Вагонда орын бар, ал кассада билет жоқ

Вагонда орын бар, ал кассада билет жоқ

Көпке белгілі көптен бері темір жол кассаларында билет жоқ. Бірақ діттеген жеріне жедел жетуді қалаған адам есебін тауып, еселеп төлеп, вагонға еніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаз келсе болды темір жол билеттерінің тапшы болуына не себеп? Бағаны көтеретін делдалдарға қарсы қандай амалдар қолданылып жатыр? Кассада билет жоқ. Бірақ вагонда орын көп. Неге?

Бұл еліміздегі пойыздарға билет іздеп сабылған жолаушылардың бірнеше жылдан бері шеше алмай жүрген жұмбағы. Жауапты табуға Үкіметтегі шенділер де, үйдегі жеңгелер де тырысты. Талай жерде талқылап, әңгіме қылды. Бірақ баяғы жартас, сол жартас. Баяғы жауап сол жауап. Өзгерген ештеңе жоқ.

Жаз келсе болды темір жол билеттері тапшылығы басталады. Діттеген жеріне уақытылы жетуді қалаған жұрт әуелі қатынастың басқа түріне көз тастайды. Алайда ұшақ билеттері қалтаға ауыр. Аптап ыстықта көлікпен жүру барлығына бірдей қолайлы емес. Амалсыз айналып вокзалға келеді. Ұзын-сонар кезек күтіп, кассаға жеткенде еститін сөзі «билет жоқ».

Блиц 1:

- Екінші бағытқа билет жоқ. Ең қымбат пойызға бар - 22 мың. Одан да ұшақпен ұшып барған артық емес пе? Содан кейін мына кассаның жұмысы бұзылды. Бұзылғаны сол бір нөмірде 4-5 адамға қызмет көрсетеді.

Блиц 2:

- Билет жоқ. Ең жақын билеттер тамыздың 27-іне. Сол уақытқа алып жатырмыз енді. Барып, 10-15 күн демалып, мектепке дейін қайтамыз. Бағасын білмеймін, қазір көреміз.

Ал барар жерін алдын ала білгендердің айы оңынан туады. Себебі билетті 45 күн бұрын іздесең, вагондағы қалаған орыннан табасың және бағасы айтарлықтай арзан болады.

Блиц 3:

- 45 күн бұрын осы елордаға билетті алдық. Бағасы қолжетімді. 8-9 мыңнан алдық. Баға негізі 17-18 мың, біз 9 мыңнан алдық.

Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

- Қазақстан бойынша біздің компанияға қарасты 52 әлеуметтік маңызды бағыт бар және 11 коммерциялық бағыт бар. 52 әлеуметтік бағыт мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Сіз әлеуметтік маңызды бағыт бойынша 45 күн бұрын билет алсаңыз, билет бағасынан 25% үнемдеп қаласыз. Ал егер күні жақындаған сайын билеттің бағасы өседі. Бұның бағасы 25%-ке дейін ғана өсуі мүмкін. Одан артық өспейді.

Әрине, адамның бәрі барар жерін 45 күні бұрын жоспарлай бермейді. Сондықтан табан асты жолға шыққандар билет таппай шабылады. Есебін тауып, вагонға енудің жолын іздейді. Шырылдаған жолаушыға жақынындай болып, алып-сатар жанашырлық танытады. Осылайша, билетті бірнеше есе қымбат бағамен ұсынады. Бірақ олардың дәурені өтер күн алыс емес.

Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

- 1 шілде айынан бастап электронды билет сатудың жаңа жүйесін, яғни жетілдірілген жүйесін енгіздік. Бұрынғы жүйе бойынша егер алып-сатарлар жекеменшік кассаларда билет өткізген кезде кассир клавиатураның тетігін 10 секундта 100 рет басады. Сол кезде өткізілген билетті қағып алады. Кейінгі клиентке, алам деушіге 10-20 есе қымбат сатады.

Енді айласын асырып, асыққан жолаушының қалтасын қағатын пысықайлардың қулығы іске аспайды. Себебі кассирлердің жүйеге билетті өзі өткізіп бірден өзі алатын мүмкіндігі шектеледі. Яғни, ол билет іздеп отырып, 30 секунд ішінде клавиатураны бес реттен артық басса, билет сату жүйесі бес минутқа бұғатталады. Бұл алып-сатарлардың жолын байлайтын бірінші тәсіл.

Екіншісі, жаңа жүйе бойынша күту парақшасы енгізіледі. Тасымалдаушы компания өкілдерінің айтуынша, қазір жолаушылар тасымалындағы вагон паркі 100% қолданыста. Дегенмен, апта соңында тағы 25 вагон іске қосылады.

Билетке қатысты былықтардың беті осылай болды. Ал вагондардағы тазалық өз алдына бөлек бір мәселе.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста