Жарма мен ұн өнімдерінің бағасы өсті

Жарма мен ұн өнімдерінің бағасы өсті

Семейде нан, ұн, күріш пен қара құмықтың бағасы өскендігін  ҚазТАГ агенттігінің тілшілері жүргізген мониторингі көрсетті.
Ағымдағы жылдың ақпан айында жүргізілген алдыңғы мониторингпен салыстырғанда  Семейде нан бағасы - Т2-ге, ұнның 1 кг - Т8, күріш - Т113, қарақұмық - Т5 қымбаттаған.
Сатушылардың айтуынша, Семей дүкендерінде 1 сәуірден бастап азық-түлік өнімдерінің бағасы орташа бағамен Т10-20-ға көтерілген.  Ол тек жармалар мен нан өнімдеріне ғана  емес, Шығыс Қазақстан облысы өндірушілерінің   сүт, қышқыл сүт өнімдеріне де қатысты. Сондай-ақ көкөніс өнімдері де қымбаттаған.
Мысалы, Семейде күріштің 1 килограмын Т287-ге, Өскеменде Т279-ге, Атырауда Т145-ке сатып ала аласыз.
Сонымен қатар, қарақұмықтың ең арзан бағасы Атырауда -Т97, ал Шымкентте оның 1 килограмы Т262 тұрады. 
1 кг макаронның бағасы Қарағандыдағы Т114 пен Талдықорғандағы Т255 аралығында құбылып тұрды.
1 сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы Тараздағы Т38-ден Алматыдағы Т62 аралығында.
ҚР барлық өңірлері арасында ұнның ең қымбат бағасы Таразда 1 кг - Т168, ең арзаны Семейде Т80, Ақтөбеде - Т91.
Еске салсақ, ҚазТАГ тілшілері азық-түлік бағасын есептегенде әр өнім бағасын үш сауда нүктесінде: супермаркетте, базар мен тілшінің үйінің жанындағы дүкендерден алып, орташа бағасын шығарып, еліміздің басқа қалаларындағы бағамен салыстырады. Ұсынылып отырған кестеде әр қалалардағы орташа бағалар салыстырылып беріледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста