Жер қадірін кім білсін?

Жер қадірін кім білсін?

Биыл «Дүниежүзілік жер қыртысы» жылы. Римде, Нью-Йорк және Сантьяго-де-Чилиде жер қыртысын қорғауға үндеу мақсатында арнайы шара да өтті. Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша бүкіл жердің үштен бірі эрозия, герметизация, тұздану, т.б. әсерінен әбден тозған. Жердің тозуына топырақ құнарының төмендеуі, жерді дұрыс игермеу және оны бейберекет пайдалану нәтижесінде органикалық заттардың азаюы негіз болған. «Топырақ дүниежүзілік өндірісте маңызды рөлге ие, бірақ әлем жұртшылығы оны қорғауға, сақтауға селқостық танытуда», — деді, БҰҰ-ның «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі ұйымының» бас директоры Жозе Грациану да Силва, 5 қаңтарда өткен дүниежүзілік жер қыртысы күніне арналған шарада сөйлеген сөзінде. 

«Құнарлы топырақ азық-түліксапасына ғана әсер етіп қоймай, медициналық өнімдердің, судың тіпті ауаның құрамына да әсер етеді. Топырақ құнарсызданса сел, құрғақшылық сияқты апаттар көбейеді», — деді, басдиректор. Қазіргі таңда әлемде 805 миллион адам азық-түлік тапшылығынан аштыққа ұрынуда. Жер бетінде адам санының өсуі азық-түлікті 60 пайызға дейін көбейтуді қажет етуде. «Өнім өндіру қай жағынан алып қарасаң да топыраққа тәуелді, сондықтан жердің құнарлығына мән беруіміз керек», — деп, атап көрсетті Грациану да Силва.
Қазірдіңөзінде жалпы жердің 33 пайызы пайдалануға жарамсыз боп қалған. Егер адамзат жер ананың тағдырына селқос қарауын тоқтатпаса 2050 жылы 1960 жылдардағы тың жердің тек төрттен бірі ғана қалмақ. Топырақтану ғылымдарының теориялық негізін салған Ресей ғалымы В.В. Докучаев « Топырақ көмірден де, тіпті мұнай мен алтыннан да қымбат» деген екен. Ең бастысы 1 шаршы сантиметр топырақты қалпына келтіру үшін бірнеше мың жыл қажет екендігін неге ескермейміз?
Топырақтың басқа ресурстардан ерекшелігі, күтіп пайдаланса, құрамы жақсарып, құнарлана түседі екен. Табиғатты құрметтеуді ұмытқан пенделердің немқұрайлы әрекетінен топырақ құнарсызданып, егістік жерлер жылына 1,5 миллион гектарға дейін азайған. Ақшаға шаққанда бұл 2 миллиард доллар шамасында. Бүгінде шет мемлекеттердің талайы топырақты ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлшегі ретінде қарастыруға көшкен. Мәселен, Ресей ғалымдары «Топырақ туралы заң» қабылдау қажеттігін ұсынуда. Әлем бойынша адам санының өсуі мен жерді дұрыс пайдаланбау нәтижесінде жыл сайын 7 миллион гектар топырақ пайдалануға жарамсыз боп қалуда. Әр адам басына шаққандағы топырақ мөлшері жылына 2 пайызға кемуде. Жыл сайын жер бетінде адам саны 80 миллионға көбейеді екен. Осы тұрғыдан алғанда жер өнімділігі жылына 24-30 миллон тоннаға өсіп отыруы керек.
Өңделетін жер көлемі Еуропада 30 пайыз деңгейінде, ал Үндістан жерінің тең жартысы егістікке арналған. Африканың 27 пайызы жайылымдық жер, бұл құрлықтың 44 пайызы шөлге жатады. АҚШ жерінің 20 пайызы, Канаданың 7 пайызы игерілген. Латын Америкасындағы жердің жартысынан көбі орманды, өңделетін жер 7, жайылым 26 пайыз көлемінде. Жалпы жер шары бойынша дұрыс пайдаланылмаған жер көлемі бәрінен асып түседі. Азия жерінің 600 мың шаршы шақырымы игеруді қажет етсе, Америка құрлығында бұл көрсеткіш 700 мың шаршы шақырым. Жердің тозуына урбанизацияның әсері қомақты. Америкада қалалардың көбеюінен жылына 350 мың гектар егістік жоғалады екен. Соңғы 300 жылда жер бетіндегі ормандар екі еседен артық деңгейге дейін азайып, шөл-шөлейт аймақтар көбейген.
Жердің тозуына негізінен климаттық, гидрогеологиялық, фито және зоогендік факторлар себеп болуда. Қазақстанның жер ресурстарын сақтау мәселесіне келсек, республикадағы өзекті экологиялық мәселенің бірі осы. Бүгінгі таңда республиканың 60 пайыз жері құнарсызданған. Жалпы жер көлемі 272,5 миллион гектар болса, ауыл шаруашылығына 222,5 миллион гектар тиесілі. Оның 33,7 миллон гектары егістік, 187 миллион гектары жайылымдық аймаққа жатады. Қалған 1,8 миллион гектары көп жылдық көшеттерге арналған. Қазақстандағы жердің тозуына ауыл шаруашылығы өнімдерінің қарқынды түрде өсірілуі, кен өндірісінің үдетілуі және ескі сынақ полигондары себеп болуда.
Елдің солтүстігіндегі жердің әбден игеріліп біткендігі сонша топырағы құнарсыз өңір саналады. Жер ресурстары жөніндегі агенттіктің 2010 жылғы мәліметі бойынша, Солтүстік Қазақстанның 19,1 миллион гектар жері эрозияға ұшыраған. Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының топырағы да құнарсыз деңгейге жеткен. Бүгінгі таңда еліміздегі 303,1 мың гектар жер эрозияға қарсы шаралар қолдануды қажет етеді. Егістік жерлердің эрозияға ұшырауы 13,3 мың гектар деңгейін көрсетуде. Оның көп бөлігі Ақмола облысына тиесілі. Бұндай өңірлерде егін егуге болмайды.
Республикадағы эколгиялық ахуал әлем назарын аудартып отырғаны белгілі. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жоғары деңгейде шешілді деуге болмайды. Егер осықалпында кете берсе, болашақта республика экологиялық қауіпті аймақтардың қатарына қосылуы әбден мүмкін. Мұнай-газ ресурстарының қарқынды түрде өндірілуі топырақтың құрғауына, судың, ауаның ластануына әкеп соғуда. Ластанған су экологиялық зиянды заттарды сақтаушы болып табылады. Елімізде лас су көлемінің көбеюі де топырақ сапасына кері әсер етуде. Республикадағы жердің 60 пайызы 10 километрге дейінгі тереңдікте адамның қолымен бүлінуде. Жердің 6 пайызын әскери, ғарыштық, сынақ полиондары алып жатыр. Батыс Қазақстанда мұнай-газдың көп өндірілуі республикажерінің құнарсыздануын жылдамдатуда. Еліміздегі 1,5 миллион гектар жер мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған. Мұнайдың әсерінен жер қабатының ластану мөлшері негізінен Атырау облысына тиесілі – 59 пайыз. Ақтөбе облысының 19 пайызы, ал Батыс Қазақстанның 13 пайызы мен Маңғыстау жерінің 9 пайыз аумағы табиғи ресурстардан ластанған. Жалпы республикада табиғи ресурс қалдықтары 21 миллиард тоннаға жеткен. Арал өңірінің экологиялық зардаптары республикажерінің сапасына зиянды әсер етуде. Аралдан шыққан тұзды, шаңды ағыстар 150-500 шақырымға дейін таралады екен. Аралдан шыққан тұзды шаң 25 миллион гектарға таралған.
2011 жылғы Жер ресурстары комитетінің дерегі бойынша республикажерінің 184 693 гектары бұзылғандығы анықталып отыр. Оның 51 912 гектардан астамы өңделген. Өндірістің әсеріненжері бұзылысқа ұшыраған аймақтардың қатарына Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары жатады. Бұзылған жерде негізінен фабрикалар, зауыттар орналасқан. Өндіріс ошақтарынан шыққан ауыр металдар топыраққа қонып, қоршаған ортаны ластауда, өсімдіктердің жойылуына әкелуде. Мамандардың айтуынша, жер экологиясы мәселесін шешу үшін Қазақстаның әр аймағына әртүрлі амалдар пайдалану қажет, Өйткені бір аймақтыңтопырағы екіншісіне ұқсамайды. Қазақстан жерінің сапасын жақсарту үшін арнайы заң қабылдау қажет. Қазіргі кезде жерді ластаушылар тек салық төлеумен ғана шектеледі. Бұзылған жерді қайта өңдеумен айналысып отырған мекеме бар ма? Тұрғындар жерді тек пайдалануды біледі, оны сақтауды ойламайтын болды. Соның кесірінен жердің биоөнімділігі төмендеуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста