Жол салуда жаңа технология пайдаланылады
М. ЕСЕНҒАЛИЕВ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры
Елімізде «ҚазАвтоЖол Kaztraffic–2014» және «КазАвтоДор» 2014 ІХ Халықаралық көрмелері өтті.
Көрмеге құрылыс компаниялары, жол құрылысындағы жаңа технологиялармен айналысатын жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар әлемнің озық елдерінің компаниялары, яғни Германия, Франция, Ресей, Украина, Венгрия, Австралия, Түркия елдерінің өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты – өзара тәжірибе алмасумен қатар, көршілес елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
Халықаралық көрме барысында, жол құрылысындағы ең жаңа технологиялар ұсынылып, олардың артықшылылықтары талқыланды. Модифициялайтын қосымшаларды қолдану жолымен асфальт-бетон жамылғысының сапасын жетілдіру – бұл битум мен асфальт-бетонды пайдалану қасиеттерін арттырудың тиімді әдісі болып табылады. Битумның ыстыққа төзімділігін көтеріп, созымдылық интервалын кеңейтеді де, битумның тас материалдармен тұтасуын жақсартады.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның осы салада өткізген зерттеулерінің нәтижелері полимерлерді қолдану арқылы асфальт-бетонның беріктігін, жарылуға және шөгуге төзімділік қасиеттерін арттыруға болатындығын дәлелдеді.
Қазақстанның жол саласындағы қызметкерлерін көрме барысында, ұсынылған жаңа технологиялардың тиімділігі бей-жай қалдырмады. Еліміздегі ауа райының қыс кезіндегі суығы мен жаздағы ыстығы автомобиль жолдарының пайдалану мерзімін төмендетеді. Көрмеде көрсетілген технологияларды пайдалану арқылы жол саласындағы құрылысты жетілдіре түсуге болатындығы анықталды. Мысалы, бүгінгі таңда, Батыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу үшін бұрын қолданылмаған жаңа технологиялар пайдаланылады. Бұл «РФ шегарасы (Самараға қарай) – Шымкент» автожолының «РФ шегарасы (Самараға қарай) – Орал – Ақтөбе» телімін қайта жаңғырту кезінде жол жамылғысының жоғарғы қабаты шағылтасты-мастикалық асфальтты бетонмен орындалды. Жаңа технология жолдың пайдалану мерзімін арттыра түседі. Текше тәрізді берік шағылтастың жоғары мөлшері шөгуге, су мен аязға төзімділіктерін арттырады. Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» Ақ ҰК Батыс Қазақстан облысындағы филиалы Елбасы Жолдауында жүктеген тапсырмалар уақытында орындалуына ат салысуда.
Мемлекет басшысының озық және дамыған көлік инфрақұрылымын салу бойынша, тапсырмаларын орындау кезінде жол саласының қызметкерлері жол құрылысының сапасына және жаңа технологиялардың енгізілуіне ерекше назар аударады.
aikyn.kz