Шағын кластер жасақтау агроөнімнің бабын келтірмек...

Шағын кластер жасақтау агроөнімнің бабын келтірмек...

Қазақстан, Ресей және Беларусьтің басын қосқан Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) 1 қаңтардан бастап күшіне енді. БЭК аумағында тауарлар, қызмет, капитал және еңбек күшінің еркін қозғалысын іске қосқан құжаттарға үш елдің мемлекет басшылары өткен жылдың желтоқсан айында қол қойған-тұғын. Интеграцияның ортақ бағыты БЭК-ке мүше елдердің өз экономикалық қызметін  кеңістіктегі кез келген елдің аумағында бірдей құқықтық шарттармен жүргізуге мүмкіндік беретін бірқатар келісімдермен белгіленді.
«Біз ауылшаруашылық өнімдері көле­мі­­нен ішкі қажеттілігімізді толық өтей ала­мыз және одан артылған өнімімізді экс­порт­қа шығарып отырмыз»... Нақ осылай деп мәлімдеген еліміздің ауыл шаруа­шы­лы­­ғы министрі Асылжан Мамытбеков: ке­ліп жеткен 2012 жылы отандық ауылша­руа­­­шылық өнімін өндірушілерге үлкен үміт артуға болатынын құлаққағыс жаса­ды...
Бұған қатысты өткен 2011 жылы еліміз­де астықтың бітік шыққанын, өнім өсіріп, одан мол өнім алуға қол жеткізу үшін елде жы­лыжайлар салынғанын; сондай-ақ астық тұқымын сақтау мақсатында арнайы қоймалар ашыла бастағанын, ауылша­руашылық өнімін өндірушілерге үкіметтік тараптан қалыпты жағдай жасалып отырғанын алға тартқан министр «ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі  2011 жылдың қаңтар-қараша айларында 27,3 пайызға өсім бергенін» баса айтты.
Бұл ретте Мамытбеков мырза «өндіру­шілер астық, ет, жұмыртқа, көкөніс секілді азық-түліктер өндіруде жоғары көрсеткішке жетті. Бірақ  кейбір құс еті, қысқы көкөніс секілді позициялар бізде әлі жетілмей отыр. Біз жұмысымызды жетілдіреміз» дегенді алға тартты.
... Сөйтіп, бидайдың бітік шығуы дас­тар­қанымызға береке әкеледі дескен ауыл шаруашылығы министрі өткен 2011 жылы біршама  ауылшаруашылық өнімдері – 1,7 пайызға,  соның ішінде астық өнімдері 13,8 пайызға дейін арзандағанын мысал етті.  (Кестеге зер салсақ)...

2011 жылғы сатылым бағасы арзандаған өнімдер
Қарақұмық            20,2 пайызға
Бидай                     19,4 пайызға
Сәбіз                      15, 9 пайыз
Қырыққабат       10,7 пайыз
Картоп                 8,5 пайызға
Қызылша              3,3 пайызға

1,5 пайызға арзандаған

Ал бұған қатысты пікір білдірген эко­номист-сарапшыларымыз егер болашақта тұтынушыларды арзан әрі бәсекеге қабі­лет­ті ауылшаруашылық өнімдерімен қам­тамасыз еткіміз келсе, «өндірістік фор­мула «шикізат-тауар» мәселесін жетіл­діруге одан әрі мән берген абзал» деседі. Бұл ретте экономист ғалым Атамұрат ШӘМЕНОВ былай деді:
– Келешекте арзан агроөнімге қол жеткізу үшін  ауыл және аудан көлемінде  шағын кластерлер жасақтаған жөн. Ол шағын кластер жергілікті жерлерде өн­ді­руге тиімді ауыл шаруашылығы ши­кі­затынан, тағам өндіру технологиясынан, сер­­вис­тік қызметтерден және тұты­нушы­ларға тиімді бағамен жеткізу саясатынан тұрады. Кластерді заңдық ұйымдастыру түрлері Азаматтық кодекске сәйкес ассо­циа­ция, өндірістік кооператив, ЖШС т.б. болуы мүмкін. Көрсеткіш егілген егіс пен мал саны емес, өндірілген тағам көлемі мен сапасы болып табылады, яғни шыға­рыл­ған тауармен бағаланады. Шағын клас­­терлер (микрокластерлер) арқылы  мемлекеттік тапсырыс беру, қаржыландыру  және несиелендіру ауыл шаруашы­лығындағы  шағын өндірістер мен сервистік қызметтердің  бірігуіне жол ашады. Міне, бұл да – тұтынушыны арзан өніммен қамтамасыз етудің бір жолы. Астығы бітік, шикізаты мол еліміз үшін осы іске кірісетін кезең әлдеқашан жетті...
Жалпы, мамандар «тұтынушылар ауыл­шаруашылық өнімдерінің арзан түріне қол жеткізу үшін азық-түлік қоймаларын, ірі логистикалық жылыжайлар салу үрдісін республикалық деңгейді жалғастыру қажет» деп отыр. Бұған қатысты экономист ғалым Аман ШОТАЕВ:
– Ауыл шаруашылығы  өндірісінде өзіндік индустрия қалыптастыру үшін жер­гілікті жерде өндірілетін азық-тү­лікпен әр отбасының және  ауыл, село, кент, аудан, қала, облыс тұрғындарының  өз-өздерін қамтамасыз етуі 80 пайыз болуы керек. Жалпы, ауылшаруашылық өні­мімен халықты қамтамасыз ету тамақ өнімдерінің он түрінің   тұтыну  деңгейімен бағаланады. Оған нан және жарма өнім­дері, ет және ет өнімдері, сүт және сүт  өнім­­дері, жұмыртқа,  май  және мал майы, жемістер, көкөністер, картоп, қант және кондитерлік  өнімдер жатады. Қазірде біз астық өнімдерімен халықты қамтамасыз етуде 67 пайыздық көрсет­кішке қол жеткізіп отырмыз. Елде астық­тың бітік өсуі осындай көрсеткішке қолы­мызды жеткізді. Соңғы екі жылда көкөніс өнімдерімен де халықтың тұтыну көлемі едәуір өсті. Бұл мақсатта елде 20-ға тарта ірі жылыжай салынып, олар өз өнімде­рімен халықты қамтамасыз ете бастады. Болашақта да осындай нарық­тық тетік­терді пайдалана отырып, агроөнімдердің әлеуетін арттыра берген абзал. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің қымбаттамауына кепіл болатын баста­малар, – деді...

Түйін
Негізінен, мамандар Қазақ елінің ауылшаруашылық өнімдері рес­публика халқының сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдік саудаға шығуға потенциалы бар екенін, ал біз осы мүмкіндікті әлі  дұрыс пайдалана алмай отырғанымызды жасырмайды. «Егер халықаралық тәжірибені оңтайлы пайдалана алсақ, өзге дамыған елдердің ауылды мемлекет тарапынан қолдау және агробизнесті ұтымды ұйымдастыру жақтарын алуға тырыссақ, біз алдымен өз өнімдеріміздің арасында өзара бәсекеге қабілеттілік тудыруымыз керек. Соған жағдай жасауымыз қажет. Ол үшін ауылдың кәсіпкерлік қабілетін арттыруға күш жұмылдырғанымыз абзал. Осылай еткенде ғана агроөнімдеріміздің бабы келісіп, халық сапалы әрі арзан өнімге қарық болады» деседі сарапшылар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста