Уран өндіру қолға алынды
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында Солтүстік Қорасан уран кен орнының «Қорасан-1» учаскесінде жаңа кешен ашылды. Бұл жылына үш мың тонна уран өндіретін өндірістік қуатқа ие Қазақстандағы тұңғыш кеніш. «Қорасан-1» кенішінің ашылуы Қызылорда облысы өміріндегі маңызды оқиға. Сонымен қатар ол «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясы жүзеге асырған тағы бір ірі инвестициялық жоба.
Кеніштегі барлық жұмысты құрылтайшылары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ, жапонның энергетикалық компаниялары (Toshiba Corporation, TEPSO, Chubu Electric, Tohoki Electric және тағы басқалар) консорциумы және канадалық Uranium One компаниясы болып табылатын «Қызылқұм» ЖШС атқарады. Өндірілген өнімнің басым бөлігі Жапония атом энергетикасының мұқтажын қанағаттандыруға арналған.