Тараздық етіктерге сұраныс мол

Тараздық етіктерге сұраныс мол

Отандық өнім өндіруге келгенде кімді де болса қолынан қағып, аяғынан тартып отырған ешкім жоқ. Made in Kazakstan деп маңдайы жарқырап тұрса, әрине, мақтанышымыз. Сапасы мықты өнімге қай жерде де сұраныс мол. Бұл жағынан алғанда, «ТаразКожОбувь» ЖШС қамшы салдырмайды. Тақыр жерге тау тұрғызғандай ештеңе жоқ. Бұл кәсіпорынның тарихы сонау кеңестік кезеңде жатыр.
Іргетасы 1961 жылы қаланған «Жам­был тері комбинаты» КСРО-дағы тері аяқ­киім саласындағы ірі өндіріс ошағы бола­тын. Аты алысқа кеткен кәсіпорын кезін­де нарықтың алпауыт көмейіне жұтылып кете жаздағаны да бар. «Жамбыл тері комби­натының» бір артықшылығы – ши­кі­затты шеттен тасымай, тек өзіне қажетті барлық өнімді өндіретін. 1995 жылдан бастап оның өнім өндіруі төмендеп кетті. Эконо­микалық дағдарысқа бай­ла­нысты тоқы­рауға ұшырады. 1996 жылы «Же­ңіл өнеркәсіп және ағаш өңдеу өн­дірісіне мем­­­­­­­ле­­­кет­тік қолдау» туралы үкі­мет­тің қаулысына сай реестрге енгізілген болатын. Осыған орай «КазКредСоцбанк» АҚ несие беруі тиіс болатын. Алайда ол орындалған жоқ. 1997 жылы кәсіпорын­ның 80 пайыз ак­циясын «Иран ұлттық индус­триялық компаниясы» сатып алды. Алайда кәсіп­орынды қайта түлету үшін Иран тарапынан ешқандай да қолдау жасалған жоқ. 1998 жылдан бастап өндіріс ошағын қайта тү­лету жұмыстары қолға алына бастады. Бірақ одан да ештеңе шықпады. Ақыры алып кәсіпорын 2000 жылы бан­крот деп жарияланды. 2001 жылы саудаға шыға­рылды. Содан оны «Астық – Сервис» ЖШС сатып алды. Қайта түлеу осы кезден бастал­ды десе де болады. 2002 жылы «Астық – Сервис» ЖШС «Тараз­КожОбувь» ЖШС-і болып атауы өзгеріп, қайта құ­рылды. 67 500 шаршы метрді алып жатқан алып өндіріс орнында 700-ден астам техникалық құрал-жабдығы бар. Зауытта тері илейтін цех, майы бояғыш цехы жұмыс істейді. Аяқ­киім фабрикасында жұ­мысшыларға ар­налған арнайы етік, хром­ды ерлер және балалар аяқкиімін тігеді. Бұл өндіріс орнының материалдық-техни­ка­лық база­сы бір-бірімен сабақтасып жатыр. Теріні терең өңдеп қана қоймай, қал­дықсыз өнім шығарады. Мұнда ірі қараның терісінен мықты да төзімді аяқ­киімдер тігіледі. Бір артықшылығы – шикі­заттың бәрі де өзінде дайындалады. Қоны­шын да, табанын да өздері тігеді. Шикізатты алыстан іздемейді, малдың терісін ауыл­дағы ағайын өздері-ақ әкеліп береді. Өз мамандары жуады, тұздайды, өңдейді, илейді, бояйды. Тек технология ғана ше­тел­­дікі демесең, қалған керекті шикі­заттың бәрі қол астында. 2009 жылы германиялық «ДЕСМА» компа­ния­сының құрал-жабдық­тарымен қайта жа­рақ­тандырылды. Алын­ған агрегаттар аяқ­киімдердің өкшесін жа­сап шығарады. Сондай-ақ сол жылы ита­­лия­­лық «Мос­кони», «Рицци», «Картигльяно», «Джи­матто», «Карлесси» атты құрал-жабдық­тармен толықты. Соның арқасында теріге арналған химиялық сұйықтықтар шыға­рыла бастады. Ол терінің сапасын артты­рып қана қоймай, өндіріс орнының кең қанат жаюына да ықпалын тигізді.
Шетелдік құрал-жабдықтарда дайын­далған өндірістің аяқкиімге су сіңірмейтін қасиеті бар. Терінің қалыңдау болуына ықпал етеді. Зертханалық зерттеулерден өткізілгенде мұндай аяқкиімдер жеті сағат бойы су кешіп жүрсе де, ішіне ылғал өткіз­бейді. Керемет емес пе? Заманауи аяқ­киім сәнді ғана емес, сондай-ақ ың­ғайлы, санитарлық-гигиеналық талап­тар­ға сай, өкшеге өте ыңғайлы болуы тиіс. Тараз­дық етіктер бұл талаптардың бар­лығына да жауап береді. Іргелі кәсіпорын заман көші­нен тыс қалмауды қадағалап отырады. Жаңа техноло­гияларды енгізу, маман­дардың білімін жетілдіру – басты талап­тардың бірі. Австрия, Чехия, Италиядан әкелінген жаңа технологиялармен жаб­дық­талған өндірісте әскерилерге, қор­ғаныс саласына, күзет және құтқару қызметін­дегілерге, өндіріс орындағыларға арналған арнайы аяқкиімдер шығарады. Австриялық «LIM» фирмасының құрал­дары аяқкиімнің үстіңгі қабаты мен өкшесін қосып тігуге мүмкіндік береді. Мұндай аяқкиімдер са­палы, жеңіл болуы­мен қоса, жанармай, сондай-ақ түрлі май­ларды сіңірмейді. Барлық тауар­лар сертификатталған. Мұнда шығарылған аяқ­киімдер жоғары тем­пературалы, яғни металлургия және химия саласында жұмыс істейтіндерге таптыр­майды. Әс­керилер мен қорғаныс саласын­дағы­ларға арналған аяқкиімдердің артық­шылығы аязда сіресіп қатып, қақырап кетпейтін теріден тігілген. 70 градус суық пен 250 градус ыс­тыққа дейін шыдамды. Кәсіп­орын жылына 600 мың аяқкиім шыға­рады. Өз зертханасы бар. Онда тәжірибелі модель­ерлер стан­дарт­қа сай кез келген тапсырыс берушінің тал­ғамына сай аяқкиімнің үлгісін жасап шыға­рады. Тері бұйымдары цехы Италия, Чехия, Юго­славияның құрал-жаб­дық­тарымен жарақталған. Мұнда ірі қара мен ұсақ малдың терісін өңдейді. Жылына мұнда 500 мың шаршы метр хромды жар­тылай өнім, 45 миллион шаршы метр хромды тері, 30 миллион шаршы метр юфтелі тері, 300 тонна жартылай өңделген тері мен 20 миллион шаршы метр аяқ­киімнің астына тігетін былғары жасап шы­ға­рады. Экологиялық қауіпсіздік те назар­дан тыс қалмаған. Қалдықтарды қайта өңдеу үшін локальды-тазалау құралдары орналасқан 6,45 гектар жері бар. Қоршаған ортаға әсері бар шайынды суларды биоло­гиялық тазалау үшін фильтрацияға жібе­ріледі. «Тараз­КожОбувь» ЖШС-нің негізгі тапсырыс берушілері «Қазақстан темiр­жолы» ұлттық компаниясы, «ҚазМұнайГаз» ҰК, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қор­ғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы, ірі құрылыс ком­паниялары мен мұнай-газ саласындағы ірі өндіріс орындары, «Мал өнiмдерi кор­порациясы» АҚ. Сондай-ақ алыс-жақын шетелдердегі тері бұйымдарын қажет ететін өндіріс орындары сұранысты артты­рып отыр. Аяқкиімнің астына, қонышына арналған былғарылар, белдік, қолғапқа арналған тері, киімге, жиһаздарға арнал­ған өнімдер де шығарады.
Бақытхан Теңізбаев, «ТаразКожОбувь» ЖШС-нің директоры:
– Шығарған өнімдерімізді елі­міздегі кәсіпорындар алады. Сұ­раныс көп. Алдағы уақытта тек арнайы тапсырыспен ғана жұмыс істеп қана қоймай, көпшілікке арналған аяқ­киімдер тігуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін арнайы цех ашуды көздеп отыр­мыз.

Отандық өнім өндіріп отырған кәсіп­орынның жетістігі жемісті, ертеңгі күні кемелді болары анық. «Қазақстанда жа­сал­ған» деген тауарлық брендтің атын шы­ғару үшін отандық өндіріс орын­дарымыз тер төгіп жатыр. Тек ниет болса болғаны ғой. Ниет болса, ниетпен бірге сұраныс болса, іс өрге басады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста