Уран өндірісі бойынша көшбасшылыққа Қазақстан 2030 жылы қол жеткізеді

Уран өндірісі бойынша көшбасшылыққа Қазақстан 2030 жылы қол жеткізеді

Қазақстан мен Франция уран саласы бойынша біріккен ғылыми-зерттеу лабораториясын құруды жоспарлап отыр. Ол біздегі сирек кездесетін металдарды зерттеуден бастап, соңғы кездері ресми түрде айтылып жүрген Қазақстан мен Ресейдің өзара атом электр станциясын салудағы ғылыми жобалау жұмыстарымен де ішінара айналысатын болады. Өзара біріккен бұл лаборатория «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының бір кәсіпорны жанынан ашылып қалуы мүмкін. Мұндай болжамды кеше Алматыда өтіп жатқан «Уран өндірісінің өзекті мәселелері» атты VI халықаралық ғылыми-өндірістік конференция барысында «Жоғары технологиялар институты» ЖШС бас директоры Серік Қожахметов мәлімдеді.

– Біріншіден, бізге тек қана уранды өндіру үшін өте кең таралған инфрақұрылым керек. Осы жағынан француздық әріп­тестеріміз – BRGM ком­па­ния­сымен бірігіп, ғылыми-зерттеу лабораториясын құрамыз деп жатырмыз. Біз мұндағы қатысуды тең өкілетті болады деп жоспарлап отырмыз. Фран­цуз тарапы лабораторияны соны үлгідегі ғылыми зерттеуге арнал­ған құрал-жабдықтармен қам­тамасыз етеді, сондай-ақ ондағы ғылыми қауымдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, жас мамандарымызды Фран­циядағы ірі ғылыми орталықтарда оқы­туға мүмкіндік аламыз, бұл біріккен зертхана «Қазатом­промның» бір кәсіпорнының ғылыми-өндірістік алаңы жаны­нан орын алып қалуы мүмкін. Екіншіден, қазір біздің Ресей Федерациясымен бірігіп салуға келіскен атом энергия станса­сының жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі осы жылдың аяғында екі елдің үкіметтік деңгейінде белгілі болып қалады деген үмітіміз бар, – дейді С.Қожахметов.
Аталған халықаралық жиын­да сөз сөйлеген BRGM өкілі Жан-Клод Гийаноның сөзінен ұққаны­мыздай, бұл компания қызметі, негізінен, пайдалы қазба кен орындарын барлау техникасы мен технологиясына, инже­нерлік-экологиялық ізденістерге, шикізатты тиімді пайдалану жүйесін жасауға, геодезияға бағытталған. Сондай-ақ BRGM Словениядағы, Румыниядағы атом электр стансаларын салу алдындағы жобалау, жұмыс­тарымен айналысқан. «Мысалы, үй салған секілді бір жерді белгілеп атом электр стансасын сала салу деген болмайды. Алдын ала оған арналған алаңға ғылыми зерттеу мен тексеру жүргізіледі. Одан кейін станса құрылысының жобасын жердің әрбір қыртысына қарай мо­дельдейміз. Бұл – ғылыми нақтылықты өте қажет ететін жұмыс. Жергілікті аймақтың жағрафиялық ақпараттарының бәрі мұнда маңызды», – дейді француздық ғалым. Сонымен қатар ол атом электр стансасын салған мемлекетке ядролық қалдықтарды сақтау көп мәселе туғызатындығын да еске сала кетті. Сөйтіп, өздерінің бұл бағытта Италия, Бельгия, Фин­ляндия институттарымен жүргізіп жатқан ғылыми зерт­теулерімен де жұртшылықты таныстырып өтті. Сөз соңында Жан-Клод Гийано Қазақстанмен арадағы әріптестіктің екі елдің өзара біріккен ғылыми лабо­раториясының іске кірісуі арқылы жандана түсетіндігіне сенім білдірді.
Жиында біздегі уран өндірі­сінің болашағы мен қазіргі жағдайы да ортақ талқыға салынды. Бұл ретте «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-ның бас директоры Серік Қасымұлы пікірін төмендегідей білдірді.
– Қазір жұмыс істеп тұрған 400 атом реакторына таяуда 57-сі келіп қосылады, 151 жоба жобалау барысында, 350 жоба мақұлдауға берілген. Негізі, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның атом энергетикасының барлық потенциалын зерттей келе, мамандар 550 жаңа реактор салу қажет деген қорытындыға келіп отыр. Біздің атом нарығы мамандарының есебі бойынша 1,5 триллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Қалай дегенмен де, біз биыл шамамен 18,8 мың тонна уран өндіруді жос­пар­лаудамыз. Бізде уранның қоры өте көп. Жылына тауып отыр­ғанымыз – 15-20 мыңның ма­ңайында. Бұл қор кемінде 50-60 жылға жетеді. Негізі, уран өндірісі бойынша Қазақстан 2030 жылға дейін әлемде көшбасшыға айнала алады. Ал оған дейін жаңа нарықтарға шығу үшін бізге технологиялық жағынан дамуды қамтамасыз ету керек. Атом энергетикасы нарығы – инер­циалы. Яғни Қазақстанның уранды өндіру жағынан әлемде бірінші орынды иемденуі үшін кемінде 15-20 жыл қажет.
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Владимир Школьник бұл жиынға келмей қалды. Оған белгілі бір себептер де бар. Ол атом бойынша мемлекеттік деңгейде маңызды шешімдер күтіп тұрған Украинаға Елбасымызбен бірге аттанған еді. Соңғы деректер бойынша, Украина Қазақстан және Ресей Федерациясымен бірдей деңгейде ядролық отын зауыты құрылысына қатысатын болып шешіпті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста