Қытайдың шірімейтін көкөністері ағзамызды ірітіп жүрмесін

Қытайдың шірімейтін көкөністері ағзамызды ірітіп жүрмесін

Егер біз болашақта ас-ауқатымызды түзеп, денсаулығымызды жақсартқымыз келсе ең алдымен будан өнімдердің буда-буда проблемаларын сезінгеніміз жөн. Қазірде әлем халқының басым бөлігі гендік модификацияға түскен мұндай өнімдерді тұтынудан басын алып қашуда. Осыдан болар бүгінде әлем бойынша халал өнімдерді тұтынатын халықтың саны 3,5 млрдқа жеткен. Ғалымдар жыл сайын халал өнімдерді тұтыну үрдісі 30-40 пайызға өсім беріп отырғанын алға тартады.

Десек те ас-ауқатты будандастыру деңгейінің өсімі әлі де жоғары. Генетіктеріміздің нақты есебінше, қазір әлемде 2000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар. Олардың ішінде ең көп будандастырылатыны - қызанақ, соя, жүгері, арахис, бидай, картоп. Былайша айтқанда адамның ағзасына қажетті, халық ең көп тұтынатын азықтар. Ал мамандар мұндай өнімдерді шамадан тыс тұтыну ұлт денсаулығына қауіпті екенін жасырмайды.

Мейрам Қабдрахманұлы, сарапшы маман:
- Біз өзіміз «китайский» деп атап кеткен көкөністің ерекшелігі - бұл өнімдер суыққа үсімейді, ұзақ уақытқа дейін солмайды, құрт түспейді, шірімейді, өңін де бермей, түсін қанық күйде сақтайды. Былайша дәмсіз демесеңіз, сырттай бәрі жап-жақсы. Ал іші ше? Қазір Қытай осындай көкөністерін бізге көптеп өткізіп жатыр. Білесіздер, әлемдегі тамақ тапшылығын шешу үшін басын тасқа да, тауға да ұрған ғалымдар жоқтан бар жасап, трансген, гендік модификацияға ұшыраған тағамдар түрін ойлап тапты. 2 млрдқа жуық халықты асырау үшін мұндай өнімдерді тұтыну Қытайға таптырмайтын амал-айла еді. Қазір будан өнімді көп тұтынатын Қытайда аурудың неше атасы бар. Ал біз мұны сезінбестен, ойланбастан сол өнімдерді тұтынамыз. Меніңше, бізге отандық халал индустриясын дамутыға күш салу керек. Олай етпесек, бұл бізге төнген қауіптің ең зілдісі.

Жалпы, мамандар «гендік модификацияланған өнімді тұтынудың «жемісі» бір күннің ішінде білінбейтінін, ол адамзаттың бойында түрлі аурулар арқылы көрініп, ұзақ жылдар бойы сақтала келе адам генін өзгеріске ұшырататынын баса айтуда. Сондай-ақ табиғи өнімдерге қарағанда, бұлардың бағасы арзан болғандықтан бұл өнім түрінің нарықта тез таралатынын алға тартқан мамандар «ұлтымыздың саулығын ойласақ, будан өнімдерге болашақта барынша шектеу қойғанымыз абзал» деседі.

Аймара Тілеукеқызы, cарапшы – маман:
- Қазірде көптеген құс өсіруші кәсіпорындар сойылған тауықтың бас-сирақ, тұмсық-тұяқ, жүн-жұрқа, қалдық етін далаға төгіп тастамай, оны ұнтақтап, химиялық зат қосып, жем жасап тірі тауықтарға беретіні мәлім. Мұндай қандасының етін жеп үйренген тауықтар алда-жалда араларынан біреуі сәл жарақаттанып, қан шықса болды, жапа-тармағай жабыла кетіп, дереу жеп те қоюға бар. Осыған байланысты мал шаруашылығы саласын зерттеп жүрген ғалымдардың біразы «малға, құстарға, жалпы жануарларға тірі ағзаның гені будандастырылып дайындалған азықты беруге болмайды. Соңғы жылдары пайда болған мал ауруының көбеюіне себеп осыдан болуы да мүмкін» деп күмәнданады. Жасыратыны жоқ, модификацияланған өнімдер өндіріле бастағаннан бері әлемдік тұрғыда түрлі ауру-сырқаулар көбейе бастаған. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінен болатын аллергиялар да күрт өскен. Демек біз бұған алаңдауымыз керек.

Харам ас адамның мінез-құлқын бұзады
Негізінен, ас-ауқатқа қатысты көптеген жайттарды сауатты меңгерген елдер «харам ас адамның мінез-құлқын бұзатынын» айтып барынша дабыл қағуда. Отандық ғалымдарымыз да бұл бізге үлкен ескерту екенін де құлаққағыс жасап отыр.

Нұрбала Ескелдина, биолог-ғалым:
- Біз қазір көбінесе синтездеуден өткен, химиялық қоспалары көп тағамдармен ауқаттануға әуеспіз. Білесіздер, қазір біраз қауым рухани тазалықтан ада болып барады. Әйелдер арасында жасанды түсік жасату, адамдардың бір-біріне озбырлық жасауы, алауыздық көбейіп кетті. Міне, осының дені адамдардың харам аспен тамақтануына тікелей қатысты. Харам тамақты жеген адамның бойында қорқыныш болмайды. Харам тамақтың құрамындағы нәрсе адам ағзасына қоса сіңеді де, адамның мінез-құлқы бұзылады. Бұған қоса қазірде халал өнім деп саудаға шығарылған өнімдер мен тұтыну заттарының өзі сапасын тексеру барысынды жалған болып шығады. Сондықтан алдымен сапа стандартын қадағалауға, бақылауға мән берген жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста