Шетел валютасына сұраныс төмендеді

Шетел валютасына сұраныс төмендеді

 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда айырбастау пункттерінде қазақстандықтар арасында танымал АҚШ доллары, еуро және Ресей рублінің таза сатылымы 2,4 трлн теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4 пайызға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ranking.kz порталының мәліметінше, айырбастау пункттеріндегі шетел валютасын таза сатылымының 1,8 трлн теңгеден астамы АҚШ долларын құрады. Ал 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда сатылым көлемі 10,1 пайызға төмендеді. Одан кейін сатылым көлемі 7,4 пайызға, 301,9 млрд теңгеге дейін төмендеген еуро тұр. Ресей рублінің таза сатылымы бірден 2,7 есе, 281 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Өңірлер бойынша айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сатылымының жартысынан астамы тек екі мегаполистің үлесіне тиесілі: Алматы мен Шымкент. Бұл ретте Алматыда таза сатылым көлемі бір жылда 35,5 пайызға өсіп, 712,1 млрд теңгені құраса, Шымкентте керісінше 2 есеге жуық азайып, 297,2 млрд теңге болды.

Айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сату көлемі Астана (103,5 млрд теңге), Атырау (102,2 млрд теңге) және Маңғыстау (101,9 млрд теңге) облыстарында да айтарлықтай жоғары.

Айырбастау пункттерінде еуроның таза сатылымының жартысынан көбі үш мегаполистің үлесіне тиді: Алматы (96,7 млрд теңге), Астана (41,3 млрд теңге) және Шымкент (34,4 млрд теңге). 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында еуроға айтарлықтай сұраныс Батыс Қазақстан облысында байқалды. Оның сатылымы 27,3 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 3,3 есе көп.

ҚазАқпарат.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста