Жеке компаниялар Талдықорғанды газдандыруды өздері тежеп отыр
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Жайық Алишевтың айуынша, Талдықорған қаласын газдандыру баяу жүріп жатыр. Бұл жағдайға себеп, газдандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп отырған кейбір жеке газ компанияларының салғырттығы деп санайды филиал директоры.
«Олар газ жүргізіп береміз елден деп ақша жинап алған, ал жұмыстарын сапасыз орындады. Айтпақшы, кәсіпкерлердің газ тарату желілерін салуға көп ақша бердік деп отырғаны бекер», – дейді Алишев.
Оның айуынша, ҚР «Газ және газбен қамтамасыз ету» туралы Заңының 12, 5 бабына сәйкес, нысандарға газ жүргізу жүйесін магистральды газ өткізгішіне немесе газ тарату құрылғысына қосу, топтық резервуарды орнатуға жұмсалатын қаржы газ қосылатын нысандардың иелері есебінен жұмсалады. Яғни, Алматы облысындағы газ жүргізумен айналысатын 45 компания миллиондаған қаржы шығарған жоқ, олар абоненттердің өз есебінен газ өткізуде. Сондай-ақ олардың атынан филиалға бірде бір шағым болған емес, қайта алғыс хаттар жолдайды.
Нәтжесінде, Жайық Алишев атап өкендей, газ жүргізуға толық сомасын төлеп қойған тұтынушы зардап шегеді, олар газдың қосылуын күтіп, әлі көмір жазуға мәжбүр.
«Өздерінің сапасыз, сауатсыз жұмыстарын жасыру мақсатында кейбір компаниялар бар кінәні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалына арта салғылары келеді және бізге газдандыруға монополиялық құқық иелендіріп отыр. Алайда біз газдандыру саласы бойынша (жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстары) монополист емеспіз. Мұндай қызмет бәсекеге қабілетті ортада болады және ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес басқарылатын қызмет түріне жатпайды» , – дейді филиал директоры.
Басқаша айтқанда, мұндай қызметтерді осы салаға қатысы лицензиясы бар кез келген ұйым орындай алады. Қызмет көрсету құны нарық бағасына қарай белгіленеді, ал тұтынушылар қызмет көрсетушілерді өзі таңдайды.
«Газ құрылғыларын іске қосқан кезде (газды реттеуші, газ пеші) белгілі бір мәселелер туындайды: кейде су, құм, топырақ, тас көп мөлшерде түсіп кетеді. Осының бәрін қызмет көрсетушілер тексеруі тиіс. Содан кейін ғана нысанға газ беріледі. Мысалы, «KBS GAS» ЖШС компаниясының технкалық талапқа сай емес жұмыстарынан кейін Текелі қаласының тұрғындары әлі газсыз отыр», – «ҚазТрансГаз АймаҚ» филиал басшысы.
Бүгінде суға байланысты 1576 нысанда газ өшірілді (жылыту маусымында газ сөндіруге қатысты 88 тапсырыс түсті). Осы фактілер жаңа үйлерге газ жүргізуде филиал имиджіне кері әсер етті, 500-ден астам абонент табиғи газ қосудан бас тартты.
Кейде газ қосар кезде кейбір компаниялардың техникалық шарттарына үйді сату-сатып алу келісімшартына, топографиялық көрінісіне қатысы талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлар да кездеседі.
«Табиғи монополиялар саласында қызмет көрсетудің өзіндік шарттары бар, талап сондай. Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 29 желтоқсанындағы № 175 қаулысымен бекітілген ережелер. Топотүсірілім жасауды алып тастау туралы біздің филиал атынан Алматы облысының әкімі орынбасарына, Табиғи монополияларлы реттеу және бәсекелестікті дамыту комитетіне хат жолдадық Алайда комитет жоғарыдағы Ережегеі сілтеме жасап, топотүсірілім жасауды алып тастаудан бас тартты», - деп түсіндірді Жайық Алишев.
«Бірқатар мәселелерге қарамастан біздің филиал 2018-2019 жылғы жылыту маусымының ешбір оқыс оқиғасыз өткізуде. Жетісу өндірістік филиалының басты ұстанымы облыс тұынушыларын қауіпсіз, үздіксіз газбен қамтамасыз ету», - дейді Жайық Алишев.