Сүтті коктейль – ең қауіпті сусын
Америкалық ғалымдар әлемдегі алкогольсіз сусындардың ішіндегі ең қауіптісін анықтады. Ағзаға қаупі жөнінен сүтті коктейльдер газдалған сусындардан асып түседі екен.
Бұл туралы Utro.ru хабарлайды. Мамандардың мәліметінше, сүт коктейльдерінің құрамындағы қант пен май көлемі адам тұтынатын тәуліктік нормадан әлдеқайда көп. Оның үстіне, қазіргі жастар оны гамбургерлермен, фри картобымен бірге ішіп, ағзаға айтарлықтай зиян келтіріп жатыр. Сарапшылар бұл жағынан оны, тіпті, есірткімен де теңестіреді. «Біз семіздіктің алдын алу мақсатында көп зерттеу жүргізіп, қанты көп сусындардың адамды өзіне тәуелді ететінін анықтадық. Сүтті коктейльдер – соның мысалы», – дейді зерттеуші Эрик Стайс. Алкоголі жоқ болғанымен қаупі күшті сусындардың қатарына әдеттегідей газды және энергетикалық тәттісулар да еніп отыр.
(Сурет fotokanal.com сайтынан)