«Тұлпар-Тальго» пойызында жаңа қызмет іске қосылды

«Тұлпар-Тальго» пойызында жаңа қызмет іске қосылды

2015 жылдың 20 қазанынан бастап «Астана-Алматы» және «Алматы-Петропавл» бағытында қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойызының 4 құрамында мультимедиялық ойын-сауық порталы іске қосылады, деп хабарлайды Bnews.kz.
Портал жолаушыларға алуан жанрдағы фильмдерден, әртүрлі ойындардан тағы басқа да қызметтерден тұратын медиатекаға қосылуға мүмкіндік береді. Онда отандық және әлемдік кинофильмдер мен мультфильмдердің ауқымды топтамасы жинақталған және олар мүмкіндігінше жаңа өнімдермен жаңартылып отырады. Барлық медиаконтентті жоғары сапада тамашалауға болады.
Сондай-ақ, жолаушылар портал арқылы пойыздардың жүру кестесімен танысып, қажетті қаладағы қонақүй немесе такси бағасын анықтап, түрлі жаңалықтарды оқып, сервис және қызмет көрсету сапасына қатысты өз пікірі мен ой-ұсыныстарын жазып қалдыра алады.
Мультимедиялық порталға қосылу «Гранд», «Бизнес» және «Турист» вагондарының барлық жолаушыларына тегін. «Гранд» пен «Бизнес» жолаушылары видеотеканы толық тегін көрсе, «Турист» вагонының жолаушылары тек фильмдерді ғана қалауынша қосымша ақы төлеп тамашалай алады.
Осы жылдың аяғына дейін бұл қызмет «Тұлпар-Тальгоның» барлық 12 бағытында енгізілмек.
Сонымен қатар, жуырда «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен пошталық хабарларын жедел тасымалдау қызметі де іске қосылмақшы.
Қазірдің өзінде Астана және Алматы-2 вокзалдарында орналасқан «Қазпошта» нүктелерінде салмағы 3 келіге дейінгі сәлемдемелер қабылдана бастады. Сіздің сәлмемдемеңіз енді 1 тәулік ішінде пойызбен діттеген жеріне жедел жекізілмек.
Жылдың соңына дейін бұл қызмет облыс орталықтарын түгелдей дерлік қамтиды.
 bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста