Жеміс-жидекті неге сырттан тасымалдаймыз?

Жеміс-жидекті неге сырттан тасымалдаймыз?

Қазақ жері кең-байтақ дейміз. Осылайша мақтануға әуеспіз. Оны жөн-ақ делік. Ұлан-ғайыр даланың барлығы түгін тартсаң, майы шығатын құнарлы емес. Аттылы адамға айшылық алыс жол болатын жерімізде шұрайлы, жартылай шөлейт және шөлді аймақтарды кездестіре аласың. Алайда егін-терімге қолайлы өңірлерде ауыл шаруашылығы саласын қалай дамытып отырмыз? Оның ішінде жеміс-жидек өсіру жайы қалай? Таразыға тартқан адамға бұл сауалдың жауабын табу ешқандай қиынға соға қоймайды. Күзгі мезгілде ағыл-тегіл жиналған өнімнен молынан ауыз тиіп жатамыз. Ал одан кейін еріксіз сыртқа көз тігуге мәжбүр боламыз. Бұл – күнделікті көзіміз көріп жүрген жағдай. Ауыл шаруашылығы бір ғана бидай өсіруден тұрмайды. Өкінішке қарай, қалған дақылдардың жиналу деңгейі бұл мәселеге түбегейлі бетбұрыс жасауды қажет етіп отыр. Жүзім және жеміс-жидек шаруашылығына да салғырт қарамауымыз керек.
Қазір базарға барсаңыз, елдің жеңсік асы саналатын жүзім, өрік, шие, алмұрт, алма, шабдалы секілді жеміс өнімдерінің бағасынан бас айналады. Тіпті олардың кейбірі сөреден мүлдем кездеспейді. Қыстың көзі қырауда жүзімнің бір келісіне қалтаңнан 800-1000 теңге шығын етуге тура келеді. Қалғаны да асау аттай жалына қол тигізбей тұрғаны тағы бар. Алыпсатар қалтасының қалың болғанына мәз. Есесіне қарапайым халық одан зиян шегіп отыр. Шындығын айтқанда, екінің бірінің жеміс-жидекті күнделікті тұтынуға шамасы келе бермейді. Тіпті оларды айына тұтына алмайтын жұрттың қарасы біраз. Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрақ тапқан Қазақстан үшін бұл өнімдерді сырттан тасымалдауы қалай болады?
Мамандардың айтуынша, қыс айла­рын­да жеміс-жидек, негізінен, Қытай, Өз­бекс­тан, Қырғызстан секілді елдерден ке­леді екен. Тұрмыстық ахуалы бізден көш тө­мен өзбек пен қырғыз шаруалары қара жер­ден осылайша несібе теріп, тіршілігін қам­сыз жасап жүрген жағдайы бар. Шын­дығын айтқанда, кезінде бізде де жеміс-жи­дек көлемі қазіргіден біршама артық болды. Алайда 90-шы жылдардан кейін со­лардың көбісі құрып кетті. Оған ешкім мән бере қойған жоқ. Жекенің қолына өтіп, кезінде қаншама адамның еңбегі жұм­салған алқаптар талан-таражға ұшы­ра­ды. Нәтижесінде біз еріксіз өзгенің қо­лына қарайтын тәуелді күйге түстік. Бүгінгі күні қай өңірде қанша көлемде жеміс-жидек өсіп жатқанын ешкім де дөп басып айта алмайды. Кезінде осы бағытта тия­нақ­ты тірлік жасаған шаруашылықтар ша­ңы­рағы ортасына түсті. Түрлі жағдайларға бай­ланысты жеке бағбандар да есік ал­дындағы көгеріс көлемін кемітті. Айналып кел­генде, бұл жеміс өнімін жинауды мүл­дем төмендетіп жіберді.
Қазақстанда қазір қанша көлемде же­міс ағаштары бар, одан қаншалықты өнім жи­нап жүрміз? Бұл тақырыпта зерттеу жүр­гізіп көргенбіз. Өкінішке қарай, қолымызға тұ­щымды дерек тие қойған жоқ. Ашығын айт­қанда, жеміс шаруашылығы бізде мүл­дем ұмыт қалып бара жатқан секілді. 90-шы жылдарға дейін елімізде бұл бағытта еңбек еткен арнайы шаруашылықтар болғанын білеміз. Одан бергі жағдай қалың қауымның назарынан тыс қалып тұр.
Дәулет ИБРАГИМОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты:
– Біздің Сыр өңірінде аталмыш жұ­мыс­­тарға маманданған арнайы шаруа­шы­лықтар болды. Олардың қата­рында Жаңақорған ауданындағы «Юби­лей­ный», «Алмалық», Шиелі ауданындағы «Ал­малы» ауылдары бар. Дегенмен қазір бұл елді мекендерде сол бақ­тар­дың орны да қалмаған. Жалпы алғанда, же­міс ағаштары 40-50 жылға дейін же­міс береді. Ал жаңағы ауылдарда сол ағаштар аяусыз оталып кетті. Оған еш­к­ім де мән бермеді. Соның сал­да­рынан күнделікті ішіп-жемге қажетті жеміс-жидек түрлерін өзге елдерден тасымалдап жүрміз. Әзірге мұндай ша­руа­шылықтарды қайта қалпына кел­тіруге ешкім назар аударып отырған жоқ.
Біз қолда бар мүмкіндікті пайдалана ал­май жүрміз. Біріншіден, бізде жеміс ағаш­тарына қажетті алқаптар жетіп-ар­тылады. Екіншіден, бұл ағаштар суды өте көп қажет ете бермейді. Үшіншіден, елдің арасында жасыл желектің бабын білетін бағ­бандар жетерлік. Төртіншден, бұл ба­ғыт­та ғалымдар шығарған жаңа сорттар көп. Ендеше, осындай мүмкіндік көзін неге тиімді пайдаланбаймыз? Бәлкім, арқа тер­летіп еңбек етуден қашып жүрміз бе? Бол­ма­са өзбек пен қырғыздар секілді жер то­ңы жібісімен бау-бақшалықты баптай біл­мейміз бе?
Әлемде Түркия мемлекеті жеміс-жидек өндіруден алдына жан салмай отыр. Мына де­рекке көз салыңыз, түбі бір түрік ба­уыр­лар өрік пен шиені шетелге шығарудан бі­рін­ші келеді екен. Осыдан екі жыл бұрын ол елде 695 мың тонна өрік, 418 мың тон­на шие алыс-жақындағы ағайынға жол тар­­тыпты. Сондай-ақ осы өнімдерді экс­порт­­тау жөнінен Иран, Италия, Испания, Ал­­жир, Пәкістан секілді мемлекеттер ал­дың­ғы қатарда келеді. Өрік өнімін жи­нау­дан ала тақиялы өз-ағалар алғашқы үш­тік­те болса, шие жинаудан бірінші он­дыққа табан тіреген. Өзбектер қара жердің қа­ді­рін біледі. Олар ауыл шаруашылығы са­ла­сын да табыстың көзіне айналдырған. Ал біздер түрлі сылтау айтуға әуеспіз. Ба­бын біл­сең, жер де жомарт емес пе?! Өкі­ніш­тісі, көр­шінің еккен жеміс-жидегін қым­бат ба­ға­­сына сатып алудан әріге аса алмай жүр­міз.
Қазақстанда жеміс-жидек негізінен оң­түс­тік өңірлерде өсіріледі. Оның ішінде Ал­маты, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыс­тары оларды өсіруге өте қолайлы. Өкінішке қарай, осындай мүмкіндік бола тұрып, аталмыш облыстар да жеміс-жидекті сырттан тасымалдайтын күйге жеткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста