Туған өлке табиғатын экомаршруттар танытады

Туған өлке табиғатын экомаршруттар танытады

Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік резерваты 2009 жылы Үкіметтің қаулысымен ашылған болатын. Экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар Жайық өзені атырабының табиғи кешендерін сақтауды, қалпына келтіруді мақсат еткен қорықта құстардың 292 түрі, өсімдіктің – 560, жануарлардың – 48, балықтардың 69 түрі бар және олардың көпшілігі – «Қызыл кітапқа» енгізілгендер.
Табиғи биоәртүрлілікті қорғауды басты бағыты етіп алған резерват жақында тағы бір игілікті істің ұйытқысы болды. «Ақ­жа­йықтың» бастамасымен «Жайық өзені аты­рабындағы парк» жобасы Н.Тілен­диев атындағы Кіші өнер академиясында тұса­уын кесті. Осы шарада Болон универси­те­тінің профессоры Дж. Габбианелли мырза «Ақжайық» резерватын Италияда орна­ласқан По саябағымен салыстыра сипаттады. Бағамдап қарасақ, Адриатика өзенінің жағалауына жақын орналасқан По саяба­ғынан біздің үйренеріміз көп екен. Мысалы, ол жерде бес бірдей визиттік-орталық бар көрінеді. Экобағыт бойынша саяхатқа шығушылар қорғалу аймағы, оның флорасы мен фаунасы жөнінде жан-жақты мәліметтерді осы орталықтан алып, алдын ала таныса алады. Мұндай визиттік орта­лық­ты жақын күндері резерватқа жақын орналасқан Дамбы ауылынан да ашу жоспарланып отыр. Жаңа бастаманың жүзеге асуына ЕNІ компаниясының қолдау көр­сетіп отырғанын тұсаукесер рәсіміне жи­нал­ғандар «мұнай компаниясының та­биғат­ты сақтауға бағытталған жобаға қы­зы­ғу­шылық танытып, атсалысуы сирек жағ­дай» деп бағалады.
Мемлекеттік табиғи резерват Болонья уни­верситетінің (Италия) «Альма-Матер» қорының, Аджип/ENI компаниясының, Аты­рау облысы әкімі аппаратының, «Таби­ғат әлемі» экологиялық ағарту орталы­ғы­ның, жергілікті Орхус орталығының, «Бола­шақ» қоғамдық қоры мен «Глобус» қоғам­дық бірлестігінің қолдауымен өткен сенбі мен жексенбі күндері ақпараттық тур ұйым­дастырды. Облыс тұрғындарына тұң­ғыш резерваттың аумағындағы бірегей ту­ристік маршруттарды таныстырған тур­дың аясында қатысушылар туған өлкенің қай­таланбас алуан түрлілігін «көздерімен кө­ріп, қолдарымен ұстады». «Ақжайық» ре­зерватының маманы Венера Берқалиева бұл күні Жайықтың бойындағы таңғажайып табиғатты көруге 230 турист қызығушылық танытқанын айтады. «Болашақта экоба­ғыт­тың тиімділігі мен көркемдігін арттыру мақ­сатында атқа міну үшін жылқылар, қайықтар мен байдаркалар алынып, қал­қыма үйлер салынады», – дейді Венера Берқалиева.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста