Тәтті нарығы қашан тәтті болады?

Тәтті нарығы қашан тәтті болады?

Елімізде кондитерлік өнім өндіретін ірі кәсіпорындар баршылық. Олардың ішінде алдымен ауызға ілігетіні – «Рахат», «Баян сұлу», «Қарағанды кондитер фабрикасы». Бүгінде олар Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерін тәтті өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Сондай-ақ жыл сайын Ресейге 60 мың тоннадан астам кондитерлік өнім жөнелтеді. Бастысы – қалың ормандай Қытай халқы біздің тәттілерімізге құмарта бастады.

«Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар кәмпиттер Қытай дүкендерінің сөрелеріне жайғаса бастағанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан, елімізде украиналық және ресейлік кәмпиттердің өтімі күшті. Нарықты толықтай жаулап алған деуге негіз бар. Бұл өз кезегінде отандық өндірісшілердің аяғына тұсау болары сөзсіз. Осы уақытқа дейін импортқа баж салығы салынғаннан кейін, сырттан келетін тәттілер бағасы 28 пайызға, ал отандық өнімдер 8 пайызға қымбаттаған. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын ішкі нарықтағы қазақстандық өнім 54,62 пайызды құраса, ол биыл 5 пайызға қысқарған. Экспорт түгілі, бүгінде ішкі нарықтың өзінде бәсеке күшті. Украиндық өнімдерді айтпағанның өзінде, оған түрік тәттілері қосылды. Оған қоса, өзбекстандық арзан тәттілер де дес бермей тұр. Елімізде өндіріліп жатқан тәттілердің тек 10 пайызы ғана сыртқа тасымалданады. Қалған 90 пайызы ішкі нарыққа салынады.

Қазақстандықтардың тәттіге құмарлығын жіті зерттей білген украиндықтар сұранысқа ие тәттілерді молынан тасымалдауда. Тіпті енді олар елімізге арнап, қазақша атаулы кәмпит түрлерін өндіре бастады. «Жұлдызды кеш», «Жасыл бақ» атты кәмпиттер бүгінде үлкен сұранысқа ие. Алайда жуырда ресейлік «Кондитер өнімдері» журналына берген сұхбатында «Укрметтестстандарт» институтының басшысы В.Семенович бірқатар кемшіліктердің бетін ашып берді. «Украиналық өнімдерге жүргізілген тексеру нәтижесінде, трансизомерлердің құрамы 30-40 пайызға артып кеткенін көрсетті. Трансизомер май қышқылдары өмір сүруге қабілетті көптеген клеткалардың жойылуына сеп болады. Жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкологиялық дерттердің ұлғаюына әкеп соқтырады» деген болатын. Жасырары жоқ, дағдарыс кезеңінде өз өнімдерінің өтімділігін арттыру үшін украиналық және ресейлік кондитерлер тәтті алмастырғыштар, эквиваленттер мен консерванттарды көптеп қолданатын болды. Кәмпиттің қорабындағы жазу мен құрамы сәйкес келе бермейді. Тіпті тәтті өндірісінде алмастырғыштар мен эквиваленттердің дәуірі туып келеді десе де болады. Шоколадтарға қосылатын какао майын арзан гидрогенизделген өсімдік майлары мен кондитер майларымен алмастыруға болады екен. Көптеген ароматизаторлар мен эссенциялар тәттіге алдамшы иіс береді. Табиғи сүт пен сары майдың орнына шикізат нарығы түрлі қоспалар мен спрейлерді ұсынады. Табиғи өнімдер бағасының қымбаттығы өнім өндірушілерді арзан алмастырғыштарға ұрынуға мәжбүр етуде. Соның салдарынан сақталу мерзімі өтіп кеткен кәмпит фабрикадан жаңа шыққандай болып көрінеді. Оның себебі консерванттардың көптеп қосылуынан. Гидрогенизделген майлардың өнімге көп қосылуы денсаулыққа аса қауіпті трансизомерлердің көбеюіне әкеп соқтырады. Алайда оған мән беріп жатқан адам аз.

Тәтті нарығындағы соғыс
ТМД аумағындағы елдердің ішінде Украина мен Ресей тәтті нарығында отандық өнімдерін сыртқы импорт тауарлардан қорғану шарасын жиі пайдаланып тұрады. Мәселен, 1997 жылы қорғану шараларын қабылдаған болатын. Нәтижесі мол болды. Өндірісін дамытып, шетелдік нарықтарды жаулауға мүмкіндік алды. Ресей де кондитерлік өнімдердің импортына үш рет қарсы шара қолданды. Өз кезегінде Украина, Молдова мен Белоруссия кондитерлеріне қарсы «майдан» ашқан болатын. Міне, соның арқасында бүгіндері аталған елдердің ішкі нарығы өзінің отандық кәсіпорындарының өнімдерімен қамтылған, ал ондағы импорт өнімнің үлесі мардымсыз. Біздің елімізде кондитерлер бірқатар тәтті өнім түрлері импортына енгізілген уақытша қорғану шарасын ұзартуды сұрайды. Төрт жыл ішінде қазақстандық кондитерлік индустрия өндірісі төмендеуде, ал импорт көлемі, керісінше, өсу үстінде. Тәтті соғысын жариялап тұру біз үшін де аса қажет. Алайда бізде «Ішкі нарықты импорт тауарлардан қорғау шаралары туралы» Заңды әлі де жетілдіре түсу керек сияқты.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста