуелді

Қонақ үй бизнесін дамыту мамандарға тәуелді

 Қонақжай халықпыз дейміз және соны ерекше мақтан тұтамыз. Сөйте тұра, елімзде ең кенжелеп дамып келе жатқан сала туризм, оның ішінде қонақ үй бизнесі.
Мегаполиске айналды деген Алматының өзінде қонақ үй саны жүзге жетер-жетпес. Ал 2003 жылы бар-жоғы 36 мейманхана жұмыс істеген екен. Ал, бес жұлдызды қонақүйлер жалпы көлемнің алты пайызын ғана құрайды.
Мамандар тапшылығы өз алдына бөлек әңгіме. Жоғары оқу орындарында туризм мамандығы оқытылғанымен де, қонақ үй бизнесін меңгерген білікті мамандар тым аз,-дейді «Қазақстан» қонақ үйі бас директорының орынбасары Сеймус Есин.
Аталған қонақ үй бүгінде мамандар даярлау мен олардың біліктілігін арттыруда өзіндік мектебін қалыптастырып үлгерген. Қызметшілердің басым көпшілігі жергілікті азаматтар болғандықтан да, қонақ үй бизнесінің қыр-сырын меңгерген соң жалақыны көбірек ұсынған басқа мейманханаларға тез ауысып кетеді екен.
Ал, жалпы қонақ үй бизнесін қолға алып дамыту үшін, ол маман ең алдымен ең төменгі сатыдан бастап үйренуі тиіс. Яғни, мейманға қызмет көрсетудің қыр-сырын өзі меңгеруі тиіс, сонда ғана ол бұл бизнесті жүргізе алатын менеджер ретінде қалыптасады, дейді «Қазақстан» қонақ үйі бас директорының орынбасары Шенол Йорганджи.
Сонау 1973 жылы іргесі қаланған әйгілі «Қазақстан» қонақ үйі төрт жұлдызды мейманхана болып саналады. «Риксос», «Хайат» секілді қонақ үйлер желісінің сапында болмағанымен де, еліміздегі қонақ үй бизнесінде қызмет көрсету сапасы жағынан көшбасшы саналады.
Мейманхана басшылары әлемдік мейманхана желілеріне қосылу жөнінде ұсыныстардың болғандығын айтады. Дегенмен, «Қазақстан» басшылығы қазірге бұл ұсыныстар жайында біржақты шешімге келмеген. Басты мақсат, «Қазақстан» брендіне адал болу.
Түркі әлемінде қонақ үй бизнесін жүргізу жағынан жетекші елге айналған Түркияда мейманхана саны мен қызмет көрсету сапасы және баға саясаты да жоғары деңгейде.
Бүгінде «Қазақстан» қонақ үйін басқаруды қолға алған түркиялық менеджерлер Сеймус Есин мен Шенол Йорганджи біздің елде де сондай көрсеткішке жету мүмкін екендігін айтады. Ол үшін алдымен білікті мамандар даярлау керек, қонақүйлер санын арттыру керек. Саяхатшылар саны аз бірақ мейманханалар саны көбейген сайын, қызмет көрсету сапасы артып, баға да төмендейді, бұл өз кезегінде ішкі туризмнің дамуына зор ықпал етеді,-дейді мамандар.
360 қонақ бөлмесі бар «Қазақстан» мейманханасында «стандарт» бөлмелер 25 мың теңгеден басталады, ал, «люкс» нөмірдің күндігі 60 мың теңге екен. Бүгінде қонақүй бөлмелеріне біртіндеп жөндеу жүмыстары жүргізіліп, жаңартылуда. Алайда, жөндеу аяқталғаннан кейін де баға сол күйінде қалады дейді басшылар.
Білікті мамандардың артуымен бірге қызмет көрсету құнын болашақта бұдан да төмендету көзделіп отыр. Ең қуантарлығы түрік ағайындар қонақ үй бизнесін дамытумен қатар мүмкіндігінше Қзақстан экономикасына үлес қосуды көздейді.
Мейманханаға қажетті жиһаз, кілемдер толығымен дерлік арнайы тапсырыспен Қазақстанда жасалған. Мақсатымыз «Қазақстан» деген брендке адал болу, мүмкіндігінше сол брендке сай болу,-дейді мейманхана менеджерлері.

Тәжірибелі мамандардан үйренеріміз көп. Болашақта өсемін, қызмет сатысымен жоғарылаймын деген жас мамандар да қонақ үй бизнесі жөнінде ойланғаны дұрыс секілді. Қанша дегенмен, отандық бизнесті өз еліміздің азаматтары дамытқаны жөн ғой.

 Риза Исаева

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста