Құнды металл қорын іздейтін маман тапшы

Құнды металл қорын іздейтін маман тапшы

Бағалы бұйымға бай елміз. Әсіресе алтын өндіруде асығымыз алшы. Бүгінде елімізде түсті металл өндіретін «Жезқазғанцветмет», «Шалқия», «Текелі» сияқты өндіріс орындары бар. Сондай-ақ «Ақбақай», «Васильковзолото», «Алтынтау», «Майқайыңалтын» сияқты алтын өндіретін зауыттар бар. Мұнда өндірілетін алтын, платина, палладий, күмістердің денін экспорттаймыз. Бұдан басқа, елімізде алтын өндірумен ірілі-ұсақты 100-ге жуық компаниялар айналысады. Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданына қарасты Ақбақай кенті «алтынды ауыл» деп аталады.
Аты айтып тұрғандай, мұнда құнды металл шығаратын зауыт бар. «Алтын­алмас» кәсіпорны бүгінде өнім өндіру көлемін арттырып келеді. Алтын шыға­ратын фабриканы қайта жабдықтау және модернизациялау жобасының жалпы құны 100 миллион АҚШ долларынан асқан болатын. Ақбақай кластері шикізат база­сының алдын ала жобаланған 100 тоннаға дейінгі құнды металдарынан тұрады. Ай­мақта Ақбақай, Светинское, Бескемпір, Карьер­ное кен орындары бар. Алдағы уақытта компания Думан-Шуақ кен орын­дарының байлығын игеру құқын қолға алуға ұм­тылыс жасауда. Елімізде негізгі алтын кенішін қайта түлету келешекте жергілікті кен орындарының өнімділігін 10 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда кәсіпорын жаңа технология­ларды қолданып, алтын өндірудегі ең соңғы әлемдік әдістерді пайдаланады. Метал­лургиялық өнім дайындаудағы аса жоғары жетістіктерге жетті. Бұрын шы­ғарыл­­ған флотокон­центраттардың орнына ендігі кезекте сапасы Доре кесекті алтын шығару қолға алынды. Бұрындары алтын шығаратын зауыттардың қақпасы жабық болатын. БАҚ үшін. Қандай да бір мәлімет алу мүмкін емес-тін. Бүгінде атқарылған шаруаларын бұқарамен бөлісуге алтын өндірушілердің өздері құлықты. Сонымен мархабат...
«Алтыналмас» АҚ еліміздегі ең ірі алтын өндіруші компаниялардың көшбас­шысы болып табылады. 1991 жылы еліміз­де алтын қорын жасақтау және құрамында алтыны бар руда мен концентратты шикізатты өңдеу ісін қарқынды түрде жүргізу қолға алынғаны белгілі. Сол кездері түсті металлургияда қазақ ұлттық «Қазалмазалтын» консор­циумы құрылды. Аз уақыт аралығында қазақстандық бағалы шикізаттар ресейлік аффинажды өндіріс­тен кейін елімізге әкелінді. 1992 жылы мемлекеттік қорға 10 тонна алтын алынды. «Қазалмазалтын» консорциумы алтын қорды жасақтау жөніндегі тапсыр­маны толықтай орындады. Алтын өндіру, өңдеу саласында алдыңғы орынға шықты. Соның арқасында мемлекеттік қорға 13,7 тонна алтын қорын жасақтады. Ақбақай кен орны 1969 жылы ашылған. 1982 жылға дейін мұнда геологиялық барлау жұмыс­тары жүргізілді. Ақбақай кен орнында барлау жұмыстарының арқа­сында 13 кен орны табылды. Кейінгі жыл­дары мұнда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Кенді, Бескемпір кен орындарында да зерттеу жұмыстары қоса жүргізілуде. 1992 жылы Ақбақай кен-байыту фабрикасы іске қосылып, жылына 70 мың тонна кен өндіруге кірісті. Одан кейінгі жылдары жарақтандыру және қосымша құрал-жаб­дықтармен жаб­дықтаудың арқасында жылына 220 мың тонна кен өндіре бас­тады. Кен-байыту фабрикасының жобасын «Иналмазалтын» институты және «Каз­механобр» институты жасаған болатын. «Доре» зауыты 1995 жылдары салынды. Гравитациялық және флотациялық алтын­ды құрамы бар өнім бұрындары түсті металлургия өндіріс орындарына жөнел­тілетін. «Доре» зауытының салынуы Ақба­қай кен орнын тәуелділіктен құтқарды. Ол кездері түсті металлургиялық зауыттар флотоконцент­раттарды қабылдаудан мүлдем бас тартып жатқан болатын. 1996 жылы зауыт «Ақбақай» АҚ-ның қол астына өтті. Бұл өз кезегінде біртекті технологиялық желіде болуға көп көмегін тигізді. Кен өндіру мен алтын құйындысын қоса шы­ғару осылайша іске асты. Зауыт жобасын австралиялық Signet Engineering Pty Ltd компаниясы жасаған болатын. Бүгінде зауыт құрамында алтыны бар заттарды өңдеуді жетілдіріп келеді. Өткен жылы Ақбақай филиалы «Алтыналмас» АҚ-ның құрамына өтті. «Алтыналмастың» басты жобасы Ақбақай кен орнын қайта жарақ­тандыру және қайта жаңғырту болып табылады. Соның арқасында өнім өндіру көлемін бес есеге өсірді. Яғни жылына 1 миллион тоннаға жуық өнім өндіруді мақсат тұтып отыр. Гравитациялық-флота­циялық байыту бүгінде ескірген жүйе болып табылады. Оның орнын кенді тіке­лей цианирлеу қолға алынған. Жеткен жетістікпен қоса, күн түсуі тиіс көлеңкелі тұстары да жетерлік. Алтын шығаратын фабриканың екінші тынысын ашу үшін құрамында күшәла бар «Ақсақал» және «Кенже» кен орындарын жақсылап зерттеу қажеттігі туындап отыр. Ол үшін барлау жұ­мысында мықты тәжірибесі бар геолог мамандар тапшы. Жоғары оқу орнын бітірген жас мамандардың білімі де, тәжірибесі де жетпей жатады. Осы саланың жілігін шағып, майын ішетін маман тапшылығы қолбайлау болып отырғаны анық. Мұнда кен-байытудың BIOX техно­логиясын қолдану арқылы жоғары сапалы Доре құймасын алу қолға алынған. Ком­панияның басты жетістігі – еліміздегі ең ірі кен орны Ақбақайды игеру мен заманауи алтын өндіретін кәсіпорын қалыптас­тырғаны...
Бұрындары алтынды ауылдың арманы көп болатын. Жол жөнделмеген, әлеуметтік жағдай сын көтермейтін. Мұнда вахталық тәсілмен жұмыс істейтіндіктен бұл мәсе­лелерге көз жұма қарайтын. Бүгінде бұл мәселеге нүкте қойылды. Жол жөнделді. Оны күтіп ұстау да басты назарда тұр. Жарық жеткізілді. Сарыбұлақ-2 жерасты су көзінен 75 шақырымдық су жүйесі құбыры тартылды. Жұмысшыларға жағдай жасал­ған. Спортзалы, жатақханасы, медицина­лық бөлімшесі бар. Әлеуметтік экономика­лық тұрғын-үй коммуналдық мәселелерді шешу үшін компания «Ақбақай ауылының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін 2012-2015 жылдарға арналған» жобасын әзірлеп отыр. Бұл өз кезегінде ауыл ах­уалын жақсартуға оң ықпал етері сөзсіз. Мұнымен барлық мәселе оңтайлы шешімін тапты деуге болмас. Дегенмен құнды металл шығаратын өңірдің ахуалы біртіндеп жақсарып келеді. Бастысы – отандық өнім өндіруде алға ілгерілеушілік бар. Мақтаныш – осы.
Бақыт АЛТЕЕВ, өндіріс орнының техникалық бақылау бөлімінің жетекшісі:
 – Өндіріс орнындағы инженерлік-техникалық мамандардың мықты командасын жасақтадық. Жұмыстың жүйелі атқарылуына тигізер әсері мол. Барлау және кен орындарындағы қалдықтарды қайта өңдеудің тиімді жүйесі енгізілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста