Теңгенің дизайнын өзгерте беру кімге керек?

Теңгенің дизайнын өзгерте беру кімге керек?

Еліміздегі соңғы өзгертілген номиналы - 1000 теңгелік банкноттың дизайны заңсыз болып шықты. Қазір айналымда 1000 теңгеліктің екі нұсқасы жүр. Бұған дейін үшінші нұсқасы да қолданыста жүріп айналымнан бірте бірте шыққан еді. 2000 теңгелік банкноттың да бірнеше нұсқасы қолданыста қатар жүріп, кейінірек уақыт өте алынып тасталған болатын. Жасыратыны жоқ теңгенің дизайнын жиі өзгертеміз. О баста 1 теңгеден, жүздік, кейін мыңдықтарға дейін қазақтан шыққан ғұламалардың бейнесі мақтанышымыз еді. 100 теңгемізбен емес, жүз теңгенің бетіндегі Абылайдай ханымызды мақтаныш етуші едік.
Көп ұзамай сол мақтаныштарымыз, қазақтың тарихынан сыр шертетін, ғұламалар мен хандарымыздың бейнелері арқылы ерекшеленген қазақы теңгеміз айналымнан шығып, орнын түрлі түсті, бояуы мол номиналдар баса бастады. Жыл сайын бірнеше мәрте ауысқан бедерлерден еліміздің картасы , Астана қаласының ғимараттары да көрініс таба бастады. Құрманғазы, Абай, Сүйінбай, Әбілхайыр, Абылай хан, әл–Фараби бабамыз салынған теңгелер көзден бұл-бұл ұшты. Тіпті бір кездері теңгенің бетінен өрескел қателіктер де кетті. Алайда жауаптылар бар кінәні «техникалық ақауларға» жапты. Орыс тіліндегі нұсқасы емес, тек қазақ тіліндегі сөзге келгенде ақауы білінген техникаға ренжи де алмадық. Оның сыртында 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттардың дизайны 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар дизайны ішінара өзгертілген болатын.
Енді жақында өткен жылы халықаралық банкнот қауымдастығы «2013 жылдың ең үздік банкноты» номинациясы бойынша жеңімпаз деп таныған 1000 теңгеліктің Түркі жазбасына арналған «Күлтегін» ескерткіші бедерленген банкноты заңсыз деп танылып отыр. Соңғы кездері теңгенің дизайны Қазақстандағы кез келген жиынға, спорттық шараларға да қатысты өзгертіліп отырғаны белгілі. Расында да теңгені жиі өзгеріске ұшыратып жіберген жоқпыз ба? Сол жиі жиі өзгеріске ұшыратудың салдарынан біресе дизайынан, біресе жазуынан қателікке ұрынып отырған жоқпыз ба?!
Бұл банкноттың дизайнын Қазақстан қаржылық қызметін дамытудың ұлттық қорының төрағасы Михаил Кленчин «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленбеген. Жарлыққа сәйкес, банкнот пен монетада дизайнның бекітілген жылы мен монетаның соғылған жылын көрсету міндетті элемент болып есептеледі» - дейді. Кленчиннің айтуынша, номиналы 1000 теңгелік банкноттың міндетті элементсіз, яғни банкнот дизайнының бекітілген уақыты көрсетілмей, Мемлекет басшысының жарлығындағы талаптар бұзылған күйі шығарылуы ережені өрескел бұзғандық және дизайнның заңсыз жасалғандығын көрсетеді екен.
Заңсыз деп танылып отырған номиналы 1000 теңгелік түркі жазбасына арналған «Күлтегін» ескерткіш банкноттары 10 миллион данамен, жалпы сомасы 10 миллиард теңгемен тараған. 2013 жылы 12 желтоқсанда айналымға түскен, Қайрат Келімбетовтің қолы тұрған банкнот осылайша дау тудырып отыр.
Мамандар «теңгені қайта қайта өзгеріске ұшыратуға дүние жүзінде валютаны қолдан жасау технологиясының жылдамдықпен дамуы себеп болып отыр. Бүгінгі нарықта неше түрлі бояуда, ақша жасайтын қағаздар жетіп артылады. Соған тосқауыл қою мақсатында теңгенің дизайны жаңартылды. Ең бастысы оның қорғанысы соңғы технологиялардың үздік жетістіктері арқылы жетілдірілді. Қолданыстағы ақша да, жаңа ақша да 12 ай бойы қатар қолданылады. Ал келесі 12 айда қолыңыздағы ескі банкноттарды екінші деңгейлі банктерде ауыстыра аласыз. Одан кейінгі 10 жыл ішінде оны Ұлттық банктің кез-келген филиалында айырбастып алуыңызға болады. Ауыстыру кезінде азаматтардан ешқандай пайыздар ұсталынбайды» дейді. Жалпы барлық мемлекеттерде ақшаның дизайны жаңа талаптарға сай 6-7 жылда ауыстырылып тұрады екен. Алайда біздің елімізде банкноттар осы межелі уақытқа да жетпестен өзгертіліп жатыр. Жалған ақшалар да елімізде жиі жасалады екен.
Осы орайда айта кетер жайт теңгенің алғашқы авторларының бірі Хайролла Ғабжалилов теңгенің бет-бейнесінің жиі өзгеруін «ақша жеудің амалы. Теңгенің дизайнын той, жиынға арнап өзгерте беретін болдық. Бұл біреулер үшін бизнеске айналып кетті» дейді. Қайткен күнде теңгенің әрбір дизайнын өзгерткен сайын қыруар қаржы бөлінетінін ескерсек, теңгеге тән түрлі дизайнды азайтатын кез жеткен секілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста