Жалған дәрі жылына 1 миллион адамның өмірін қияды

Жалған дәрі жылына 1 миллион адамның өмірін қияды

2009 жылдың мау­сы­мында Нигерияда безгекті емдеуге арналған дәрі-дәр­мектің ірі партиясы ұсталды. Жалпы құны 210 мың дол­лар­дан асатын тауар Қы­тай­дан жеткізілгенімен, қо­рап сыртында «Үндістанда жасалған» деген жазу болған. Үндістан сауда министрлігінің өкілдері Оңтүстік Африка Рес­публикасы, Гана, Кот-д`Ивуар және қара құрлықтың өз­ге де елдеріне жалған дәрі-дәрмек жіберетін Қытай компанияларын анық­та­ды. Қытайдың құқық қор­ғаушылары да қарап қалған жоқ, саудаға қатысы бар ал­ты адамды құрықтады. Олар түгелдей өлім жазасына кесілді.
Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының «Жер бетінде өндірілетін жал­ған дәрі-дәрмектің 60 пайызы Қытай­дың үлесінде» деген мәліметі таң­ғал­дыр­майды. Ал әлем бойынша оның айналымы 30 миллиард доллардан асып кетеді. Көп елде жалған дәрі-дәрмек жалпы айна­лым­ның оннан бір бөлігін, кей елдерде тең жар­тысын құрайды. Статистика үрейлі, жалған дәріні қолдану нәтижесінде жылына 1 миллион адам жарық дүние­мен қош айтысады екен. Бірақ қалтасын қам­пайтқысы келетіндер статистикаға пыс­қырмайды да. Себебі бұл өндіріс пайда табу жағынан есірткі мен қару-жарақ саудасынан кейін үшінші орында тұр.
Ал «көшірме» дәрінің түрі көп. Бірақ, негізінен, «ақ» және «қара» деп екіге бөлі­не­ді. «Ақ» түрі барлық технологияны сақ­тау арқылы әзірленеді. «Қара» түрін өн­ді­ру­ші авторлық құқықты бұзу, салықтан жал­­тару және тіркеу мен сапаны бақылау ке­зеңдерінде қаржы үнемдеу есебінен пай­даға кенеледі. Әйтсе де мұндай өнім­нің сапасына ешкім кепілдік бере алмайды.
«Қара» түрі сапасы жағынан да, құ­ра­мындағы әсер етуші заттардың саны жа­ғынан да талапқа сай келмейді. Мә­селен, қым­бат дәрінің заттаңбасын (эти­кетка) арзан түрінің сыртына жапсыра са­луы мүм­кін. Не болмаса мерзімі өтіп кет­кен дәрі сыртындағы қағазды ауыс­ты­ра­ды.
Біздегі жалған дәрі-дәрмек нарығы 10-12 пайызды құрайды деген мәлімет бар. Бұл – 120-130 миллион долларға тең. Дәрі-дәр­мек сапасын қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған бірқатар шараларға қарамас­тан, дәрі контрабандасы да, контрафакт өнім өн­дірісін де жоқ деп айта алмаймыз. Ма­мандардың айтуынша, оны шектеу де мүм­кін емес. Өйткені жалған дәрі-дәрмек өн­ді­рісі – транс­ұлт­тық, әлемдік маңызы бар мә­селе.
Одан кейін дәрі-дәр­мек­тің «дженерик» деген түрі де соңғы кезде бас қатыратын мәселеге ай­нал­ды. Сол себепті дә­рі­ха­наға кірген әрбір адам мынаны есте сақтауы қажет: дәрі-дәр­мек түп­нұс­қа және дже­не­рик деп екі топқа бө­лінеді. Дәрі жа­сап шы­ға­ру­шы жаңа фор­му­ла ойлап тапқанда, осы дәріні ал­дағы 20 жыл ішін­де өндіріп, сатуға тыйым салатын па­тентті иеленеді. Бұл түсінікті де, себебі зерттеуге жұмсалған көп қаржыны қайтарғысы келеді. 20 жыл­дан соң патент мерзімі аяқталып, дәріні шы­ғаруға басқалар да кірісе алады. Алай­да технологияны жетілдіруге көп шығын жұм­салмай­тын­дықтан, әлгі дәрі дәл сондай са­памен шығарылмайды. Дженерик деген – осы.
Сонда дженерик жақсы ма, жаман ба? Бұл сауалға жауап табу қиын. Емдеуші дәрі­герлердің айтуынша, дженериктердің тиім­ділігі анағұрлым төмен. Бұл тіпті бас аурудың қарапайым таблеткасына да қа­тыс­ты. Кей кезде ауруға әсер ету үшін түпнұсқаға қарағанда дженерикті 2-4 есе көп мөлшерін қолдануға тура келеді. Сайып келгенде, науқас 2-4 есе шығын­далуы мүмкін.
Оның үстіне дженерик бағасы түп­нұс­қа­ға қарағанда арзан. Сол себепті де дже­нерик кедейдің дәрісі саналады. Бірақ дә­рігерлер мүмкіндігінше дәрі-дәрмектің түп­нұсқасын сатып алуға кеңес береді. «Қал­таң көтермесе, тым құрығанда дамыған елдер­дің дженериктерін сатып алуға тырыс» дей­ді. Бірақ оның да жалған боп шықпайтынына ке­піл­дік тағы жоқ.

Жалған дәріні қалай ажыратуға болады?
Сапалы көшірменің түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ. Сыртқы қорабы, штрих-код, шығу мерзімі, голограммасы күмән туғызбайды. Оны тек химиялық-фармацевтикалық зерттеу арқылы ғана анықтауға болады. Алайда кейбір көшірмелерді тұтынушы өзі де анықтай алады. Полиграфиялық безендірілуі нашар, логотипі бұлдыр, нұсқаулығы қате, сақтау мерзімі мүлде көрсетілмейді, штрих-коды шығарушы елге тиесілі емес. Тағы бір ереже: нарықта баға сан құбылғанымен, мұнда бағаны екі есе құлдырату деген кездеспейді. Сондықтан әдеттегіден арзан дәрі ұсынғанға алғыс айту артық. Әрі жалған дәрілер көбіне шағын дәріханаларда, базарда, жерасты жолдарында көп кездеседі. Беделіне мән беретін ірі дәріханалар бұл жағына сақ келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста