Құлыбаев заңсыз иемденген 2 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Құлыбаев заңсыз иемденген 2 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Атырауда «Сұйылтылған мұнай газын сақтау паркі» (СМГСП) ЖШС екі миллиард теңгеден астам заңсыз табыс тапқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл компания Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі. Монополист сұйылтылған газға төрт жыл бойы негізсіз жоғары баға белгілеп келген.

 

«2017-2021 жылдар кезеңінде ЖШС басшылығы өзінің үстем жағдайын пайдалана отырып, сұйылтылған мұнай газын қабылдау, сақтау және тиеу қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгіледі және ұстады» деп хабарлады Қаржы мониторинг агентігінің баспасөз қызметі.

 

Құлыбаевтың компаниясы екі миллиард 81 миллион 659 мың теңгені заңсыз жолмен тапқан. Бұл ақша толығымен қайтарылды.

 

СМГСП не істейді?

 

Құлыбаевтың аталған компаниясы 2009 жылы құрылып, тіркелген. 2014 жылға дейін 100% акционері «Стандарт Газ» ЖШС жеке кәсіпорны болды. 2014 жылдың наурыз айында «Стандарт Газ» ЖШС Атырау мұнай өңдеу зауытының жарғылық капиталындағы 50% үлесін сатты.

 

«Сұйылтылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС жұмыс істеу схемасы өте қарапайым: кәсіпорын Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілген сұйылтылған газды ішкі нарыққа және экспортқа өткізеді.

 

Кәсіпорын бүкіл Атырау облысын газбен қамтуы тиіс болатын. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігі ай сайын бекітетін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйылтылған газ жеткізу жоспарында айтылған.

 

Серіктестік Құлыбаевтың қолына қалай түсті?

 

«Электрондық үкімет» порталының мәліметі бойынша, 2020 жылдан бері Атырау мұнай өңдеу зауыты «Сұйылтылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС құрамына кірмейді. Екі жыл бұрын СМГСП аукционда «Joint Technologies» ЖШС-не сатылған болатын.

 

Бұл ЖШС Тимур Құлыбаев пен Раушан Сағдиеваға тиесілі. «Joint Technologies» және «Кипрос» ЖШС арқылы Құлыбаев «QazaqGas» және «Автогаз Трейд» ЖШС республикалық жанар-жағармай құю стансалары желісінде, сондай-ақ «Нұртау» гольф-курортындағы үлеске ие.

 

Сондай-ақ, Joint Technologies «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ құрамындағы стратегиялық нысан болып табылатын «Алматы ЗТО» ЖШС-не берілді.

 

Құлыбаев компаниясына қатысты тергеу

 

«Сұйылтылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты қылмыстық істі тергеу Қанды қаңтар оқиғасынан кейін басталды. Тексеруге Қазақстанның отын қауымдастығының Қаржы мониторинг агентігіне берген өтініші себеп болған.

 

Orda.kz ақпарат көздерінен «Сұйылтылған мұнай газын сақтау паркі» компаниясынан Атырау мұнай өңдеу зауытын энергетика министрлігі өз балансына қайтарғысы келетіні туралы ақпарат бар. Бұл бастаманы сырттай Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қолдады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста