Су жаңа «Алатау» Мәскеуге жол тартты

Су жаңа «Алатау» Мәскеуге жол тартты

Осы уақытқа дейін еліміздегі теміржол вагондарының сапасына қатысты сыни пікірлердің жиі айтылып келгені жасырын емес. Тіпті денсаулық сақтау мекемелері жолаушыларға арналған кейбір пойыз вагондарының адам денсаулығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп дабыл қаққан болатын. Аталған мәселелерді ескерген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты «Жолаушылар тасымалы» АҚ бүгінде барлық пойыз құрамдарын жаңарту жұмыстарын қолға алып отыр. Қыркүйектің 10-ы күні құрамы толық жаңартылған «Алматы-Мәскеу» бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызы жолға шықты.

Жолаушылар пойызының бұл құра­ма­сы отандық кәсіпорындарда қай­та жөндеуден өткен. Ресей мен Қазақ­станның қос мегаполисін жалғастыратын халықаралық теміржол көлігі «Алатау» деп аталады. Оның жалпы құрамы 14 вагоннан тұрады. Жөндеу жұмыстары кезінде вагондардың ішкі құрылысымен қатар сыртқы келбетіне де ерекше мән берілген. Бұл вагондардың бұрынғылардан бір өзгешелігі қазақтың көгілдір түсті бай­ра­ғын көзге елестетеді. Көгілдір түспен боял­ған вагондардың жиектері мен белдеулеріне сары түспен қазақтың ұлттық оюы жүргізілген. Көзге ерекше көрінетін вагондарды, расында да, Алатау бөктерінен жол тартып, жүйткіп бара жатқан қазақтың заманауи тұлпары дерсіз. «Қазақстан темір жолы» компаниясының мамандарының ай­туынша, вагондардың іші жолаушылар­ға жайлы болуы үшін терезелерге сыртқы шудан қорғайтын пластика орнатылды. Жатын және купе вагонындағы ескі перделер ролл-перделермен алмастырылған. Сөрелер былғарыға тең сапалы материалмен қапталыпты. Әр купе осындай қолайлылығымен ерекшеленеді – мұнда ыңғайлы диван, радио мен теледидар да бар. Түрлі ойын үстелдері, шағын кітапхана, тігін және тазалық жинақтары үш күндік жолды қысқарту үшін таптырмайтын ермек. Жолаушылар газет-журналдардың жаңа сандарын да оқи алады. «Алатаудың» арнайы вагоны, купесі, плацкарты мен мейрамханасы бар. Енді Алматы-Мәскеу бағыты бойынша аптасына төрт құрам қатынайды. Мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін қосымша тағы үш жаңартылған құрам іске қосылмақ. Айта кету керек, ағымдағы жылдың маусым айында «Астана – Мәскеу» бағытына №71/72 «Қазақстан» пойызының жаңа құрамы іске қосылған болатын.


Асқар Шүкірбеков, «Жолаушылар тасымалы» АҚ аймақтық директоры:
– Бізде вагон­дар­ды жөндеумен айна­лыса­тын жұмыс паркі бар. Ар­на­йы бағдар­лама бо­­йын­ша бар­лық по­й­ыз құрамда­ры күр­де­лі жөн­деу­ден өте­тін бола­ды. Бұл вагондар­дың жү­ріп жат­қанына би­ыл
28 жыл бо­лыпты. Күр­делі жөн­деу­ден өт­кеннен кейін мұнда енді жолау­шылар жол жүргенде еркін тынығатын болады. Жаңартылған пойыз вагондарында жолаушыларға барлық жағдай қа­растырылған. Теледидар, сейф, ой­ын үстелдері және басқа да қажетті құ­рал-жабдықтар бар.

Наталья Бахрева, жолаушы:
– Мен бұрын Мәскеуге мұндай жайлы вагондарға мініп барамын деп ойламап едім. Енді, міне, өте ыңғайлы жағдайда жол жүріп барамын. Бұл вагондарда барлығы қарастырыл­ған. Теледидар, жұмсақ төсек, үстел, тіпті жерге төселген кілемдеріне де дейін түгел жаңартылған. Мұндай ва­гон­дармен жолаушылар екі жақ­қа алаң­сыз қатынай алады деп ойлай­мын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста