Құртқа құм қосатын болдық па?

Құртқа құм қосатын болдық па?

Құрттың ұзақ жасауға септігі мол дейді білетіндер. Расында сиырдың сүтінен алынған айраннан жасалған құрттың бүгінде көпшіліктің жеңсік асына айналғаны рас. Сырасүйерлердің тіскебасарына айналған құрт үлкеннің де, кішінің де сүйсіне жейтіні бар. Ал осы құртты жасап шығаратындар ірі зауыттар емес, ауылдағы апа әжелеріміз. Қорасындағы азғана қарасынан құрт майын айырып отырғандар аз емес. Бұрынғыдай шелек-шелек сүт сатып алатын колхоз-совхоздар жоқ бүгінде.
Ағарғанға адал деп қарайтындар оны төгуді обал деп түсінеді. Оңтүстік облыстағы Төлеби ауданының тұрғыны Оңласын Аманбекова апамыз төрт сиырынан қап-қап құрт алып пайдасын көріп отыр. Базарға апарып өзі сатса біраз қор жинап алары анық еді. Базарда отыруға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан оны көтересіге сатып кетеді. Бір келісі 1 000 теңгенің айналасында. Кейде 600 теңгеге түсіп кететіні де бар. «Сеператордың өткен яғни, майынан айырылған құрттар тым аппақ дәмі онша болмайды. Бірақ алармандар қайсы жақсы құрт екенін ажырата алмайды. Сол себептен де құрттың бағасы түсіп кетеді» дейді Ұлдай апа. Ол кісі тек майынан да, маңызынан да айырылмаған айраннан алынған құрт жасайды. Дәмі тіл үйірердей тәтті-ақ. Құртқа құмарлар әсіресе мектеп оқушылары. Қалталарына баданадай-баданадай құртты салып алып, сабақ арасында сорып жүргендері. Мектеп маңына апарып сатса демде-ақ өтіп кетеді. Алайда кейде мектептің маңынан қуып тастайды екен. «Айналайындар-ау, чупа-чупс пен чипсиыңнан мың есе артық қой. Соны түсіндіре алмай қойдым» дейді апамыз. Жас балалар даналап алып-ақ құрттың саудасы жүргізеді... Күбі пісу қалып барады ғой, кей келіндер кір жуатын машинамен пісіп майын алады. Ол дұрыс емес деп санайды апамыз. Өзі күбіге пісіп, сары майын алады. Одан қалған піскен айранды қазанға құйып, сапырып отырып қайнатады. Суы мен маңызы бір бөлек айырылған соң, оны қалтаға құйып суын ағызады. Осы сары суды күркілдеп жөтеліп жүрген малға берсе тез айығады екен. Ал осы сары суды үнемі ішкен адам іштегі шлактың бәрінен айығатын көрінеді. Суы әбден ағып кеткен соң қалтаны тасқа бастырып әбден суын кетіріп алған соң ғана аз ғана тұз сеуіп, домалақтап өреге жаяды. Күн көзінде әдемілеп кепткен құртты жинап алуға болады. Ұлдай апаның есебінше бір келі сүзбеден 40 дана құрт жасауға болады екен. Оншақты келідей жиналған соң базарға апарып пұлдаса үй ішінің керек-жарағынан бөлек әжептеуір қор жиналып та қалады. Сүтті қалаға апарып сататын ауылдастарына одан да құрт жасаған пайдалы деп айтудан жалықпайды. Дегенмен жас келіндер оның бейнетінен қашатын көрінеді... Голландықтардың ірімшігі, түріктердің йогурты сияқты әлемдік асханада өзіндік лайық орнын ойып тұрып алуына болатын құрттың қадірін кетіріп жүргендейміз. Оған көңілге көлеңке түсіретін кейбір жәйттер дәлел. Бұрыннан келе жатқан құрттың жасалу технологиясы бұзылып, оның орнына заманауи құрталмастырғыштар шыққалы да біраз болды. Базардағы көтерме бағамен сатылатын құрт атаулы құртқа ұқсас дүние, әйтеуір «оригинал» емес. Ұзынқұлақтың айтуынша оның сапасын сырып қойып, санын көбейту үшін әк қосады-мыс. Тіпті ақтың обалынан қорықпайтындар тез кебуі үшін аздап азбест те қосатын көрінеді. Тек құрттың дәмін көру үшін тістеп көрсең үгітіліп тұр. Әйтеуір әктің ауылы алыс емес-ау дейсің. Жеңсік асқа құмартушылар оны көбіне таныстарынан, онда да ауылдағы ағайыннан алғысы келеді. Бір данасы 10-15 теңге тұрса, үлкендеулерін 20-30 теңгеден де саудалайды. Бүгінде бабымен жасалған нағыз құртты табу қиын. Сапасын емес санын көздегендер құртқа деген құмарлықты құртатыны рас. Құрттың химиялық құрамы мен калориясын зерттеген ғалымдар тың жаңалық ашқандай таң тамаша болып отыр. Шынында да ол анау-мынау дәруменіңізді он орап алады. Арнайы зауытта дайындалған сүзбеде ақуыз мөлшері 16 пайыз болса, құрттағы ақуыз мөлшері өте бай – 53 пайызды құрайды. 100 грамм сүзбенің қуаты 227 кк болса, құрттыкі 370,1. 100 грамм құртта 3 граммға жуық белок, 3,2 грамм кальций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар екен. 100 грамм құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория беріледі. Пайдасы өте көп. Ұлттық бренд болатын ұлттық тағамымыздың қадірін кетірмеу өз қолымызда, әрине.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста