Шетелден келетін көліктің біразы жеңілдетілген рәсімге үлгермеуі мүмкін

Шетелден келетін көліктің біразы жеңілдетілген рәсімге үлгермеуі мүмкін

1 шілдеден бастап Кеден одағы кеңістігінде кедендік бақылау алынып, бірқатар жаңа ережелер күшіне енетіні белгілі. Сол күні шетелден әкелінетін көліктерге жеңілдік ставкасы да жойылады. Санаулы күн ішінде мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келетіндер саны күрт артып, кеден маңында көлік мәселесінің көрігі қызып жатыр. Соған орай, кеше Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен бастаған бірқатар жауапты тұлғалар арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Қазір кеденшілер үшін нөмірі бірінші мә­селе – жеке тұлғалардың шетелден әкелетін кө­ліктерін шапшаң рәсімдеу болып тұр. Шека­ра­ға жеткен қазақстандық автокөліктерді жеңілдетіп құжаттау жолға қойылды дегенімен, арғы бет пен бергі беттегі жағдай оңай­лаған емес. 1 шілдеге дейін кіргізіп үлгерту үшін кеденшілер де бар күшін салып-ақ жатыр. Мәселен, көлік көп келетін кедендік өңірлерде жедел штабтар құрылған. Онда күн сайын қазақстандықтардың кеден арқылы көлік алып өтуінде туындаған мәселелер қаралады. «Кедендік рәсімдеуді шапшаңдату мақсатында Кедендік бақылаудың барлық департаменттері бойынша 35 кедендік бекет құрылды. Сонымен қатар қазақстандықтар әкеліп жатқан авто­көліктерді декларациялау жұмысы тәулік бойына дамыл көрмейді. Ал жаңағы 35 кеден бекетінің тізімін Кедендік бақылау комитетінің порталынан қарауға болады», – дейді ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен. Комитет өкілінің айтуынша, автокөлік құралдарының аса көп жинақталған орындарына Орталық аппаратының өкілдері жіберілген. Осы өкілдер жағдайды жергілікті жерден бақылап, қажет болса, шапшаң шешім шығарады. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірлігі мен Грузиядан теңіз жолымен Маңғыстауға келетін автокө­ліктерді кеме бортында-ақ рәсімдеу туралы шешімдер қа­был­даныпты. Өткізу мүмкіндігі шектеулі портта мұндай көлік нөпірі бұған дейін болмағанын да ескерген кеденшілер қосымша қызмет­кер­лерді жолдаған. Дегенмен кеденшілер көлікке қатысты кедергілердің ішін­де тасымалдаушы­лар­дың кесірінен туатын проблемаларды да алға тартады. «Шеттен көлік тасымалдай­тын­дардың салақтығынан біршама проблема туып тұр. Кейбір автокөлік тасымалдаушылары те­мір тұлпардың «тағ­дырына» атүсті қарайтын тә­різ­ді. Мәселен, күн сайын көліктің үсті-үстіне қо­сылып жатқанына қарамастан, 60-70 көлік Маң­ғыстау облы­сын­дағы портта әлі күнге қаң­тарылып тұр. Құжат бойынша иесі бар. Бірақ оны әкетуге әлі ешкім келмеді. Біздің ойымызша, әлгі көліктердің шекара асып, теңіз арқылы Қазақстанға жеткендігінен оның иелері хабарсыз-ау. Әйтпесе онсыз да абыр-сабыр болып тұр­ған портта қосымша проблемалар тудыр­ға­ны несі? Сондықтан да Маңғыстауда қаңта­рыл­ған көліктер туралы мәліметті де Кедендік ба­қылау комитетінің порталына орналастыр­дық. Теңіз жолымен келетін көлікті күткендер бол­са, «темір тұлпарын» танып, әкетсе екен. Сол үшін комитеттің порталында автокөлік­тер­дің vin-кодтары мен иелерінің аты-жөндері жа­зылатын болады», – деді Игорь Тен. Осылай­ша кеден қақпасына жөңкіген көліктерді шап­шаң рәсімдеуге кеденшілер соңғы күнге дейін бел шеше кіріспек. Жаңағыдай Ақтау портынан бөлек, теміржолдар немесе автожолдармен елге кіретін көліктерді тура шекарада тұрып-ақ жеңілдетілген жолмен рәсімдеу 30 маусым күні жарым түнге дейін жүзеге асады.
Әйтсе де санаулы күн ішінде жеңілдік рә­сімімен елге кіріп үлгермейтін автокөліктердің болатынын кеденшілер жоққа шығармайды.
«Шілденің 1-і күні нақты қанша көліктің ше­кара сыртында қалатыны туралы болжам жоқ. Дегенмен біздің азаматтар, елшіліктер кон­сулдықтар арқылы көлікті уақытында жет­кізу­ге қол ұшын беруді сұрап жатқан көрінеді. Бұл да – біздің шекарадағы кеденде туындаған мәселе емес, басқа шетелде орын алған дүние. Мәселен, мұхит асып, сонау Америкадан Қы­тай арқылы келетін автокөліктер қиындыққа ұшы­рады. Өткен сәуірде-ақ Тынық мұхиты ар­қылы Лос-Анджелестен Қытайға, сосын Қа­зақ­станға 100 контейнер мәшине келуі тиіс еді. Әйткенмен Қытайға жеткенше тасымалдаушы болып табылатын қытайлық көлік компаниясы банкротқа ұшырапты. Сөйтіп, қазақстан­дық­тардың иелігіндегі барлық контейнер Шанхай маңындағы портқа түсіріліп тасталған. Негізі, осы көлік контейнерлері Циндао портына дейін жеткізіліп, сол жерден теміржол көлігі арқылы Достық кеден бекетіне келуі шарт еді. Алайда сәуір айынан бері жарты жолда қалған авто­көліктерді иелері әлі елге жеткізе алмай отыр», – дейді Игорь Тен. Оның айтуынша, Қа­зақ­станның елшілігі араласқан соң, контей­нер­дің бір бөлігі көлік таситын арнайы автокөлікке тиеліп, қазір Достық шекарасына жақындап қал­ған. Ол жерге жетсе болды, дереу рәсімнен өткі­зіледі. Ал қалған 44 контейнерді жергілікті қы­тай билігі Циндао портына қарай бағыттап жі­бер­ген көрінеді. Міне, дәл осы көліктер же­ңілдетілген ставканың соңғы сәтіне дейін жете алмауы мүмкін. Өйткені Шанхай мен Циндао портының арасы тым қашық әрі ол порттан кейін контейнерлер жүк вагондарына тиеліп жүретін жолы тағы да баршылық. Сөз соңында Кеден өкілі 1 шілдеден кешіккендерге еш же­ңіл­дік жасалмайтынын, ал сол күннен бастап кедендік ставка 40 пайызға артатынын мәлім­деді. «Сондықтан соңғы секундқа дейін үлгер­ту­ге тырысып, 30 маусым күні түнгі сағат 24-те жеңілдік ставканың аяқталатынын еске салғы­мыз келеді. Қазіргі қарбалас та соған қатысты», – дейді Кеденді бақылау комитеті төрағасының орын­басары Игорь Тен.
Кеденнің шығыс қақпасында да жүк көліктері қаңтарылып тұр
Жақында Қазақстан мен Қытай арасындағы Кеден ісі саласындағы ынтымақтастық бойынша шекара маңы Кеден бекеттері басшыла­рының кезектен тыс отырысы өткен. Төтенше басқосуда тараптар Қазақстан – Қытай шекара­сындағы қаңтарылған көліктер кептелісінің проблемаларын сөз еткенге ұқсайды. Бұл ретте Қытай тарапы кеденнің өз аумағында мыңға тарта жүк көліктерінің кептеліп, тұрып қалған­да­р­ын алға тартыпты. Оның ішінде 289 жүк мәшинесі қытайлық тараптың кедендік рәсім­деуінен өтіп, Қытай кеденінің жинақталу ау­мағына жетіп тоқтаған. Ары қарай еш қозғал­майды. Қазақстан кеденшілерінің өзі көліктің қаңтарылуына қатысты нақты себепті ашып айта алмайды.
«Бұған дейін «Қорғас» бекетінде орын алған жағдайлар бойынша тәртіптің қатай­тылғаны бар. Бәлкім, содан ба екен, жүк экспедиторлары өздерінің рәсімде­рінің дұрыс болмағанынан қорқақтайтын секілді. Олар ше­караның арғы бетінде тұр. Біз оларды қа­былдап алуға дайынбыз. Осы тұр­ғыдан ойла­сақ, шынымен, олардың құжат­та­рында проб­ле­малар бар сияқты», – дейді Игорь Тен.
Осыған байланысты өткен кездесуде қазақстандық тарап қытайлық әріптестеріне шекара арқылы жолаушы автобустары мен жүктерінің өту кестесін бекітуді сұрапты. Оның ішінде жолаушы мен жүк тиеген ав­то­бустардың өту уақытын екіжақты құжатта көр­сету қажеттігі де ескертілген. Алматы қа­ласы және Алматы облысының Кедендік ба­қы­лау департаменті қытайлық рәсімнен өткен 289 жүк көлігін қабылдауға әзірлігін танытып қана қоймай, шамаға қарай күн сайын Қытайдан шығатын 200 бірлікке де­йін­гі жүк көлігін «Қорғас» кедендік бекеті ар­қылы өткізуге әзірлігін айтқан. «Жалпы, «Қор­ғас» кедендік бекетінде 7 күндік әм 12 сағат­тық жұмыс кестесін әрі қарай жал­ғас­ты­ра түсуге де қытайлық әріптестермен уағ­да­­ласқанбыз. Бұл – елдердің тауар айналымына оң әсер етеді. Ал бүгінгі жиын өтіп жатқан дәл қазіргі уақытта да Кеден бекеттері басшыла­ры­ның келіссөздері өтуде. Онда да Қорғастың Қы­тай жағында жинақталған жүк көліктерін тез­детіп өткізу мәселелері талқы­ланып жатыр», – деп мәлімдеді комитет төрағасының орынбасары.

Дерек:
Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанға жеңілдетілген ставкамен 110 мың шетелдік көлік әкелінген. Ал же­ңіл­детілген ставка жүзеге асқан былтырғы 2010 жылғы шілденің 1-інен бастап есептесек, олар­дың саны 159 мың көлікті құрайды. Соңғы мау­сым айының 1-і мен 26-сы аралығында ғана осындай жолмен келген көліктер саны 30 мың­ды құраған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста