Табиғи газдан тапшылық болмайды

Табиғи газдан тапшылық болмайды

Жамбыл облысында ірі газ кен орны бар. Соған қарап бүкіл облыс та­биғи газбен қамтылған десеңіз, қателесеріңіз анық. Дей тұрғанмен, түк­пір-түкпірдегі ауылдардың бәрін түгелдей табиғи газбен қамту мәселесі күн тәртібінде тұр. Сол себептен де бұл мәселе біртіндеп шешімін тауып ке­леді. Газдың игілігін көріп отырған ауылдар аз емес. Ал мұндай игіліктен ада ауылдар амалдың жоқтығынан балтаның көмегіне көбірек жүгініп, са­йын даладағы сексеуіл біткенге жаудай тиеді. 2018 жылға дейін облыс ау­мағындағы сексеуіл отауға тыйым салынған. Соған орай сексеуіл алап­тарына аттап басқан адамды ату жазасына бұйырмаса да, соған жетеқабыл жазаға тартады.
Мәселен, биылғы жылы сексеуіл үшін сот­талып кеткендер жетерлік. Міне, мәсе­ле­нің бір ұшы арнайы жазаға барып тіре­ле­ді. Егер барлық ауыл, аудан газбен қам­тыл­са, мұндай мәселе туындамасы анық еді. Облыс аумағындағы Сарысу шөгінді алабының Мойынқұм ойысындағы газ кен орны 1974 жылы сейсмобарлаумен іздес­ті­ру барысында белгілі болған-тын. 1975 жы­­лы газ бұрқағы атқылап, ірі газ кен орны ашылды. Сол жылдардағы барлау-зерттеу жұ­мыстарының нәтижесінде мұндағы кен ор­нында метан – 67,25-86,2, этан – 4,52-10,53, пропан – 2,86-5,2, изобутан – 0,42-0,57, н-бутан 0,82-0,95, 30 г/м3 де­­­йінгі мөлшерде конденсат бар екендігі анық­­талды. Ірі кен орны 2003 жылдан бас­тап игеріле бастады. Амангелді газ кен орын­дарында бұрғылау, көмірсутегі ши­кі­зат­тарын өндіру, жинақтау, дайындау, өңдеу және тасымалдаудың технологиялық үр­дістері үздіксіз атқарылып келеді. «Аман­гелдігаз» ЖШС-нің қоршаған орта­ны лас­та­уына алаулы шырақ қондыр­ғы­сынан шы­ғарылатын зиянды заттардың әсер етуі өте жоғары деңгейде» деп кезінде дау кө­те­ріл­ген болатын. Бүгінде ең соңғы за­манауи тех­нологияның арқасында қор­ша­ған ортаға қауіп төндіретіндей қатер жоқ. Бұл соны технологияның арқасында мүм­кін болып отыр.
«Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорнында ұң­ғы­­маларды бұрғылау мен барлау жұ­мыс­та­ры газ және газ конденсаттары кен орын­да­рын игеру, көмірсутегі шикізаттарын өн­діру, өңдеу, тасымалдау және пайдалану жұ­мыстары жүргізіледі. Газ өндірісін жедел да­мыту мақсатында 2003 жылдан бастап 17 ұңғыма пайдалануға беріліп, газ, газ кон­денсатын өндіру көлемі жылдан-жылға ар­тып келеді. Алдағы уақытта Шу-Сарысу ой­паты аумағындағы Айрақты, Анабай, Жар­құм, Кемпіртөбе, Батыс Үшарал және Солтүстік Үшарал газ, газ конденсаты, инертті көмірсутегі кен орындарын игеру жоспарланып отыр. Бүгінде «Амангелдігаз» кен орнында өндіріс толық автомат­тан­ды­рылған, барлығы компьютердендірілген. Мұнда жұмыс істейтіндердің барлығы да жергілікті мамандар. Олардың білік­ті­лік­терін арттыру да бүгінгі күннің басты та­ла­бы болып отыр. Мамандар алыс та жақын ше­телдерде білімдерін жетілдіріп отырады. Қазіргі таңда кен орнында аккредиттелген хи­миялық зертхана бар. Газдың құрамы мен конденсатын тексеруге арналған за­ма­науи құрылғы жұмыс істейді. Амангелді кен орны сумен және электрмен автономды жү­йесінде жұмыс істейді. Кен орнынан өн­ді­рілген газ «КС-5» магистральды газ құ­бы­ры арқылы Тараз қаласына жеткізіледі. Бү­гінгі таңда «Қазтрансгаз» АҚ мен «Аман­гел­дігаз» ЖШС-і газ конденсатын бірге Аман­гелді газ өңдеу зауытында өңдейді. 2009 жылдан бері УПГ-4,38 маркалы газ өн­діріле бастады. Шырақты алаулы газды өң­деу мен утилизациялау жүргізіледі. Со­ның арқасында ол айнала қоршаған ортаға қауіп төндірмейді.
Амангелді кен орны облыс орталығынан 190 шақырым қашықтықта, Мойынқұм жә­не Талас аудандарының аумағында ор­на­ласқан. Кен орны мен облыс орталығын жал­ғайтын үлкен жол салынған. Ол жол Ақ­көл, Ойық, Ұланбел ауылдарының орта­лы­ғынан өтеді. Осы аумақтағы ауылдардың барлығы да табиғи газдың игілігін көріп отыр. «Амангелдігаз» ЖШС-і – Жамбыл об­лысындағы барлау, өндіру, өңдеумен ай­налысатын жалғыз кәсіпорын. Осы уа­қыт­қа дейін 3 миллиард текше метр газ өн­дірді. Биылғы жылдың өзінде ғана 321 мил­лион 200 текше метр табиғи газ өн­ді­руді жоспарлап отыр. Сондай-ақ 20 500 тон­на газды конденсат өндірмек. Қазірше Аман­гелдінің 26 ұңғымасы бар, тағы біреуі бұр­ғылану үстінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста