Құпия агентіңіз бар ма?

Құпия агентіңіз бар ма?

Ресейлік абыройы келіскен қаржыгерлердің мәлімдеуінше, болашақта сауда секторындағы табысты еселеп көбейту үшін әрбір сауда саласына арнайы құпия агенттер енгізу қажет. Егер мұндай құпия агенттер аталмыш салаға бойлай енетін болса, өнім өтімділігі артады, бастысы – сол өнімді саудаға шығарушылардың арасында бәсекелестіктің көрігі қыза түспек.
Басқалардан бұрын бұл бастаманы ресейлік қаржыгер Герман Герф қолдап-қолпаштап отыр. Герман мырзаның пайым­дауынша, Ресейдегі атақ дәрежесі келіскен алып сауда үйлерінде құпия агенттердің болуы екі алақанды ысқылап тұрып табыс табуға итермелейді.
Жалпы, тарихына үңілсек, сауда агент­тері сонау ХVІІІ ғасырда-ақ жұмыс­та­рын белсенді атқарған деседі. Мәселен, сол ке­зең­дердің өзінде-ақ испанның атақты суретшісі Франсуа Аруэ өз өнімдерін өзге­лер­дің шыққан туындысымен алдын ала салыстыру мақсатында арнайы құпия агент­тер ұстапты. Бұдан соң бұл үрдісті ис­пан сауда үйлері өз әдістеріне салып қол­да­на бастаған. Испандықтар оларды «құ­пия сатып алушылар» деп те атапты.
Ал енді құпия агенттердің табиғатына үңілсек... Негізінен, Испанияда сауда агент­терінің құпия сатып алушылар деп аталуында үлкен астар бар. Бұл ретте сауда агенттері дүкендерді ақшасыз аралай жүріп, тек киім-кешектерді қарап, өлшеу үшін киіп көріп, матасының сапасын сұрас­ты­рып, «мынау тауар секілді, бірақ басқа түсті матамен болмаса түймесі басқасы бар ма?» деген тәрізді сұраулар салып, са­ты­лым­дағы өнімнің сапасын біледі. Әрине, олар осы ақпараттарды жинағаны үшін қо­мақ­ты жалақы да алады. Құпия агенттерге қойылатын басты талаптардың бірі – агент­тер­дің есте сақтау және көру қабілеті жо­ға­ры болуы керек. Бұдан кейін ол өзін тым қарапайым ұстауы қажет. Сондай-ақ мұн­дай агенттер көпшілікпен тез тіл табыса алуы тиіс. Былай қарағанда агент­тер­ге қойы­латын талап анағұрлым жоғары болып көрінбеуі де мүмкін. Бірақ сарап­шы­лардың айтуынша, олардың сауда сала­сын­дағы ықпалы зор. Бұл ретте эко­но­мист-сарапшы Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ бы­лай дейді:
 – Сауда саласында құпия агенттер ұстау Қытайда 90-жылдардың басында-ақ белсенді түрде белең алды. Қазір Қы­тай­дың белді-белді мемлекеттік ком­па­ния­ларында мұндай жасырын агенттер бар. Бұдан соң осындай агент­тер Украинада да бар­шылық. Ендігі кезекте Ресей құпиялы сатып алушы­лардың қызметін жетілдіре түспек. Жалпы, саудасынан табыс тауып, ша­р­уасын дөңгелетемін деген кәсіп иесі өз бәсекелестерінің ортасында «тың­шы­лық» үрдісін ұстауы – бұрыннан келе жатқан үрдіс. Мүмкін, мұндай агенттер қазақ саудасына араласа алмай жатқан шығар. Бірақ қазір­де осы әдіс-тәсілді ұстанатын дамушы ел­дер жетерлік. Әрине, әр кәсіпкер өзінің құ­пиясын екінің біріне аша бермейді. Негі­зінен, бизнес әлемінде өзара ашық пікір алмасу, бизнестік құпиясын тәжірибелік ор­таға салу деген – жабық тақырып. Сон­дық­тан болар, мұндай агенттерге қазір кәсіп­керлер зәру. Оларды дүкен­дерге болмаса өнім шығарушы зауыт-фаб­ри­ка­лар­ға жіберу арқылы кәсіп­кер­лер бәсе­ке­лес­терінің құпиясын біле алады. Ал құ­пия­сын біліп алған соң бәсекелесінің жұмыс жоспарына қарсы қимылдау оған қиынға соқпайды. Бұл кәсіпкердің капиталын қомақты ететіні рас.
Ал бұған қатысты отандық кәсіпкер Байбек ШЫМЫРБЕКОВ былай дейді:
– Кейбір адамдарға дүкендерді аралау бейнет боп көрінсе, басқаларға бұл еш­те­ңе­мен салыстыруға келмейтін ләззат болып табылады. Кейбір әйелдер ештеңе сатып алмаса да дүкен аралауды ұнатады, қай­сы­біреулер әдейілеп «стратегиялық нүк­телер бойынша» ақшасыз, тек киім-ке­шек­тер­ді қарап өтуді қатты ұнатады. Олардың ай­туынша, бұл өмірдің тонусын кө­тереді. Ал енді, расымен де, мұндай адамдар үшін ақша табудың жолы бар. Оның аты – «құпиялы сатып алушы». Сол құпиялы адам дүкендерге, бутиктерге, мейрам­ханаларға барып, ба­қылау сұрақтарын қою арқылы сатылымдағы өнім туралы ақпарат жи­найды. Әрине, ол үшін оған ақша төленеді. Мұндай агенттерге қазіргі заманда қойы­латын бірден-бір талап – сатушымен сөй­лес­кен әңгімені таспаға жазып алу. «Құ­пиялы сатып алушының» ең басты дәлелі ретінде аудиотаспа болып саналады. «Құ­пия­лы агенттердің көбісі ресейлік ком­па­ния­ларда баршылық және олардың кейбіреулері украиналық кәсіпо­рын­дармен де жұмыс істеуде.
Десек те, қайсыбір сарапшыларымыз «құпия агент» терминіне біздің сауда саласы әлі де жатырқай қарайтынын, қазақ кәсіпкерлеріне «агентің бар ма?» деп сауал тастасаң, олар үшін бұл бір «сатқындық нышаны» тәрізді көрінетінін де алға тартты. Ал айналып келгенде базбір кәсіп иелері агенттерді араластыру арқылы қалтасын қалыңдатып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Олар мұны бизнестің жазылмаған заң­ды­лы­ғы деп біледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста