Үйлі болдым, мінекей, бар малымды шығындап...

Үйлі болдым, мінекей, бар малымды шығындап...

Қазіргі қазақ қоғамындағы ипотекамен үй алғандардың жағдайын хәкім Абайша осылай жырға қоспасқа, шара жоқ. Неге десеңіз, біздің елімізде ипотекамен үй алған ағайынның маңдайы шылқып жүргені шамалы. Еуропа тұрғындарының 90 пайызға жуығы өз баспаналарына ипотека арқылы қол жеткізгенін ескерсек, «бұл қаржы құралының қызығын қазақ қашан көреді?» деген заңды сауал менмұндалайды. Америкада басталып, әлемдік қаржы дағдарысына негіз болған ипотекалық дағдарыс баршамыздың ипотекамен үй алуға деген құлшынысымызды су сепкендей басқаны анық. Бұған қоса, біздің еліміздегі екінші деңгейлі банктер тарапынан берілетін ипотекалық несиелендірудің орташа мөлшерлемесі күні бүгінге дейін 15,5 пайызды құрап отыр. Бұл ипотека алған азаматтардың ай-сайын банкке шамамен 1300 евро төлейтінін айғақтайды.

Ипотека неге қымбат?
Ипотека құнына байланысты 2011 жылдың мамыр айында ресейлік Penny Lane Realty компаниясы жариялаған рейтингте Қазақстан 60 елдің ішінде 55-орынға тұрақтаған. Бұл Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің өте қымбат екендігін білдіреді. Рейтинг бойынша ипотека алу жөнінен әлемдегі ең қолайлы мемлекетке Дания жатады екен. Дания­лықтар несиеге алған үйінің құнын өтеу үшін жылына бар болғаны 1,36 пайыздық үстемеақы төлесе, ал ең жоғарғы ипотека­лық несиені 18 пайыздық үстемеақымен Түрік­менстан тұрғындары төлейді екен.
Негізінде, ипотека азаматтардың тұр­ғын үй мәселесін шешуге бағытталған. Ал біздің елімізде ипотекамен үй алған­дардың бар тапқан-таянғанын банкке беріп, қарызданғанына қарап, мәселенің шешімі ипотека еместігіне көз жеткізесің. Содан болар, көптеген баспанасыз адамдар пәтер жалдап, әлі күнге көшпенділік дәуірінде өмір сүруде. Ал салынып жатқан тұрғын үйлер өте аз. Бұған көз жеткізу үшін мына дерекке көз жүгіртсек жеткілікті. Қазақ­станда жылына орташа есеппен бір кісіге шаққанда 0,4 шаршы метр үй салы­нады. Ал дамыған елдерде жан басына шаққанда жылына 1 шаршы метр тұрғын үй пай­далануға беріледі. Бұл жағдай үйді жалға берушілер мен риэлторлардың мұртын майлап жатқаны айтпаса да түсінікті. Еліміздегі тұрғын үй бағасының тым шарықтап, түспей қоюын сарапшылар тұрғын үй нарығына салынатын инвес­тицияның аздығымен түсіндіреді. Маман­дар егер тиісті көлемде инвестиция құйыл­маса, 2012 жылы тұрғын үй құры­лысы 2,5 млн шаршы метрге дейін қыс­қарады деп болжап отыр.
Үйлі болам десең, күйлі бол!   
Қазақстанда 2007 жылдың орта тұсында басталып, 2010 жылдың шілдесіне дейін жалғасқан ипотекалық дағдарыс тұрғын үй құрылысының бәсеңдеп қалуына ықпал етті. Осы ретте Үкімет бірқатар шараларды қолға алды. Соның бірі – жылына 11 пайыздық мөлшерлемемен берілетін ипотека. Мұның мән-жайын ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин былайша түсіндіреді: «Егер де банктер тұрғын үй салуды өз мойындарына алса, онда үй құны шаршы метріне 170 мың теңгеден асып кетеді. Алайда бүгінгі таңда банктер мұндай тәуекелге бармайды. Ипотеканың осы жаңа түрін алғысы келе­тіндер банктерге 2011 жылдың ІІ жар­тысынан кейін барып, құжат тапсыру­лары керек. Бұл уақытқа дейін қандай объек­тілердің салынатыны және олардың құны белгілі болады. Мемлекеттің талабына сәйкес, үй толық біткен күйінде берілуі керек. Бұл бағдарламаға кез келген банк қатыса алады. Ешқандай шектеу жоқ. Біз үшін ең бастысы, ипотекалық мөлшер­леменің тұтынушылар үшін жылына 11 пайыздан жоғары болмауы».
Үкіметтің бұл қадамы ипотекалық несие нарығындағы қатып қалған сеңді қан­шалықты қозғайтынына уақыт төреші. Осы ретте Қазақстанның Құрылысшылар қауым­дастығының Төрағасы Айдын Ра­хым­баев: «Бағдарламада «толық біткен үйдің шаршы метрінің құны 170 мың теңгеден аспасын» деген тармақ бар. Бұл сома Қазақстанның барлық өңірлерінде үй салуға жеткілікті. Ал Астана мен Алматы қалаларында сапалы тұрғын үй салуға бұл қаржы жеткіліксіз. Құрылыстың өзіндік құнына жер учаскесі мен сол жердегі үйді бұзу да кіреді. Қазақстандағы ең қымбат жер Алматыда – шамамен 1 шаршы метріне 300-400 $. Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстары да қымбатқа түседі. Бұл қалаларда сәулет жобасы мен ғи­мараттардың технологиясына деген талап та жоғары және жұмыс күші де қымбат. Үкімет салынатын тұрғын үйлер сапалы болуы үшін аталған жобаға түзету коэф­фициенттерін енгізу керек» деп есептейді. Біздіңше, 11 пайыздық ипо­теканың өзін әлі де арзандатқан жөн. Сонымен қатар Үкімет жалдамалы үй берумен қатар, мемлекет есебінен тұрғын үйлерді көптеп салып, оны әлеуметтік санаттағы тұлғаларға жеңілде­тіл­ген бағамен сату керек. Сонда ғана ұлан-ғайыр жердің иесі өз жеріне қожайын екенін шын сезінер еді...
Гүлназ Бексұлтанова, ипотека бойынша менеджер:
Халық қазір банктен ипотека алуға қорқып қалды. Себебі, біріншіден, ипотекаға алынатын үй кепілге қойы­лады, екіншіден, жылына 13-15 пайыз­дық мөлшерлемемен несие алу да тәуекелді қажет етеді. Ипотекалық не­сие рәсімдеу барысында қарыз алу­шының табысы мен жинақтық салымы есепке алынады. Ал егер, ипотекамен үй алған адам уақытында несиені жаба алмаса, онда ол қаржы сот арқылы өндіріледі. Оған қоса, ипотека нарығы енді ғана қайта қалпына келе бастады. Сондықтан да қазір қалталы адам­дардың өзі ипотека алуда бұрынғыдай белсенділік танытып отырған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста