Сейф бұзғыштар қайда жүр?

Сейф бұзғыштар қайда жүр?

Қолының ебі бар, кез-келген құлпыңды «шашып» тастайтын сейф ашушылар бүгінде сирек кәсіп иелеріне айналғаны рас. Сейфтің «сырын» білетін кәсіби мамандардың дені көбіне криминалдық әлеммен байланысып, теріс жолға түсіп кетіп жатады. Сол себепті де олардың тілімен «медвежатниктер» деп атайды. Кез-келген уақытта пәтеріңіздің кілті сынып, құлпыңыз қисайып қалуы мүмкін. Миллиондаған ақша салынған сейфіңіз ашылмай қалуы мүмкін. Ондай жағдайда әлбетте «медвежатниктердің» көмегіне жүгінуіңізге тура келеді.
Сондықтан да өте қажетті мамандыққа айналып отыр. Бүгінде елімізде кілт жасаушылар мен құлып ашушыларды арнайы оқытпайды. Осының арқасында нан тауып жүргендердің дені «самоучкалар». Яғни «сиқырлы саусақтарының» арқасында сейфтің сырын біліп, құлыптың құпиясын ашу кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Әлемде ELG атты ұйым бар. Оған қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген 30 ғана адам мүше бола алады. Олар жыл сайын бас қосып құлыпты қалай бұзудың жаңа ережелерінен тәжірибе алмасып отырады. Қолы «алтындары» тіпті алюминді фольга, қағаз, силикон, изолентамен де құлыпты аша береді. Рентген сәулесін шашатын сейфтер де бар. Кезінде АҚШ барлау қызметінің тапсырысы бойынша өнертапқыш Гарри Миллер рентген сәулелерін жарамсыздандыратын қорғасын шарлары бар құлып ойлап тапқан. Сондай-ақ, Кеңес одағының барлау қызметкерлері қазіргі заманауи құрылғыларыдан да озықтарын жасап шығарған. Кәсіби құлып бұзушылардың қолынан келмейтіні жоқ. Олар аша алмайтын бірде бір құлып жоқ деуге болады. Бүгінде мемлекеттік мекемелерге қойылған құлыптарды ашуға кейде бір секунд қажет болса, ал кейбірін ашуға бақандай төрт сағат уақыт кетеді екен. Құлпы құлттанып қалғандардың дені кілт жасаушылардың қызметіне жүгінеді. Алайда олардың дені құлыптың құпиясын аша алмайды. Ал, автокөліктің құлпын ашу қымбат қызметтің бірі. Әрі табысы мол сала саналады. Алайда осы іспен арнайы айналысатын заңды фирмалар жоқтың қасы деуге болады...
Ресейде «медвежатниктер» үлкен құрметке ие. Негізі криминалдық әлеммен байланыспай, нанын адалдап тауып жейтін сейф ашқыштардың да өз артықшылықтары бар. Ресейлік Денис Цебров бүгінде үлкен сұранысқа ие маманның бірі. Оны «үлкен медвежатник» деп атайды. Ағылшын тілінен «locksmith» оның аудармасы құлып пен кузнец болып шығады. Денистің айтуынша әр құлыптың өзіндік тілі болады. Соны таба білу керек. Олар физика заңдары бойынша жұмыс істейді. Кельнде немістер «Лексус» көлігіне құлып орнатады да, оны өздері де пайдалана алмайды. Денис «Егер осыны ашып берсем маған сыйлайсыңдар ма» дегенде олар келіседі. Сөйтіп сыйлыққа кенеліпті....
Құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста болады. Олар туралы мәлімет құпия сақталынады. Әрі жария етілмейтін мәіметтердің қатарында. Егер банк тоналып, сейф ұрланса оларды әлбетте органға шақырып тексеріп тұрады. Қолы епсектілері тіпті инемен да аша береді. Керамикалық магнитті пайдаланатындары да бар. Елімізде құлып ашушыларды коммерциялық мақсатта оқыту заңға қайшы келеді. Ал, батыс мемлекеттерінде оларды арнайы фирмаларда оқытады. Сертификат береді. Келешекте жеке кәсіп ашып, ісін дөңгелетуге де даңғыл жол ашық... Шетелде форумдар, көрмелер өтіп тұрады. Онда құрылғылармен, соңғы технологиямен танысады. Онда құлыпшылардың ассоциациясы бар... Ал біздегілерді өмірдің өзі оқытады. «Самоучкалар» тістілеу келеді. «Ұрылар иерархиясында» да медвежатниктер өте жоғары бағаланады. Кілт жасаушылар осы мамандықтың бір тармағы болып саналады. Олардың айтуынша бүгінде механикалық кілт деген ұғым жоқ. Бәрі де электроника, чип, қашықтықтан басқарылады. Ірі қалаларда «Кілт жасаушылар қауымдастығы» бар. Бүгінде электронды бақылау көз қабықшасын қоятын құрылғылар да бар. Бұл қиял ғажайып емес. Сондай-ақ осындай тағы да саусақ таңбалары сканерленген бақылау жүйелері бар. Онымен барлық есіктің құлпын ашуға болады. Сейф ашушыларды көбіне криминалдық топтар араларына тартуға талпынады. Ресейде есік қоюмен, құлып ашумен арнайы айналысатын лицензиясы бар фирмалар бар. Бізде де осындай заңды фирмалардың қызметіне жүгінгісі келетіндер болғанымен, өкінішке орай ол мүмкін емес. 30-80 жылдарда кәсiби қылмысқа жататын «медвежатниктер» КСРО-да патшалықтың қалдығы ретiнде толық жойылды деп есептелдi. Алайда бұл шындық емес. Қайта ең қажетті мамандық болғандықтан оны «гүлдендіріп», өрістетушілер қай заманда да болды. Бүгінде дәл осы кәсіп иелерінің қызметіне сұраныс артып отыр. Қылмыстық әлем үшін емес, қайта қарапайым ғана тұрмыстағы құлыпты, сейфті ашуға, автокөліктің құлпы құлттанып қалғанда керек етеді. Ал, маман дайындау мәселесі кейінге шегеріліп келеді. Оны тіпті заңды түрде қолға алуды ойлап жатқан жан да кем. Тек сейфіңіз құлттанып қалмасын деңіз....

Дерек-керек
Ресейде пәтер құлпын ашу 2 мың рубль тұрады. Орташа құнды көліктің ашылуы 50 долларға дейін барады. Тіпті қымбат көліктердің ашылмай бірнеше сағатқа созылса онда сағаты 65 тен 100 долларға секіреді. Англия мен Германияда кілттің көшірмесін мекеме басшысы мен полицияның келісімінсіз жасауға қатаң тиым салынады. Көптеген өркениетті елдерде бұл кәсіппен арнайы білімі бар, сотталмаған, полицияның сүзгісінен өткен адамдар ғана айналыса алады. Цилиндрлі құлыпты ашуға 7 ден 60 секундқа дейін уақыт кетеді. Слесарлы құрылғымен 20 дан 90 минут кетеді.
Робот- «медвежатник»
Масачусет технологиялық институтында кодты құлыптарды бұзатын робот жасап шығарды. Ашылуы қиын құлыпты негізінен ФБР пайдаланады. Оны үнемі ауыстырып тұрады. Робот соны ашумен айналысады. Құрастырушылар миллионнан бір комбинацияны таңдап алған. «Өлі аймаққа» қалай кіру керектігін де естен шығармаған. Робот брутфорс әдісін қолданады. Яғни әртүрлі нұсқаларды пайдаланады. Сейф бұзушы робот ноутбук арқылы басқарылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста