Тоқыма тоқыраудан қашан шығады?

Тоқыма тоқыраудан қашан шығады?

Қазақстанның экономикасындағы тоқыма және тігін саласының үлесі 0,4 пайызды ғана құрайды. Салыстыра кетсек, Германия, Франция және АҚШ секілді елдерде бұл көрсеткіш – 4%, Италияда 12%-ға жетеді. Айта кету керек, тоқыма-тігін саласы бұл елдердің бюджетінің 20%-ын құрап, ішкі нарықты 75-85%-ға өз өнімімен қамтамасыз етеді. Еліміздің жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының басқарма төрайымы Любовь Худованың есебінше, 2000 жылы еліміздің тоқыма-тігін саласында 27 мыңнан астам адам жұмыс істесе, бүгінде біз 10 мыңнан астам еңбек күшінен айырылдық. Олар қазір базарда қытай мен түріктердің киімдерін сатып жүр.

Қытай бізді қалай алдап соқты?

Бәріміз айтатын «қазақстандық мазмұнның» мазмұнынан гөрі әзірге формасы басым. Отандық тігіншілердің әлеуеті ұлттық компаниялар мен Қарулы Күштерге арнап арнайы киім тіккеннен әрі аспай отыр. Тоқыма саласындағы кәсіпорындардың 80 пайызы осындай тар ауқымды сегментте жұмыс істеп жатыр. Бұл – «қысылғаннан қыз болғанның» кері.

Тоқыма-тігін саласын бас көтертпей тұралатып отырған тағы біраз мәселелер бар. Ең алдымен, елімізге шеттен заңсыз жолмен өте үлкен көлемде бұйымдар жеткізіледі. Байқап отырсақ, Қытайдың ортаңқол сападағы киімдерінің өзі қазір бұрынғы жылдардағыдай арзан тұрмайды. Сарапшылар «бұл – Қытайдың жаңа нарықтарды жаулап, оған енудегі амал-айласы» дейді. Мәселен, соңғы бес жылда шыққан өнімдердің сапасы өзгеріссіз қалса да, бағасы өсіп жатыр. Өйткені олар біздің тігін-тоқыма саласын бас көтертпей тұралатып тастады да, енді өз дегендерін жасауда. «Алсаң ал, алмасаң, басқасын тауып көр» дегендей. Осылайша, қытайлық арзан тауарға қарық боламыз деп жүріп, өз саламыздан айырылып қалғанымызды білмей де қалған сияқтымыз.

Тоқымадағы тоқыраудан толымды табыстарға қалай жетеміз?

 1999 жылы қазақ Үкіметі тоқыма-тігін өнеркәсібі үшін ҚҚС алып тастау туралы шешім шығарды. Алайда бұл жеңілдік 2002 жылы күшін жойды. Осы қысқа уақыт ішінде өндіріс көлемі күрт өсіп, 42,5 пайызға жетті. Қордаланған қарызы, төленбеген несиесімен батпаққа батып жатқан салаға бір ғана осы шара қысқа мерзімде жан бітірді.

Қазақстанның тоқыма-тігін саласындағы тұңғыш экспорттық компаниясы – «Тексти Лайн» – сол кезеңде аяғынан тік тұрған кәсіпорындардың бірі. Бастапқыда өндірісі алақандай 16 шаршы метр жерде құрылып, бес жұмысшымен үш-ақ балалар киімін шығарудан бастаған «Тексти Лайн» бүгінде жұмыс, спорт, балалар киімдерін шығарады. Тіпті әлемдік додаға қатысатын велоспортшыларымызды да киіндіріп отыр. Үкіметтің салықты алып тастау туралы сол кездегі шешімінің арқасында отандық тігіншілердің қалтасында құрал-жабдық алуға басы артық ақша пайда болды. Мемлекеттің қолдауымен отандық тігін кәсіпорындарына арналған халықаралық екі жылдық бағдарламаның арқасында компания Еуропадан өзіне әріптес тапты. Швейцариялық ASSOS компаниясымен 2001 жылы бірінші рет 15 мың долларға келісімшарт жасасқан «Тексти Лайнның» бүгінде бұл компаниямен жылдық айналымы 5 миллион евроға жеткен.

Алайда Үкіметтің жеңілдігі үш жылға жетер-жетпесте алынып тасталды. Мұның сыртында тігіншілеріміз шеттен келетін шикізатқа баж салығын төлейді. Қазір трикотаж матаның импортына 5 пайыздық баж салығы бар. Бізде аралас мата өндірісі жоқтың қасы. Түйме секілді ұсақ-түйекке дейін шеттен тасимыз. Яғни шикізатқа баж салығын қоя отырып, отандық өнімді о бастан-ақ бәсекеге қабілетсіз етіп отырмыз.

Мемлекеттік тапсырысқа қатысты байқаудағы жемқорлық пен сыбайластық та отандық өндірушілерді қаржыдан қағып отыр. Олардың орнына кеше ғана тіркелген белгісіз ұсақ компаниялар жеңімпаз болып жатады. Алматыдағы «Семирамида» тігін компаниясы Қарулы Күштер мен полицияға арнап жаңа стандартта толық форма тігеді. Және ол арзан. Қытайлар сондай бағаға тек жауында киетін жамылғы ғана ұсынады. Компанияның директоры Наталья Ақшабаева: «Тендерде жеңімпаз деп танылған бір күндік компаниялар Қытайға тапсырыс беріп, солардың жұмысшыларын асырауда», – деп қынжылады.

Мұндай жағдайда тоқыма саласында толымды табыстарға қол жеткіземіз дей аламыз ба?

Мол мүмкіндіктер экономикалық әлеуетке қашан айналады?

Егер елге заңсыз жолмен келіп жатқан тігін өнімдерін тоқтату мүмкін емес болса, онда отандық өндірушілерге бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін жағдай жасау қажет. Саланы көтеру үшін отандық өндірушілер экспорттық бағытта кең қолдау көрсетуді, отандық өнімдерді сататын сауда жүйесін құруға көмектесуді, салық жағынан жеңілдіктер жасауды сұрайды. Былтыр Үкіметтің жеңіл өнеркәсіпті дамыту туралы қаулысы шықты. Оған көптеген мәселелер енді. Алайда оларды шешу үшін қаржы қарастырылмаған. Ниет бар да, қаржы жоқ.

Ал отандық тігін және тоқыма саласының өкілдері қол қусырып қарап отырған жоқ. Қазір олар жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының аясында бірігіп «Балақай» деген атпен балалар киімінің желісін әзірлеп отыр. Бұл – іс жүзінде біздің тігіншілер мен тоқымашылардың кластер құрудағы алғашқы қадамы. Мысалы, көрші Ресей тоқыма кластерін мұнай өңдеу саласымен ұштастырып отыр. Қазір таза мақтадан жасалған тігін бұйымдарына сұраныс аз, негізінен, аралас мата керек. Мұнай өңдеуден шығатын полиэстр, полипропилен секілді өнімдер синтетикалық талшықтар араласқан жаңа мата алуға сеп болады. Бізде мақта өсіретін бүтін облыс, мұнайға бай батыс өлкесі бар. Үкімет мақта-тоқыма кластерін құру туралы саяси шешім қабылдады. Енді осы бастаманы әрі қарай алып кететіндей ашық экономикалық саясат пен дұрыс көзқарас қажет-ақ.

Озық тәжірибелерге көз салсақ
Оңтүстік Корея
өткен ғасырдың 70-жылдары экономикалық реформаларды қолға алып, мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілетін жеті саланың тізімін жариялады. Оның ішіне тоқыма-тігін өнеркәсібі де енді. Бұл салаларды шикізатпен қамтамасыз етуге мемлекеттің өзі тікелей араласты, салықтары азайтылып, басқа да жеңілдіктерге ие болды. Олар тері, жүн, мақтаны түгелімен шеттен әкеледі. Мұнда жеңіл өнеркәсіп автокөлік өндірісінен кейінгі екінші орында тұр.

Қырғыз тоқымашылары мен тігіншілері тек өндірістегі машинаның басына ғана салық төлейді және ол жылына бір-ақ рет. Өз өндірісін қолдаған қырғыз үкіметінің саясатының арқасында 20 пайыздан астам еңбекке қабілетті адам бүгінде осы салада жұмыс істейді.

Балтық жағалауы елдерінде тігін компаниясының иесі тапқан табысын өндірісін кеңейтуге жаңа технологиялық жабдықтар алуға жұмсаса – бір тиын салық төлемейді. Айналымнан ақшасын алған күні қазынаға табыс салығын төлеуі тиіс болады.

Түрік үкіметі осы уақытта экспортқа шығам деушілерге жеңіл несие берді, экспорт өніміне қосылған салықты қайтаруға келісті, тоқыма-тігін саласындағы ғылыми ізденістерге кеткен шығындардың жартысын өтеп, экспорттық операцияларды өз мойнына алды. Осының арқасында 10 жыл ішінде Түркияның шетке шығарған тоқыма-тігін өнімі 130 млн доллардан 2,8 млрд долларға бір-ақ өсті. Түркия қазір дайын киім мен мата сатудан әлемдегі бес көшбасшы елдің қатарына кіреді. Ал киім мен мата экспорты ел экспортының 40 пайызын құрайды.

Қытайда тоқыма-тігін саласы ЖІӨ-нің 12%-ын құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста