Түркістан облысындағы Арыс қаласына алғаш рет табиғи газ берілді

Түркістан облысындағы Арыс қаласына алғаш рет табиғи газ берілді

Түркістан облысындағы Арыс қаласының 78 мың тұрғыны бүгін көгілдір отынға қол жеткізді. Бірнеше жылдан бері күткен табиғи газды қала тұрғындарына «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес мекемесі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жеткізіп берді.

Тоғыз жолдың торабы саналатын Арыс қаласындағы Р.Қошқарбаев көшесіндегі Ходжаев Ғабиден ақсақалдың үйі табиғи газға бірінші болып қосылды. Бар ғұмырын теміржолға арнаған, бүгінгі таңда зейнеткер қария газ мамандарына ризашылығын білдіріп, ақ батасын жаудырды.

 

«Күн суытқанда, мына газдың келгені дұрыс болды, үй жылы, балалар көмір тасып жүрген жоқ. Бәрінен бұрын келіндер қуанып жүр. Ал балалардың қуанғаны көңілге әрдайым қуаныш сыйлайды емес пе?! Рахмет бәріңізге», - дейді риза болған Ғ.Ходжаев.

 

Арыс қаласын табиғи газға қосу үшін «Темірлан» АГТС пен қала арасына 43 шақырым газ жеткізуші құбыр салынды. Үйлерге газ жеткізу үшін салынған көшеаралық газ құбырының ұзындығы 107 шақырымнан асады. Арыс қаласын газдандыру жұмысы қалаға жақын орналасқан ауылдарға да септігін тигізеді. Енді алдағы уақытта қала маңындағы 32 елдімекенге көгілдір отын беріледі.

 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Нұржан Түймебаевтың айтуынша, елдімекендерді газдандыру жұмыстары әлі де жалғаса береді. Жыл басында бірден 22 ауылға газ берілді. Содан бері бұндай шаралар тоқтаусыз жүрді. Жыл соңына дейін тағы бірнеше елдімекен табиғи газға қосылады.

Жалпы, көгілдір отынды тұтыну жағынан еліміздің оңтүстігі көш бастап келеді. 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста