Қырғыз кәсіпкері "Бешбармақтың" тез дайындалатын түрін шығарды

Қырғыз кәсіпкері "Бешбармақтың" тез дайындалатын түрін шығарды

Тез дайындалатын "Бешбармақ" кеспесін шығарушылардың бірі қырғызстандық Майрамбек Байышов Zanoza.kg порталына өнімнің пайда болуы туралы айтып берді.
"Бешбармақ" кеспесі Қырғызстанда 2015 жылдың қыркүйегінде сатылымға шығарылды. Бес минуттың ішінде бешбармақ дайындау идеясын Майрамбектің ағасы ойлап тапқан. Байышовтар отбасы жобаны жүзеге асыруға бір жылдан аса уақыт жұмсапты. Олар нағыз бешбармақтың дәмін сақтап, оны жарты жылдан аса уақыт бойы сақтауға болатындай етуді мақсат еткен. Кеспе сақталатын қорапта екі қалта бар: ет, пияз, тұз, қызыл және қара бұрыштың құрғақ қоспасы; тұз, бұрыш, майдан жасалған сорпа.
Майрамбектің айтуынша, өнімнің бағасы 40 сомнан жоғары тұрады. Ол кептірілген 8 грамм ет алу үшін 50-60 грамм жаңа сойылған малдың еті жұмсалатынын айтты. Бішкек маңында орналасқан "Бешбармақ" дайындалатын цехта бірнеше әйел таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Онда тұздық пен қоспаларды қалталауға арналған арнайы құрылғылар да орнатылған.
"Етті әдеттегідей қазанда қайнатамыз. Шикі кеспені серіктестерімізден алып, кейін оны қайнатып, қайта кептіреміз. Кеспені басынан бастап дайындайтындай құрылғыларға қолымыз жетеді деген үмітіміз бар", - деді Майрамбек.

(Түпнұсқадағы тақырып: Тез дайындалатын "Бешбармақ" кеспесі қалай пайда болды)
kaz.tengrinews.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста