Түйе жоңышқаны да мал азығына айналдыруға болады

Түйе жоңышқаны да мал азығына айналдыруға болады

Мал шаруашылығын қарқынды дамыту – алда тұрған басымдықтардың бірі. Мал етін өндіру мәселелері нақтыланып, Елбасының Жолдауында сала алдына 60 мың тонна етті экспортқа шығару мақсаты қойылып отырғаны белгілі. Мәселенің негізіне үңілсек, мал өнімділігін арттыру малдың генетикасына, малдәрігерлік шаралардың толық орындалуына, күтіміне және азықтандыру деңгейіне байланысты. Осы төрт күрделі шараның үйлесімді шешілуі мал шаруашылығын одан әрі дамытудың негізгі кепілі болмақ. Аталған шаралардың барлығы өз алдына маңызды, күрделі және оларды ғылыми-өндірістік негізде іске асыру, ұтымды ұйымдастыру мен қажырлы еңбекті талап етеді.
Біздің тоқталайық деп отырған мәсе­леміз — мал шаруашылығының жемшөп қорын қалыптастырудағы түйе жоңышқа шөбінің (доник) орны мен маңыздылығы. Әрине, мал азықтық дақылдардың түрлері аз емес, олардың көпшілігі өз қолданысын табуда. Алайда осы тұста айта кететін жағдай: мал азықтық дақылдардың тұқы­мы жеткіліксіз, табыла бермейді, кейбір түрлерінің тұқымы өндірілмей келеді.
Бұршақ тұқымдастарға жататын түйе жоңышқа – тұзды және сортаңды жерлерде теңдесі жоқ дақыл. Қайталап тұзданған және сортаңданған жерлердің көлемі республикада аз емес. Суармалы аймақтарда топырақтың беткі қабатына тұздың көте­рілуіне байланысты егістікке жарамсыз, ал солтүстік аймақтарда сортаңданған алқап­тар пайдаға аспай жатыр. Міне, осындай жерлерді пайдалануда түйе жоңышқа егісін ұлғайтудың маңызы зор. Оның басқа дақыл түрлеріне қарағанда топырақ құнарына талғамы жоғары емес. Түйе жо­ңыш­қаның құнарсыз немесе құнары кет­кен жерлерде өсу мүмкіндігін пайдалану арқылы үш бағыттағы шаруашылық мәсе­лелерін шешуге болады. Біріншісі – жоғары белокты мал азығын өндіру, әсіресе сүр­лемше дайындау, екіншісі – жоғары сапалы ара балын өндіру, ал үшін­шісі – топырақ құнарлылығын арттыру.
Түйе жоңышқа – өнімді дақыл, әр гектардан 100-200 центнер көк балауса береді. Құрғақшылық өлкелерде бір толық орым береді. Оның егістігін жайылымға, шөп, сүрлем, сүрлемше, витаминді-шөп ұнын (түйіршіктер) дайындауға пайдала­нуға болады. Оны пайдаланудың ең тиімді жолы – сүрлемше дайындау, бұл жағдайда малға қажетті қоректік заттар мейлінше толық сақталады. Түйе жоңышқаны басқа дақылдарымен қоспа түрінде егу немесе сүрлемше дайындау барысында бидай, арпа сабанымен немесе жүгері балаусасымен бірге пайдалану технологиясы оң нәтижесін берді.
Түйе жоңышқа өсімдігі мәдени дақыл ретінде танылуға дейін оның бал өндірудегі маңызы белгілі болды. Түйе жоңышқаның латынша атауы «бал өсімдігі» деген ұғымды білдіреді. Егер бір гектар қарақұмық дақылы – 60 кг бал, қыша – 40, қызыл бас жоңышқа – 15, фацелия 150 кг берсе, ал жабайы түйе жоңышқа – 150-200 кг, оның сорттық егістіктері 200-300 кг бал береді. Бал жинаудағы түйе жоңышқаның жоғары тиімділігі, біріншіден, оның әр гектардағы немесе бір өсімдікке шаққандағы гүл санымен анықталады, әр гектар егістік 1,3-тен 2,0 млрд гүл түзеді. Екіншіден, егістіктің гүлдеу мерзімі өте ұзақ (30-40 тәулік) және егістікті ору арқылы гүлдеу мерзімін одан әрі 30 тәулікке ұзартуға болады. Түйе жоңышқаның гүлінен бөлінетін шырын хош иісті және құрамында қант көп мөлшерде болады. Сондықтан басқа дақылдарға қарағанда аралар түйе жоңышқаның гүліне құмар келеді. Түйе жоңышқа гүлінен жиналған балдың сапасы жоғары бағаланады, адам ағзасына өте пайдалы, ал түйе жоңышқаның өзі әртүрлі ауруларды емдеуде кейбір елдердің ме­дицинасында кеңінен пайдаланылып келеді.
Түйе жоңышқаның ерекше құндылығы  — оның топырақ талғамай өсуінде. Елімізде өңделіп, айналымда жүрген егістік жердің 20-25 пайызы сортаңданған, оның жалпы көлемі 29,5 млн га құрайды. Шабындық және жайылымдық жерлердің 40-50%-ы сортаң жерлерге жатады. Осы жерлерді тиімді пайдалануда түйе жоңыш­қаның орны және маңызы өте зор. Демек, да­қылдың егістік көлемін ұлғайту келелі істердің қатарында болмақ. Бірақ әлі де болса осы дақылға, жалпы, шөп егуге құл­шыныспен ешкім жұмыла қойған жоқ. Сыл­тау-себеп көп. Оның ең бастысы – шөп тектес дақылдардың тұқым шаруашылығы әлі жолға қойылмағандығы.
Республика бойынша барлық мал азықтық дақылдарды керекті көлемде егу үшін жылына 11,5 мың тонна тұқым қажет. Алғашқылардың бірі болып осы іске AS Group G-LTD ЖШС және оның құрамдас Алматы облысының Ақсу, Қапал, Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарындағы шаруашы­лықтары кірісіп кетті. Өткен 2010 жылдан бастап көпжылдық шөптердің жергілікті аймаққа бейімделген сорттары егіле бастады. Былтыр — 500 гектар, ал биылғы жылы тағы да қосымша 250 гектар жер егілді. Көпжылдық егістікті жоңышқа, сиыр жо­ңыш­қа және түйе жоңышқа дақылдары құ­райды. Биылдың өзінде сиыр жоңыш­қаның 50 гектар алқабынан – 15 тонна, түйе жоңышқаның 45 гектар алқабынан 18 тонна сапалы тұқым жиналды. Жоңыш­қаның 100 гектардан астам алқабы тұқым өндіру үшін екінші орымнан қалдырылып отыр. Аталған шаруашылықтардың мақ­саты – елімізде бағалы шөптердің тұқым шаруашылығын жолға қойып, келешекте қазіргі заман талабына сай арнайы кәсіп­орын дәрежесіне көтеру.
Арнайы жасалған бағдарлама бойынша түйе жоңышқа тұқымын еліміздің шығыс және солтүстік өңірлеріне тарату арқылы тұзданған және сортаң жерлерге мал азығын өндіру және омарта шаруа­шылығының тиімділігін арттыру жұмысын кешеуілдете беруге болмайды. Көпжылдық және біржылдық шөптердің тұқымын өндіруші шаруашылықтар қатары көбейе түссе, елімізде мал азығының берік қорын жасауға негіз болар еді.

Түйе жоңышқадан дайындалған сүрлемшенің әр килограмында (ылғалдылығы 60,1 %) 0,36 азықтық бірлік және 57,9 гр қорытылатын протеин болады. Бір килограмм азықтық бірлікке 161 гр қорытылатын протеин келеді. Түйе жоңышқаның мал азықтық дақыл ретіндегі бір кемшілігі – оның құрамында оған ерекше иіс-дәм беретін «кумарин» деген глюкозидтің болуы. Технология бұзылып, дұрыс дайындалмаған өнімде кумарин дикумарин түріне ауысып, малдың уланып қалуына әкеліп соғуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста