Турагентті тіркеу тұтынушының сенімін күшейтеді

Турагентті тіркеу тұтынушының сенімін күшейтеді

Былтырғы 15 шілдеде  «Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 461-IV заңына біршама өзгерістер енгізілген еді. Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында осы құжат күшіне енді. Заңға сәйкес туристік агенттік қызметін мемлекеттік лицензиялау тоқтатылды.  Бұдан былай  осы салада қызмет көрсететін кәсіпорындар мен кәсіпкерлер өздерін нарықта турөнімдерді бөлшектеп сатушылар ретінде белгілей алмайды.
Лицензия жойылған соң турагент-кә­сіп­орынның қай салаға жататынын ажы­рату қиынға соғары – өз алдына, тұтынушы се­німінің азаятыны және бар.   Сонда елі­міз­дегі туризм нарығы әрмен қарай жұ­мы­сын қалай жүргізеді? Туристік жолдаманы етік­шінің дүңгіршегінен сатып аламыз ба? Ке­ше Қазақстан туристік қауымдастығының төр­айымы Рашида Шәйкенова қатысқан баспасөз жиынында осы сауалдарға жауап берілді.
Өзге елдердің тәжірибесі көрсеткендей, турагенттерді есепке алуға қатысты жаңа құралдар нарыққа қажет-ақ. Сондықтан қауымдастық елдегі турагенттердің бір­ың­ғай реестрін құруды қолға алған. Қазір қа­уым­дастық сайтында арнайы «Реестр» па­рағы ашылып, бүгінге дейін 61 турагенттік тіркеліп үлгерген.
Жобаның негізінде «Туристік қызмет туралы» Заңға сай, турагенттік қызметті жү­­зеге асырып отырған кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің тізімінен құралған элек­тронды мәліметтер базасы жатыр. Еріктілік негізінде құрылған қазақстандық реестр туралы турагент нарығына қаты­су­шылар жайындағы мағлұмат бір  жүйеге түседі.  Әлбетте, бұл тізімге тіркелу – әркім­нің өз еркінде.  Кез келген турагент тізімге тір­келіп, тіркеу нөмірі мен куәлігін алуға құқылы. 
Реестер туроператор үшін де, тұты­ну­шы­лар үшін де маңызды.  Әсіресе тұтыну­шы жол­дама сатып аларда заңды турфирма іздейтіні белгілі.  Қазақстанның кез келген қаласында немесе аймағында туриске қажетті бағытта немесе демалыс түріне ма­ман­дандырылған, тексерілген  (реестерге енген) турагенттікті табуға осы ресурс мүм­кіндік бермек.
Айта кету керек, турагенттердің бір­ың­ғай тізімі туризм саласының өзін-өзі рет­теу­дегі алғашқы қадамы ретінде мем­ле­кеттік құрылымдардан қолдау тауып отыр. Оның құрылуын индустрия және жаңа технологиялар министрі, «Атамекен» одағы, ҚР Кәсіпкерлер форумы және т.б. жақ­тайды. 
Туризм экономикалық сала бол­ған­дықтан, оны басқарудың тетіктері де эко­но­микалық сипатта болғаны дұрыс. Сон­дықтан әлгіндей реестердің құрылуы ма­ңызды. Рашида Шәйкенованың ай­туын­ша, турагенттер әділет және салық орган­да­рына тіркелген соң жұмысын жүргізе бе­реді. Бұл арада басты құжат – Құқық жа­уап­кершілігі туралы келісім, яғни ту­р­агент­тің турист алдындағы азаматтық құқықтық жа­уапкершілігін сақтандыру болып та­былады. Турагенттік ашу үшін осы азғантай құ­жат та жеткілікті. Әйтсе де бұл кез келген адам осы кәсіпті жүргізе алады дегенді біл­дірмейді.
Бүгінге дейін нарық басқаша жұмыс іс­теп келді. Айталық, отандық турагент ре­зи­дент емес, яғни шетелдік туроператормен жұмыс істеп, заңнаманы жиі бұзатын.  31 қаңтардан бастап турагент тек қазақстандық туроператордың өнімін ғана сата алады.  Ал туроператор шетелдегі серіктесінің өні­мін де сатуға құқылы. Сондай-ақ тур­агент тұтынушымен келісімге отырғанда, осы өнімнің қай операторға  тиесілі екенін көр­сетуі шарт. Бір сөзбен айтқанда, тур­опе­ратордың жауапкершілігі күшейтіледі. 
Рашида Шәйкенова, Қазақстан туристік қауымдастығының төрайымы:
– Туризм саласы ұзақ уақыт бойы та­сада қалып қойған еді. Бүгінде жанданыс байқалады. Әсіресе ауылды жерлерде туризмді дамыту, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу міндеті тұр. Туризмді өркендетудің негізгі қай­нар көзі, әрине, біздің жеріміздің әсем та­биғаты. Бұл – тек мейманхана са­лумен шектелу емес, инфрақұры­лым­ды дамытуға күш салу, қажетті ма­ман­дар дайындау. Оған «Жол картасы», шағын несиелеу бағдарламасының қосар үлесі зор болмақ.
Өкінішке қарай, 2011 жылды же­місті деуге келмейді. Өткен жылы на­рықта жаңа бағыттар, жаңа қызмет түр­лері ашылды. Сыртқы туризм көр­сеткіші жоғары болса,  келушілер са­ны­мен мақтана алмаймыз. Бұл бағытта іскерлік туризм құтқарып тұр. Сонымен қатар ішкі туризмнің дамығаны байқалады. Себебі белгілі: әлемде қауіп-қатер күшейді. Мәселен, екі жылдан бері Ыс­тық­көл бағыты тоқырап тұр. Былтыр сая­си ахуалға байланысты салыстыр­ма­лы түрде арзан саналатын Мысыр бағыты тоқтады.  Дегенмен жаңадан ашылған Хорватия, Венгрия, Словакия, Литва, Финляндия сияқты жаңа ба­ғыт­тар сыртқы туризмге, емдеу-сауықтыру туризміне серпін беретіні сөзсіз.

Әу баста қауымдастық  лицензиядан бас тартуға қарсы шыққан болатын. Рас, ли­цензияны алып тастау кәсіпкерлік жо­лын­дағы әкімшілік кедергілерді азайтуға сеп болатыны сөзсіз. Алайда бұл саланың ерекшелігі сол:  мұнда өзі көзге көрінбейтін, дәмін татуға болмайтын өнім ұсынылады. Сондықтан алдау оқиғалары көп кездеседі. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» де­гендей,  жұртты тақырға отырғызатындар  нарықта 20 жылдық тәжірибесі бар ком­па­ниялардың беделіне нұқсан келтіріп жүр. Лицензия жойылғанда реестр құру – қауымдастықтың өзіндік жауабы. Нә­ти­жесі – алдағы уақыт еншісінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста