Ұшақта тәртіп бұзған жолаушыларға кісен салу керек пе?

Ұшақта тәртіп бұзған жолаушыларға кісен салу керек пе?

«Эйр Астана» әуекомпаниясы «Бізбен бірге мансапқа жету» бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Оның негізгі мақсаты – авиациялық мамандықтарды насихаттау, компанияға инженерлер, ұшқыштар, бортсеріктер секілді біліктілігі жоғары мамандарды тарту. Бағдарлама бойынша аталмыш компания медиа-турлар өткізуді жоспарлап отыр. Онда әуекомпания қызметкерлері журналистерді авиакәсіптің қыр-сырымен жіті таныстыратын болды.
Осы ретте «Эйр Астананың» Алматыда­ғы бас ғимаратында жауапты кәсіп болып саналатын бортсеріктердің күнделікті өмі­ріне арналған бірінші меди-тур болып өтті. Әуекомпания қызметкерлері журналистер­ге бортта экипаж талаптарын орындау қан­шалықты маңызды екенін, құтқару же­лет­келері не үшін қажет және бортта шы­лым шегуге неге қатаң тыйым салынғандығы жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.
Әрбір жолаушы ұшақ қауіпсіздігін сақтауы тиіс
Дамир ТҰРҒАНОВ, «Эйр Астана» әуекомпаниясының қызметкері:
– Біздің жұмыста ең бірінші қауіп­сіздік мәселесі басты назарға алынған. Бізге алғаш жұмысқа келген әрбір борт­серік екі ай бойы қауіпсіздік төңі­ре­гінде арнайы дайындықтан өтеді. Теория мен практика қатар жүріп, ұшақ суға құласа не істеу керек, жерге құласа қалай әрекет еткен жөн, егер өрт шықса нені басты назарда ұстауы тиіс – осы­ның барлығы үйретіледі. Мысалы жо­лау­шылар ұшаққа отырғанда ең бірінші бортсеріктер апат болған жағдайда қай есіктен шығу керек, құтқару желет­кесін қалай кию керек, арнайы оттегі­мен жарақтандырылған масканы қалай кию керектігін толық түсіндіреді. Жалпы жолаушылар оттегі маскасын не үшін киюі тиіс? Өйткені ұшақтар аспанға кө­те­ріл­ген сайын молекулалар мен отте­гі­нің таратылуы сирей бастайды. Мәсе­лен жерде жүргенде өзіңізге қажетті жарты литр оттегі керек болса, бір те­рең демалсаңыз, жетіп жатыр. Ал осы қажетті оттегіні 12 шақырым биіктікте алу үшін 20 рет терең демалуыңыз тиіс. Демек, жоғарыда адамға оттегі жетіс­пей тұрады. Ал бұл өз кезегінде ең бі­рін­ші мидың жұмыс істеу функциясын те­жейді. Тіпті аспанда жүргенде оттегі же­тіспесе, айналдырған 43 секундтың ішінде мидың жұмыс істеуі тоқтап қа­луы мүмкін. Сондықтан ұшақ ұшар­дың алдында жолаушылар бортсеріктің айт­қанын ұқыпты тыңдап, оны орын­дауы тиіс. Алайда көпшілігі мұны орын­дамайды, «қойшы, неғылар дейсің, бі­рін­ші рет ұшып жүрген жоқпыз ғой» деп немқұрайдылық танытады. Бұл рет жо­лаушылар өз денсаулықтарын ой­лап, ұшу талаптарын орындаса екен дейміз.

Ұшақта темекі тарту – өте қауіпті
«Эйр Астана» әуекомпаниясының қыз­мет­кері Дамир Тұрғановтың айтуынша, 1983 жылы Канада әуекомпаниясының бір ұшағында өрт шығып, 23 адам жанып кет­кен екен. Негізі, бортта 46 адам болған көрінеді. Мамандардың болжауынша, борт­тың соңғы салонында орналасқан дәретханадан өрт шығып, оны ауыздықтау мүмкін болмаған. Осыдан кейін ұшақ де­реу жерге қонып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіру басталған. Алайда 23 жолау­шы ұшақтан дер уақытында шыға алмай, жанып кеткен. Кейін тексеру жұмыстарын жүр­гізген уақытта мамандар өрттің нақты неден пайда болғанын айта алмаған. Се­бе­бі ұшақ түгелімен жанып, күл болып кет­кен. Дегенмен болжам бойынша, ол электр сымдарының тұйықталуынан немесе дә­рет­ханада темекі тартқаннан орын алған­ды­ғы айтылды. Сондықтан әуекомпания бас­шылығы ұшақта темекі тартуға қатаң тыйым салып отыр. Десек те, бұрынғы ұш­ақ­тарда өртке қарсы қондырғылар орна­тыл­маған болса, қазіргілерде барлығы соңғы технологиямен жарақтандырылған. Қазір барлық ұшақта, оның дәретханасына дейін түтін детекторы қондырғылары ор­на­тылған. Егер қандай да бір түтін шықса, дереу экипажға дабыл қағылады. «Бірақ, өкінішке қарай, жолаушылар ұшақ дәрет­ха­насында темекі тартуын доғармай келе­ді. Дәретханада тығылып темекі тартып, оның тұқылын қоқыс жәшігіне тастай са­лады. Ал онда тез жанатын қағаздар бар, ең қауіптісі – осы. Оның үстіне, дәретхана есі­гі жабық тұрады, оны дер кезінде байқау қиын. Сондықтан өрт лапылдаған уақытта оның алдын алу қиынға соғады. Мынаны есте ұстаңыздар, инженер мамандардың ай­туынша, ұшақ айналдырған екі-үш ми­нут­тың ішінде-ақ, толық жанып кетеді. Өйт­кені онда пластик өте көп», – дейді Д.Тұрғанов.
Жоғарыда айтқанымыздай, ұшақта 23 жолаушы қалай жанып кетті? Неге олар дер кезінде ұшақтан шығып кете алмады? Өйткені олар түтіннен сыртқа қалай қарай шығатын жолды таппай қалған. Осыдан бастап бортсеріктер апат кезінде шығатын есік қайда, оған қандай жолақ сызық ар­қы­лы баруға болатынына дейін жолаушы­ларға міндетті түрде көрсететіні сондықтан екен. Ендеше «сақтықта қорлық жоқ», қан­дай жағдай болмасын, бортсеріктердің айт­қандарын орындау өте маңызды. Оны­мен қоса, ұшақта темекі тарту өте қауіпті еке­нін әрбір адам түсінуі тиіс. Себебі адам бұл арқылы өзіне ғана емес, басқа да жо­лаушыларға қауіп төндіруі мүмкін.
Ұшақта жаға ұстасу тыйылмай келеді
«Эйр Астана» әуекомпаниясы қызмет­кер­лерінің сөзіне сенсек, қанша айтса да кей­бір жолаушылар ұшақта темекі тартуын доғарар емес. Тіпті осы үшін кейде жолау­шы­лармен қақтығысып қалады екен.
Белла ТОРМЫШЕВА, «Эйр Астана» АҚ-тың бұқарамен байланыс жөніндегі вице-президенті:
– Өкінішке қарай, ішімдік ішіп алған жолаушыны ұшаққа отырғызбай қоюға біздің құқымыз жоқ. Өйткені біз жолау­шылардың ішіп алғандығын анықтай­тын қондырғысы бар жол полициясы ем­еспіз. Егер жолаушы ішімдікке сыл­қия тойып, жүре алмайтын жағдайда болса, тәртіп сақшыларын шақыру ар­қы­лы ұшаққа отыруына кедергі келтіре аламыз. Дегенмен ол ішкенмен өздігі­мен жүре алатын болса, оны ұшаққа от­ыр­ғызбауға құқымыз жоқ. Оның үсті­не, ұшақ ішінде адамдардың бір-біріне қол көтеруі ара-тұра кездесіп тұрады. Нақты айтатын болсақ, осы жылдың өз­ін­де жолаушылардың бір-бірімен жаға ұстасып қалу дерегі 140 рет орын алды. Оның 105-і әуеде болса, қалғаны жер­де болды.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының қыз­мет­кер­лері «Сондықтан бізге, бортсерік­тер­ге қақтығыс орын алғанда немесе жо­лау­шылар ішіп алып, дау туғызғанда олар­ға қолкісен (пластиктен жасалған қол бе­кіт­кіш) салуға мемлекет рұқсат беруі керек» деп есептейді. Себебі қолданыстағы заң бо­йынша негізі кісендерді тек тәртіп сақ­шы­лары ғана пайдалануы тиіс. «Бірақ құ­қық қорғаушылар аспанда емес, жерде жүреді ғой, егер ұшақ ауада жүргенде жан­жал туындаса, біз не істей аламыз?», – дей­ді әуекомпания қызметкерлері. Негізі, халықаралық тәжірибеге сәйкес, шетелдік ірі әуекомпанияларда бұл әдіс ондаған жылдардан бері қолданылып келеді екен. Бірақ бізде оны қолдануға рұқсат жоқ. Қа­зір әуекомпанияға қатысты неше түрлі дау-жанжалдарды БАҚ құралдары көрсеткен­нен кейін Көлік және коммуникация ми­нис­трлігі, авиация комитеті, Бас прокура­ту­ра органдары бұған енді-енді ден қоя бастапты. Қанша десек те, түрлі жағдай­лар­ға байланысты ашуға булыққа адам бортсеріктерге ғана емес, тіпті ұшқыш­тар­дың кабинасына дейін кіріп кетуі мүмкін. Ал бұл бүкіл адамға қауіп келтіреді деген белгі емес пе? «Сондықтан тиісті құзырлы органдар осы жағына жіті назар аударса екен» дейді әуекомпания қызметкерлері.
Бортсерік болу оңай ма?
Қазіргі кезде аталмыш әуекомпания қар­қынды дамып келе жатқандықтан, рейс­тер мен бағыттар саны ұлғайтылып, борт­серіктерге деген сұраныс артып келе­ді. Сондықтан қазір болашақ бортсеріктер­ді іріктеу «Эйр Астананың» Алматы және Ас­танадағы ғимараттарында жүргізілуде. Бұл ретте үміткерлер барлық сынақтар мен әңгімелесуден өткен соң, олармен еңбек шарты жасалып, осыдан кейін олар бар­лық халықаралық талаптарға сай келетін оқуға кіріседі. Оған қауіпсіздік бойынша, сервис бойынша, сыртқы келбет бойынша, команда құру бойынша және өзін-өзі қор­ғау бойынша тренингтер кіреді. Оқу екі ке­зең­нен тұрады, біріншісі – Алматыда, екін­шісі Германиядағы «Кондор» әуекомпа­ния­сының сертификатталған оқу орталы­ғында өткізіледі. Бұл жерде жұмысқа тұру үшін үміткерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста