Шикізаттық емес тауар экспорты қолдауды қажет етеді

Шикізаттық емес тауар экспорты қолдауды қажет етеді

Жалпы, тауардың қандай түрін болсын экспортқа шығару оңай жұмыс емес. Кез келген экспорттық тауар барған елінің шекарасынан аттай салысымен, бірінші кезекте әлгі мемлекеттің өз экономикасын қорғау мақсатындағы тарифтік саясаты тосқан кедергілерін еңсеруі керек. Одан кейін ішкі нарықтағы бәсекеге түсіп, тұтынушының қалауын табуы тиіс. Ал мұның бәрі іс жүзінде қомақты қаражатты қажет ететіндіктен, оған отандық өнім өндірушілердің, әсіресе шикізаттық емес тауар шығаратын кәсіпорындардың шамалары жете бермейді.

Ал шамасы жеткен күнде әлгіндей шығыстардан кейін тауар құны өсіп, сыртқы нарықтағы бәсекеге шыдамайды. Осыны ескерген мемлекет біраздан бері шикізаттық емес тауарлар экспорттайтын кәсіпорындарымызды қолдау тетіктерін іске қосқан болатын. Бұл саясатты, негізінен, КазNEX INVEST экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ы мен «Экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ жүргізіп келеді.
Кеше мәлім болғанындай, ел Үкіметі КазNEX INVEST компаниясы арқылы биыл еліміздің шикізаттық емес тауар экспорттаушыларын қолдаудың жаңа тетігін жасап жатыр екен. «Экспорттық грант түріндегі мұндай қолдау тауар экс­порттаушылардың шетелде тауарларын тір­кеу, сертификаттау, брендинг, сау­да өкілдіктерін ашу, веб-сайт әзірлеу және ұстап тұру секілді өнімнің сыртқы ры­ноктағы бағын ашатын іс-шараларға кететін шығыстарын жабуды көздейді», – деді Астанада өткен семинарда аталған компанияның басқарушы директоры Жә­лил Болатов. Оның айтуынша, бұл бағ­дарлама осы жылдың аяғына дейін іске қосылады.

Қазақстанды бірінші орынға шығарған тауар – ұн
Сыртқы нарыққа экспортталатын ши­кі­заттық емес тауарларымыздың басым бөлігі ауылшаруашылық өндірісіне тиесілі. Бұл ретте, әлбетте, бірінші орында ұн экспортын айтамыз. Ұн отандық экспорттық өнімдердің ғана көшін бастап қоймай, тұтастай Қазақстанды әлемдегі ұн экспорты бойынша бірінші орынға шығарған өтімді тауар болып тұр. Ендігі міндет – әлемдік нарықтағы осы орнымызды одан әрі нықтай түсу үшін ұн экспортының географиясын да кеңіте түсу қажет.
Ұннан кейінгі кезекте азық-түлік, соның ішінде ұлттық кондитерлік өнімдер, машина жасау, мұнай-газ өнеркәсібіндегі машина жасау саласының өнімдері бар. Тіпті жекелеген елдерге отандық дәрі-дәрмек өндірісінің өнімдері, фито-препараттар жеткізіліп тұрады. Қазір сондай-ақ ауылшаруашылық машина жабдықтарын Ресейдің солтүстік аймақтарына жеткізу бағытында да жұмыстар жүріп жатқан көрінеді.

Ұннан бірінші болғанымызбен, қалған тауардың үлесі мардымсыз
Қазақстанның шикізаттық емес тауар­ларының дені, негізінен, ТМД, со­дан кейін Орталық Азияның кей елдері мен Еуропа­ның бірді-екілі мемлекеттеріне экспортталады. Алайда осы елдерге жеткізілетін өнімдердің бәрі жиылып келіп, жалпы экспорттық өнімде­ріміздің құрылымында болмашы ғана үлеске ие. Мысалы, 2010 жылдың бірін­ші жар­ты­жылдығындағы кедендік статистика экспорттың құрамындағы шикі­заттықемес тауарлар небәрі 28 пайыз ғана болғанын көрсетіп отыр. Бұл ретте шикізаттық емес экспорттың құрамында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарларының үлесі – 12,8 пайыз, ма­шина және жабдықтар, көліктік құрал­дар, құрылғылар мен аспаптар – 4 пайыз, химиялық өнеркәсіп өнімдері 19,3 пайыз­ды құраған.
Ал КазNEX INVEST өкілі экспорттық тауарын сыртқы нарықта ілгерілетуге жәр­демдесуді сұраған барлық кәсіп­орындарға есіктері ашық екенін айтады. «Бүгінге дейін КазNEX INVEST экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттіктің қызметіне 200-ден астам отандық компания жүгінді. Біз осы отандық 200 компанияға шамамен 400-ден астам әлеуетті импорттаушылар тауып қойдық. Қазір олардың біразы өзара келісімшарттар жасап үлгерсе, бірқатары келіссөздер жүргізіп жатыр. Ал біздің шикізаттық емес тауарлар экспортын ілгерілету үшін көрсететін қызметіміз қайтарымсыз негізде жасалады», – дейді Жәлил Жеңісұлы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста