Ұзату той үшін кредит алдым

Ұзату той үшін кредит алдым

Осыдан 4 жыл бұрын кредит алуыма тура келді. Аяқасты тұрмысқа шығатын болдым. Жоғары оқу орнын бітірген соң біраз уақыт «көн етіктіге қарамай, көк етікті кездеспей» жүріп қалып едім, күндердің күні өзіме ұнайтын азаматты кездестірдім. Ол да мен сияқты «қашан тұрмысқа шығасыңнан» жалыққан болуы керек, отбасын құрамыз деп келістік.

Шыны керек отбасымда жағдай нашар еді. Әке-шешем қалаға осыдан 1 жыл бұрын ғана көшіп келген. Алыс туыстарымыздың бірінің қала сыртындағы үйінде тұрып жатқанбыз. Өзім тапқан-таянғанымды Талғар жақтағы үйіміздің құрылысына саламын. Мұғалімдік аз ғана жалақы ары-бері тартқанға жетпейді. Ағам мен інім өз отбасымен әуре. Әкем аурушаң. Үнемі үйде. Анам ғана ауруханада жұмыс істейтін. Тұрмысқа шығамын дегенді естіп үй-ішімізден маза кетті. Ұзату жасамасақ болмайды, жасау алу керек, бірақ оған ақшаны қайтеміз дедік. Ақыры ойлана келе кредит алуды шештім. Күйеуім екеуміз жабылып жауып тастармыз деп ойладым. Жігітім қайда істейтінін айтпайды. Бірақ табысы жақсы сияқты көрінді.

Ақыры кредит рәсімделді. Ұзату да өтті. Жасау да алынды. Тойдан кейін ата-енемнің қолында тұра бастадық. Барған жерімнің жағдайы жақсы. Ата-енем де құрақ ұшып тұрады. Кейде шектен тыс жалпылдайды. Мұнысынан өзім де ыңғайсызданып, алдарынан кесе көлденең өтпеуге тырысамын. Күндердің күні мұның сырын білдім, күйеуімнің эпилепсиямен ауырады екен. Басында енем, оны жасырып «мұндайы жоқ еді, енді пайда болды», деп жүрген. Сөйтсем бала күннен бар нәрсе екен. Оны қайынсіңлім әңгіме арасында байқамай айтып қойды. Жасырғандарына ренжігеніммен, басқа түскенге көнуге тырыстым. Бірақ күйеуім мұнысымен қоймай кейде ішетінді, арасында қол жұмсайтынды шығарды. Қызғанып жүріп мектептегі жұмысымнан да шығарып алды.

Баяғы кредитті жұмыста жүргенде ата енеме айтпай жалақымнан төлеп жүретінмін. Үйде отырғалы сол банк берген кредит картасындағы ақшадан алып төлеп жүрдім. Кредитті кредитпен жабудан басқа амалым болмады. Кейде төлемей қаламын. Сөйтіп жыл өтті.

Үйде отырғалы күйеуіммен тіпті арамыз суып кетті. Ақыры ажырасуды шештім. Әке-шешемнің үйіне қайтып келдім. Олар не десін, бар дегенімен, шешімді бірақ қабылдағанымды айтып бас тарттым.

Қыстың кезі еді, мектептер “сағат жоқ”, деп жұмысқа ала қоймайды. Бір шеті банк те баяғы кредитимді қайтаруды сұрап, звондап қысып барады. Ақыры әрең дегенде аз ғана жалақыға колледжге іс жүргізуші болып жұмысқа тұрдым. Алғашқы жалақы тиген күні қарызымды қайтаруды ойлап, банкке бардым. 5 ай төленбеген. Өсімпұлы бар. Сөйтсем кредит картадан алған қарызым қосылып, бәрі 3 миллионға бірақ жетіпті.

Негізгі қарызым 2,5 млн еді. Оның 500 мыңдайын төлегем. Кейін кредит картасынан алған 200 мыңым қосылып, ол төленбеген соң күн сайын процент пен комиссиясы қосылып, үш миллионға бірақ жетіпті. Менеджерге жылап отырып, қарызды қайта құрылымдап беруді өтініп, арыз жазып кеттім. Екі аптадан кейін банктен хабарласып “қарызыңыз құрылымдалды”, деп қуантып қойды.

Мәз болып жүре беріппін. Кейін білсем екі қарызды қосып, пайызы мен мерзімін өзгертіп беріпті. Енді ай сайын төлейтінім ұлғайып шыға келді. Жылы да созылыпты. Банкке барып, қайта арыз жаздым. Онысына тағы екі аптада жауап келді. Өзгеріссіз. Сөйтіп жүріп істеп жүрген колледжде қысқарту болды. Тағы жұмыс іздеу басталды. Сөйтіп жүріп тағы төрт ай өткізіп алдым. Қарызым тағы көбейді. Өткенде банкке барсам 3 млн 300 мың теңге болыпты. Жұмысым жоқ. Әздеп жүрмін. Банк қоңырауына жауап бермеймін. Бұлай боларын кім білген?! Күйеуге тиерде «түгім жоқ, алсаң ал, алмасаң өзің біл» дегенімде ғой деп қоямын. Тыраштанып ұзату жасап, жасау алған не теңім?!. Ақыл айтып, бағыт берер адам да болмады. Ендігісі жұмыс іздеу. Табыс тауып жабармын. Басқа не істерімді білмеймін. Ұйқы да жоқ. Есіл-дертім сол қарыздан құтылу. Не кеңес бересіздер?

Айгүл Тілеубаева, Алматыдан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста