Тұрақсыздық – мүмкіндіктер кезеңі

Тұрақсыздық – мүмкіндіктер кезеңі

Өз бюджетіңді қалай тиімді басқару керектігі жайлы банкирлердің пайдалы кеңестері
Жақында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды үнемді өмір сүруге шақырды. Елбасы «қазіргі кезеңде қолдағы барды ұқсата» білу керектігін баса айтты. 2007-2008 жылдардағы қиын кезеңді еске ала отырып, Kapital.kz іскерлік ақпараттар орталығы тұрақсыздық жағдайында қаржыны қалай сақтап қалу, тіпті оны қалай көбейте білу керектігін анықтап көрді. Бүгін «АТФБанк» АҚ-ның бөлшек сауда жөніндегі атқарушы директоры Рустам Мавланов өз тәжірибесімен бөліседі.

- Қазір нарықта белгісіздік жағдайы байқалуда, мұндайда әрине, жинаған қорыңды қалай сақтап қалу керек деген сұрақ туындайтыны рас. Өз қаражаттарын тиімді басқара білуі үшін қазақстандықтарға қандай кеңес берер едіңіз?
Қазіргі кезде нарықта сезіле бастаған әліптің артын бағу жағдайының ел ішінде ширығу мен дүдәмал күйді тудыратыны сөзсіз. Мұндайда түрлі қорқынышты оқиғаларға құлақ салып, қорқып, қарап отыра бермей, дұрыс стратегия ойластырып, нақты әрекетке көшу керек деп кеңес етер едім. Нарықта ауытқулардың орын алып отыруы – қалыпты көрініс, экономикалық заңдылық. Шарықтап өсу мен құлдыраулар сияқты дамудың түрлі кезеңін бастан өткеріп отыру – экономикаға тән нәрсе, ал дәл қандай ауытқулардың орын алатынына болжам жасау – кофенің қоюлығына қарап көріпкелдік етумен тең. Сондықтан қиын жағдайда күйгелектеніп, уайымға салынуға да болатын шығар, бірақ одан еш пайда таппайтыныңыз анық. Жалпы, кез-келген жағдайда пайда табуға көмегін тигізетін дұрыс қадамдар қабылдау қажет. Іс-тәжірибе көрсеткендей, дұрыс стратегия таңдай білген адамдар тіпті ең күрделі дағдарыстың өзінен пайда тауып шыға алады. Әрине, мұндай кезеңде дұрысы, тәуекелі аз стратегия қолдану қажет, бірақ шешім қабылдаудан қорқа бермей, оны қолданып көрген жөн. Сонда расымен де, жақсы нәтижелерді көре бастайсыз. Мен кез-келген кезеңде, оның ішінде экономикалық тұрақсыздық кезеңінде де ақшаны қалай тиімді басқара білу керектігіне қатысты өз тәжірибеммен қуана-қуана бөлісіп жүремін.
- Сіздің ойыңызша, ақшаны сақтап қалу және оны көбейте білу үшін қандай құралдарды қолданған дұрыс?
Расымен де, ақшаны сақтап қалу немесе оны көбейту деген екі стратегияны таңдауға болады. Бірақ бұлар әдетте жарнамалық науқандарда көбірек қолданылатын стандарттық тұжырымдар. Мен шынайы өмірге сәйкесетін жағдайды таңдап, іс жүзінде не істеуге болатынын көрсеткенді дұрыс көремін.
Мәселен, қазіргі уақытта сіздің басы артық қаражатыңыз жоқ делік. Онда ең болмаса, «қаржылық тірек» жасап алуды кеңес етемін. Ондай «тірек» адамның кез-келген уақытта өзін сенімдірек сезінуіне және нарық пен жұмыс берушіге ерекше тәуелді болмауына мүмкіндік береді. Ақшаны жұмсай бермей, жинап отырудың қолда бар барлық мүмкіндіктеріне талдау жасап алу керек. Бірақ ақша жинау шектен тыс қысылып, күнделікті қажетті нәрселерден бас тарту дегенді білдірмесе керек. Ақша жинау – өз қаражатыңды дұрыс жұмсап, дұрыс басқара білу, егер дұрыс басқара білсеңіз, оны сауатты түрде инвестициялай да аласыз.
- Ондай «тірек» жасап алу үшін табыстың қанша бөлігін жинап отыруды кеңес етер едіңіз? Және ол қаражатты қалай сауатты жұмсай білу керек?
Ең тиімді нұсқасы – еңбекақыңыздың шамамен, 30%-ын жинап отыру. Ондай мүмкіндігіңіздің барын түсініп алу үшін, өзіңіз есеп жүргізіп көріңіз. Ол үшін шамамен, бір ай бойы ақшаңызды қанша және қайда жұмсайтынызға талдау жасап алу қажет. Бұл уақыт аралығында тамақтан немесе қандай да бір тұрмыстық қажеттіліктерден өзіңізге шектеу қоюдың қажеті жоқ. Нәтижесінде, өз бюджетіңізге жасалған талдаудың сұлбасы пайда болады, одан күнделікті қажетті тұтынуларды өтеуге қанша ақша кететіндігі, нендей нәрселерге ақша жұмсаудың міндетті еместігін көретін боласыз. Ең үлкен «қауіп» - кейде бюджеттің едәуір бөлігін «жеп» қоятын тосын шығындар. Сондықтан жалақысының өскенін сезіне бермейтіндер әдетте, тосын шығындар жасауға бейім тұратын адамдар. Олар көбірек жалақы ала бастаған сайын, ақшаны көбірек жұмсай береді. Көптеген адамдар «егер жалақы тіпті айдың соңына дейін жетпей жатса, қалай ақша жинаймыз» деп шамданады. Ондайда мен оларға «сіз өз шығындарыңыздың күнделікті есебін жүргізіп отырасыз ба, бюджетіңізді аптаға, айға бөліп қарастырасыз ба?» деп қарсы сұрақ қоямын. Әлбетте, жоқ деген жауап аламын. Өйткені ондай әдет белгілі бір тәртіпті талап етеді. Ал егер сіз өзіңізді ондай тәртіпке үйретпесеңіз, ақша жинай бастау мүмкіндігіне жуық арада қол жеткізе алмайсыз.
Осылайша, ең алдымен тосын шығындарды қысқарта отырып, жайлы өмір сүруге жететін соманы анықтап алу қажет. Егер жалақыңыздың шамамен, 30%-ы қалып жатса, ақша жинауға таптырмайтын мүмкіндігіңіз бар деген сөз. Дегенмен өз кірісіңіздің үштен бір бөлігін жұмсамасаңыз, ол да жаман емес. Егер ақша жинауға қандай да бір мүмкіндігіңіз болса, оны құр жібермеңіз. Бастысы, қор жинау барысында өзіңіз қиналып қалмасаңыз болды.
- Қане, онда түскен табыстың шамамен, үштен бір бөлігін қашан алып қоюға болатынын қарастырып көрейікші.
Табыстың немесе жалақының қор жинауға бөлінген 30%-ын екіге бөлу қажет. Бір бөлігі – қор жинау барысында өзіңізді жайлы сезінуге мүмкіндік беретін қосымша қор болады. Ол ақшаны айрықша қалауыңызға қарай, қажет болған жағдайда жұмсай беруіңізге болады. Мысалы, отбасыңызбен бірге мейрамханаға барғыңыз келсе немесе әлдебір іс-шараға шақырылғандықтан сыйлық алу қажет болса, онда осы қордан керекті соманы алуыңызға болады. Бірақ бюджетті тосын шығындарға жұмсауға болмайтынын жете түсінуіңіз керек. Екінші бөлігі – негізгі жиналған қор, ол қол тигізуге болмайтын ерекше қор. Егер бір ай ішінде қордың бірінші бөлігін жұмсау қажеттілігі туындамаса немесе оның қандай да бір бөлігі артылып жатса, оны негізгі қорға қосқан жөн.
Осының нәтижесінде біз үш құрамнан тұратын бюджет жасап алдық. Бәрінен бұрын, бұл әрине, күнделікті шығындарға, ағымдағы айлық есеп-шоттарға, төлемақыларға және т.б. жұмсалатын қаражат. Одан кейінгісі – аяқ асты шығып қалатын жоспарларға керекті, бірақ, қайталап айтамын, мөлшері өте шектеулі бюджет. Және ең соңғысы, жиналатын негізгі қордың өзі.
- Қол тигізуге болмайтын ондай қор қанша ақшадан тұруы тиіс және сақтап қана қоймай, көбейте білу үшін оны қайда салуға болады?
Мінсіз түзілген қор шамамен, алты айлық еңбекақыдан тұруы тиіс. Қайталап айтамын, мінсіз қор дегеніміз осы. Мысалы, жұмыстан айрылып қалу сияқты күтпеген жағдайларда жарты жылдық жалақыңыз белгілі бір кезең аралығында өзіңіз үйренген жайлы жағдайда өмір сүруге мүмкіндік береді. Ал 6 ай ішінде жұмыс табу ықтималдығы жоғары ғой. Әрине, түрлі жайттардың орын алып тұратыны сөзсіз, бірақ «қаржылық тірегіңіздіз» тұрғанда, жуық арада еш қауіп төне қоймайды.
Жинаған қаражатыңызды қайда құюға болатыны туралы мәселеге оралсақ, мен оларды депозитке салуға кеңес етер едім. Нарықтағы тұрақсыздық пен аңысын аңду кезеңінде ақша сақтаудың және көбейтудің ең тиімді тәсілі – банктік салым болып табылады. Одан төнетін қауіп те жоқтың қасы, әрі барынша көбірек ақша жинауға да мүмкіндік болады.
Әрине, өз қаражатыңызды түрлі қаржы институттарына – компания акцияларына, валюта нарығына, қымбат металлдарға және т.б. салуға да болады. Алайда, менің ойымша, ондай істермен тәжірибелі адамдардың айналысқаны жөн, әйтпегенде, ақшаңыздың едәуір бөлігінен айрылып қалуыңыз мүмкін.
Инвестиция салудың жақсы құралы – жылжымайтын мүлік. Дағдарыс кезеңінде жылжымайтын мүлікке деген сұраныс әдетте азайып кетеді, сондықтан нарықтағы жағдайдан жақсы хабардар болсаңыз, пайдалы инвестициялар жасауға болады. Онда да жылжымайтын мүлікті барынша пайдалы бағада сатып алу үшін және зиян шегіп қалмас үшін жағдайдың қашан тұрақтанатынын нақты білу керек. Әрине, жинаған ақшаңызды жастықтың астына тығып қою әдісін де қарастыруға болады. Алайда бұл ең пайдасыз әрі жарамсыз стратегия болып қалмақ, өйткені қолжетімділігіне қарамастан, ондай ақша инфляциядан құтылып кете алмайды.
- Онда депозиттің артықшылықтарына тоқталып өтейікші, өйткені соңғы жылдары қазақстандықтар депозитке көбірек сенім артып, осы құралды көптеп пайдалана бастады...
Жаңа айтып өткенімдей, нарықтағы тұрақсыздық пен әліптің артын бағу кезеңінде банктік салымдар ең пайдалы құрал болып табылады. Біріншіден, қайталап айтамын, бұл тәуекелі аз құрал. Екіншіден, әдетте мұндай кезеңдерде банктер депозит бойынша өте пайдалы шарттар ұсына бастайды, ол шарттардың жұмыс істеу мерзімі әрине, шектеулі болады. Нарықтағы ахуал тұрақтанған сәтте, банктер оларды азайтуы мүмкін. Осы кезде депозит ашқан салымшылар пайыздық мөлшерлемеден біраз пайда түсіре алады. Дағдарыс уақыты – мүмкіндіктер уақыты. Міне, соның бір мысалы ретінде айтып өтсем, сіз жылжымайтын мүлігіңізді сатып, жаңасын сатып алуды жоспарлап жүрсіз делік. Бірақ сізге біраз ақша жинау керек, сондықтан ол ақшаны қалай жұмсауды білмейсіз. Мұндайда менің берер кеңесім: ақшаңызды бір сенімді банктің депозитіне жоғарғы мөлшерлемемен салып қойыңыз да, әдетте дағдарыс уақытында төмендеп кететін жылжымайтын мүлік нарығындағы баға ауанын бақылап отырыңыз. Сонымен қоса, осы уақыт аралығында әрдайым жинаған ақшаңыз бойынша жоғары пайда түсіріп, қажетті соманы жинай беріңіз. Ал экономика тұралаудан арыла бастаған кезде жылжымайтын мүлік те қымбаттайды. Дәл сондай өзгеріс кезеңін құр жіберіп алмай, жоспарыңыздағы жылжымайтын мүлікті сатып алуыңыз керек. Нәтижесінде: а) сіз депозит бойынша жақсы табыс түсіре аласыз; б) ақша жинай аласыз; в) кейінірек бағасы өсіп кететін жылжымайтын мүлікті арзанға сатып ала аласыз.
- Депозиттік қаржыны қандай валютамен сақтаған дұрыс деп кеңес бересіз?
Ағымдағы жағдайды негізге ала отырып, мен бірнеше стратегия ұсынар едім. Егер 10 миллион теңгеге дейін салым салсаңыз, онда депозитті тек ұлттық валютада ашыңыз деп кеңес беремін. Неге екенін түсіндірейін: біріншіден, егер адам ақшасын банкке салудан қауіптенсе, онда ол салым сомасы қалай болғанда да, мемлекет кепілдігіне ие болмақ. Өткен жылдың желтоқсан айында ҚР Үкіметі мен Ұлттық банктің жеке тұлғалардың депозиті бойынша кепілдік қайтарымның жоғарғы сомасын 5 млн-нан 10 млн теңгеге дейін ұлғайту шешімі туралы жариялаған біріккен мәлімдемесін көпшілігіңіз естіген шығарсыздар. Қазір заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілуде, сондықтан меніңше, жақын келешекте сол соманы бағдарға алуға болады. Екіншіден, ең пайдалы пайыздық үстемелер теңгелік депозит бойынша жүреді. Оның үстіне, бөліп-бөліп алу және толықтыру қызметтеріне қатысты көптеген салымдар бар, ол ақшаны барынша жылдам басқаруға мұрсат береді.
Егер 10 млн-нан астам сомаға қатысты болса, онда әртараптандырылған портфель қалыптастырған жөн деп кеңес берер едім. Ондай жағдайда депозитті теңгемен де, шетел валютасымен де ашқан жөн. Депозиттегі ақшаның 50-70%-ын теңгемен, қалған бөлігін доллармен ұстаған дұрыс. Осылайша сіз жоғарғы пайызбен пайда бауып, валюталық тәуекелді жоя аласыз.
- Ал сіз өз қорыңызды қалай сақтайсыз?
Менің жеке қорыма келер болсақ, оны ұлттық валютамен сақтаймын. Онда да депозит пен төлем картасы сияқты кіріс құралдарын қолданғанды дұрыс көремін.
- Сіз өз ақшаңызды АТФБанкте сақтайтын шығарсыз десем қателеспеспін. Сіздердің қаржы институттарыңыз өз салымшыларына қандай басымдықтар береді?
- Иә, мен өз қаражатымды АТФБанкте сақтаймын, бірақ осы банкте жұмыс істегендіктен емес, біздің депозиттік өнімдердің шынайы артықшылықтарын көргендіктен солай істеймін.
Қазіргі уақытта банктер іс жүзінде, шарттары бірдей салымдар ұсынады. Бізге барынша көп табыс түсіретін депозит құрудың сәті түсті. Қазір біз «Менің таңдауым плюс» салымы бойынша 11%-ға дейін кіріске ие болуды қарастыратын «11%-ға дейінгі кіріс» акциясын өткізудеміз. Оны ашу үшін 100 мың теңгеден кем емес соманы салу қажет, бұл соманың 10%-ы депозитте бірінші күні-ақ төленеді. Мәселен, егер сіз бұл депозитке 1 млн теңге салар болсаңыз, сізге төленген 100 мың теңгені бірінші күні «Қалтадағы жинақ сандықша» картасына салуға кеңес береміз, ол бойынша өз қаржыңыздың қалған бөлігіне 10,5%-ға дейін түсім түсіп отырады. Осы екі құрал бойынша жиынтық кіріс 11%-ды құрайды. Менің білуімше, қазірше мұндай тамаша артықшылықты Қазақстандағы бірде-бір банк ұсынып отырған жоқ. Бұл акция 2015 жылдың 27 ақпанына дейін жалғасады.
Өзімнің жеке тәжірибеме сүйенсем, бұл сызбанұсқа өте тиімді жұмыс істейді әрі аса ыңғайлы да. Мен өз табысымның ай сайын 30%-ын жинап отырамын. Бірден болмаса да, уақыт өте келе осындай ұстанымнан таймауға бекіндім. Ол қаражаттың жартысы депозитке (әлгі айтқан «қол тигізуге болмайтын қорға») салынады, ал қалған бөлігі кез-келген уақытта қолма-қол алуға мүмкіндік беретін «Қалтаңдағы жинақ сандықшаға» салынады. Картадағы қаражатқа жиналатын пайыздар өзге банктердің 10%-дық депозитпен ұсынып отырған пайыздарымен тең. Дегенмен көптеген депозиттерден айырмашылығы – картадан ақшаны кірістен айрылып қалмай-ақ, кез-келген уақытта ала беруге болады. Шын мәнісінде, ақша сіздің қалтаңызда жата береді әрі жұмыс істеп тұрады
- Әрқашан белгіленіп отыруға тиіс «Қалтаңдағы жинақ сандықша» карточкасындағы ең төменгі сома ескертіле ме?
Төмендетілмейтін қалдық деген жоқ. Карта қолданудың ыңғайлылығы да осы ерекшелігінде болып отыр. Карточка пайыздың бір ай бойына белгіленіп отырған ең төменгі қаржы қалдығына қосылып отыруы үшін жұмыс істейді. Мысалы, ақпан айында сіз картадан 20 мың теңге алсаңыз, онда қалғаны 50 мың теңге болды делік, содан соң тағы 10 мың теңге аласыз, сонда картада 40 мың теңге қалады. Көрсетілген 10% ең төменгі сомаға, яғни 40 мың теңгеге қосылып отырады. Егер сіз картадағы сомаға тиіспейтін болсаңыз, онда пайыз дәл сол сомаға есептеліп отырады.
- Карта таңдау мүмкіндігі бар ма?
«Қалтаңдағы жинақ сандықша» карточкасы екі түрлі болады: VISA Classic және VISA Gold. VISA Classic картасының жылдық қызмет көрсетуі 1500 теңгені құрайды, ал VISA Gold – 3 мың теңгені құрайды. Оның үстіне, карта оның иегеріне арналған барлық артықшылықтарды сақтап қалады. Салыстыру үшін айтып өтсек, нарықта VISA Gold дебеттік карточкасының қызмет ету құны ешқандай пайыз қосылмаса да екі есеге қымбат болады, тіпті 30 мың теңгеге жетуі мүмкін.
- Үнемдеу режимінің жариялануына байланысты, қазақстандықтардың қор жинау тәртібіне көмегі тиетін тағы қандай кеңестер бере аласыз?
Ұзақ уақыттық аманат деп аталатын өте ыңғайлы бір тетік бар. Жалақының белгілі бір бөлігі не депозитке, не картаға аударылып отыруы үшін банкпен келісім жасап алуға болады. Аударым сомасын қалауыңыз бойынша таңдауға болады. Мен өз басым осындай тетікті қолданамын. Жалақымның белгілі бір бөлігі менің есеп-шотыма аударылған кезде депозит пен «Қалтаңдағы жинақ сандықша» картасының толығуы автоматты түрде жүргізіледі.
Бұл тетіктің психологиялық тұрғыдан аса маңызды бір артықшылығы – адам ақшаны қолына алмайды, бірақ оның өз есеп-шотында жатқанын біледі. Ақшаны қолма-қол алған кезде бір нәрсе сатып алмай жүру қиын, ал ол ақшаның бір бөлігін банк кеңсесіне апару тіптен қиын. Қандай банктің қызметіне жүгінсеңіз де, осы тетікті қолданып көруге кеңес беремін.
- Яғни, жалақы карточкасындағы ақша да автоматты түрде депозитке немесе картаға түсіп отыра алады ғой?
Дұрыс айтасыз, ол үшін жалақыңызды аударып отыратын банкке барып, өтініш жазу керек. Қазақстан Республикасындағы көптеген екінші деңгейлі банктер сондай қызметтер ұсынады. Өтініште сіз карт-шотқа немесе депозитке аударып отырғыңыз келетін соманы көрсетуіңіз қажет. Өзіңіз жұмыс істейтін компания оған еш уақыт шығындап жатпайды – барлық операцияны банктің өзі жүзеге асырады.
- Егер АТФБанктегі үрдіс жайлы айтсақ, салымшылар өз депозиттерін теңгеден долларға конверсиялауды жалғастыруда ма?
Валюта бойынша депозиттік портфель құрылымы біздің банкте теңестіріліп қойылған. 2014 жылдың соңында теңгелік депозиттердің долларлық депозиттерге конверсиялану үрдісі байқалған еді, өйткені нарықта тұрақсыздықтың орын ала бастағаны туралы ақпарат тарап кетті. Қазіргі уақытта долларландыруға деген тренд әлсіреп барады, сондықтан салымшыларымыз теңгемен депозит ашып, ұлттық валютаға көбірек сенім арта бастады. Бәлкім, бұл «11%-ға дейінгі кіріс» акциясының өткізілуіне байланысты шығар.
- Сіздердің банктеріңізде бөлшек депозиттің орташа сомасының деңгейі қандай?
2014 жылы бөлшек салымның орташа сомасы шамамен, 1 млн теңгені құраған болатын. 2013 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш іс жүзінде өзгерген жоқ. Бірақ біз салымның орташа сомасының ұлғая бастағанын байқаудамыз.
- Банктің 2015 жылға арнаған жоспарлары қандай? Банк биылғы жылы қандай депозиттік саясатты ұстанатын болады?
Депозиттік саясат биылғы жылы айтарлықтай өзгерістерді бастан өткермейді. Біз клиенттер қажет ететін жаңа өнімдер мен ұсыныстарды әзірлеп, енгізуді жалғастыра береміз. Өзге банктердің де өз депозиттері бойынша соған ұқсас үмөлшерлемелер ұсынатыны анық, бірақ бұл бағытта өз клиенттері үшін ыңғайлы әрі жайлы шарттар ұсына алатын банктер ғана алға оза алады. Осыған байланысты, біз өз бөлімшелеріміздегі сервис деңгейін жақсартуға, клиенттерге қызмет көрсетудің қашықтық арналарын дамытуға көп үміт артып отырмыз. Біздің саясатымыз – нарықтағы үдерістерді жіті қадағалап, оның барлық қажеттіліктеріне икемді әрі сезімтал бола білу. Сондай-ақ, әрдайым бір қадам алда болуға ұмтыламыз.

kapital.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста