Жаһандық азық-түлік тапшылығына Қазақстан дайын ба?

Жаһандық азық-түлік тапшылығына Қазақстан дайын ба?

Бүгінгі күні бүкіл ғалам үшін әсіресе, азық-түлік қауіпсіздігі аса өзекті. Мамандар азық-түлік тапшылығына әкеп соқтыратын негізгі факторлар – экология, яғни табиғи ресурстардың деградацияға ұшырауы мен демографиялық өсім және климаттың өзгеруі деп санайды. Иә, демографиялық өсім жылдан жылға артып келеді, яғни жылына 80 миллион адамға. Тарихқа көз жүгіртсек, 1920 жылы әлем халқы 1,3 миллиард болса, қазір 7 миллиардтан астам. Егер БҰҰ-ның болжамы расқа айналса, 2050 жылы жершары халқының саны 10 миллиардқа жуықтап қалуы әбден мүмкін. Негізі, халықтың 60-тан астам пайызы Азияда, 9 пайызға жуығы Еуропа тұрады. Сарапшылардың дерегіне сенсек, әр жыл сайын 900 миллионға жуық адам азық-түлік тапшылығынан зардап шексе, 10 мың бала мен 25 мың ересек адам аштықтың салдарынан өлсе керек. Әлем ғалымдары «2017 жылы жер бетінде азық-түлік жетіспеушілігі айқын сезіліп, жаһандық дағдарыс ушыға түспек» деп дабыл қағуда.

Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да мәз емес. Қазір ауыл шаруашылығының ішкі жалпы өнімдегі үлесі 5 пайыздан аспай тұр. Ал 1990 жылдары бұл көрсеткіш 33 пайыз деңгейінде болған-ды. Әсіресе, өсімдік шаруашылығы соңғы бес жылда қуаңшылықтың салдарынан тіптен ілдалдалап қалды. Бір қуантарлығы - мал шаруашылығында азды-көпті жетістіктер баршылық. Шүкір.

Елбасы Н. Назарбаевтың бүгінгі таңдағы ғаламдық проблеманың біріне айналып отырған азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне айрықша тоқталып, аталған секторды мейлінше дамытуға қол жеткізуіміз керектігін жиі қайталауы жайдан-жай емес. Сондай-ақ, бір сөзінде Елбасы жер-жаһанда халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік ахуалын күрт шиеленістіре түсетінін де атап өткен болатын.

Өздеріңіз білесіздер, әрбір адамның жылына тұтынуы тиіс азық-түліктің ғалымдар жасаған халықаралық нормасы бар. Сол нормамен салыстырғанда біздің әрбір тұрғынның азық түлікпен қалай қамтамасыз етіліп отырғандығын төменнен көрулеріңізге болады:

Бұл өткен, 2014 жылдың дерегі. Ал 2011 жылы қандай жағдай болған:

Байқап отырғандарыңыздай, айтарлықтай төмендеген. Тек жұмыртқадан басқасы. Әлбетте, қазір ішке Ресейдің тауығы мен жұмыртқасы ағылып жатқанда оған таң қалмаймыз. Тіпті отандық өнімдерді ығыстырып барады. Өйткені олардың бағасы төмен. Ал жеміс-жидек пен көкөніс жағы тіптен нашар. Мәселен, әр адам жылына 146 кг көкөніс тұтынуға тиіс болса, біз тек 60-70 кг. қанағат тұтып отырмыз. Сол сияқты жеміс-жидектің арнайы нормасы 60 кг., ал біздің шамамыз тек 18 кг-ға ғана әрең жетіп отыр.

Әңгімені «ас атасы – нанға» бұрсақ. Өткен жылдың соңғы айларында астыққа қатысты біраз жағымсыз әңгімелер тарап, жұртшылық екіұдай ойда қалған болатын. Нақтырақ айтсақ, өзіміздің отандық өнім сапасыз болғандықтан, Ресейден 150 тонна бидай сатып алсақ керек. Алайда жыл басында Ауылшаруашылық министрлігі оны жоққа шығарады, яғни «Ресейден бидай тасымалдау біздің жоспарымызда болмаған. Өнім ішкі сұранысты қамтамасыз етуге толық жетеді. Тіпті 7 млн. бидайды экспорттауға мүмкіндігіміз бар» деген мәлімдеме жасаған еді. Десек те, Азық-түлік корпорациясының дерегі рас болса, жыл да Ресейге бидай жөнелтетін біз, өткен жылдың аяқ шенінде керісінше олардан алған көрінеміз. «Қазақ-астық» ақпараттық агенттігі де өткен жылы Ресейден 150 тонна бидай алғанымызды ашық айтты. Тағы бір айта кетерлігі, өткен жылы Ресей бізге қарағанда едәуір артық астық жинаған. Азық-түлік корпорациясының болжамы бойынша, осы жылы да Қазақстанның астық тасымалы 20 пайызға төмендеуі мүмкін.
Астық жөніндегі халықаралық кеңестің болжамына сілтеме жасаған «Қазақ-астық» ақпараттық агенттігінің сарапшысы Сергей Букатов отандық БАҚ-тарға берген мәлімдемесінде:
-Экспорт осы жылы 20 пайызға төмендейді, керісінше Ресейден тасымалдау 250-300 тоннаға артуы мүмкін, - деп атап өтті.
«Осы уақытқа дейін астық экспорттаушы елдердің алдыңға қатарында жүруші едік, енді не болды?» деген сауал туындайды. Мамандардың пікірінше, бар гәп баға мен қолайсыз ауа райында. Мәселен, біздің астық өткен жылдың қазан айынан бастап 30 мыңнан 42 мыңға дейін көтерілсе, Ресей нарығында бір тонна бидай 10 мың рубль, яғни 30 мың теңге төңірегінде. Әрине, кәсіпорындар арзан баға іздейді. Оларды қазір ресейлік бидай қызықтырып отырса, оған таң қалмаймыз.
Жалпы, Қазақстан өткен жылы 17 млн. тонна астық жинаған болатын. Ал экспорт (2013-2014жж) 9,3 млн. құрады.
Ауыл шарушылығын қайтсек жақсартамыз? Дамыған елдер аталған саланы қаржыландуда сараңдық танытпайды, керісінше жеткілікті қамтамасыз етіп отырады. Бізде ше, банктер ауылға қаржы бөлуге асықпайды, инвесторлар да белсенділік танытып отырған жоқ. Аграрлық секторды қаржыландырушы негізінен – үкімет. Алайда ол ақша барлық жыртықты жамауға жетер емес. Табиғи жағдайға тәуелділік жағы тағы бар. Шикізаттың дер кезінде өңделмеуі өз алдына үлкен бір проблема. Өйткені, сапалы техника жағы ақсап тұр. Салдарынан қаншама еңбек зая кетіп жатады. Оны да мойындау керек.
Сөз соңында айтарымыз, әлемдік тұтынудың артуы мен табиғат апаттары салдарынан шикізат пен энергия ресурстары бағасы көтеріліп, өз кезегінде ол азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Соның зардабынан жер бетінде әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығып кету қаупі бар. Осы тұрғыда Елбасы үкіметке орасан зор міндеттер жүктеп отыр. Біз табиғи ресурстартарға бай елміз. Демек, ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндігіміз жетерлік. Ондай болса, осы басымдығымызды игілігімізге тиімді жұмсасақ болды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста