Жолаушы тасымалына жүйелілік керек

Жолаушы тасымалына жүйелілік керек

Жолаушыларды тасымалдауға да арнайы лицензия керек! Мұндай мәлімдемені еліміздің Көлік және коммуникация министрлігі таратып отыр. Соңғы кездері жолаушылар тасымалына байланысты қалааралық және халықаралық жолдарда жолаушылардың қауіпсіздігі мүлдем ескерілмейтінін; осыған байланысты жол-көлік апаты жиі­леп кеткенін; жолаушыларды тасымалдауға мүлде рұқсаты жоқ ком­паниялардың көрсеткіші артып отырғанын; айналып келгенде, олар­дың мемлекетке салық төлеуден жалтаратынын; бұған қоса, қай­сыбір жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың сақтандыру құ­жаттары, көлікті техникалық рәсімдеуі жалған құжат екенін тіз­белеген Көлік және коммуникация министрлігі ендігі кезекте бұл мә­селеге мамыражай қарай алмайтындығын қатаң ескертті. Ми­нистрліктің мәліметінше, еліміздегі жолаушыларды тасымалдайтын авто­бус­тар­дың 83 пайызының мүлде тозығы жеткен. Тіпті тексеру бары­сын­да елі­міз­де пайдалану мерзімі 20 жылдан асып кеткен автобустар табыл­ған.

Лицензиялау ұтымды ма?
Негізінен, жолаушыларды та­сы­мал­дау­ды лицензиялау туралы сөз етер болсақ, ли­цензияны алу үшін әрбір та­сы­мал­дау­шы­ның біліктілігі талапқа сәйкес болуы мін­детті. Сосын жолсапарға шығарда тұрақ­ты тасымалдаушы да, тұрақсыз тасы­мал­даушы да автобусты техникалық тексе­ру­ден, ал автобус жүргізушіні медициналық тексерістен өткізуге міндетті болады. Жал­пы, бұл жүйе тұрғысында мамандардың де­ні: «Әрине, мұның өзіндік ұтымды тұс­та­ры да бар. Жолаушылар тасымалына ли­цен­зиялау түрін енгізсек, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын көлік ком­па­ния­ларының саны азаяр еді. Десек те, бұл түйткілді шешетін бір ғана қадам – ол үшін елдегі жолушылар тасымалы проб­ле­ма­ла­рына қатысты кешенді зерттеу жүргізу ке­рек», – дейді.
Бұл ретте, экономист  сарапшы Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ:
– Жолаушылар тасымалына лицен­зия енгізу мәселені түбегейлі шешпейді. Ме­нің­ше, бізге бұл саланы тазалау үшін ав­то­бус­тардың және жүргізушінің ең­бек және демалыс тәртібін қа­да­ға­лай­тын тахо­граф­пен жабдықтау әдісін қол­ғ­а алған жөн. Біздің еліміз 1995 жылы көлік құ­рал­да­рының экипажына қа­тыс­ты Еуропалық келісімге (ЕСТР) мүше бол­ды. Осы келісімге сәйкес, 1995 жыл­дардың өзінде-ақ авто­бус­тарға та­хо­граф орнатуға міндетті едік. Өкі­ніш­тісі, әзірге бізде бұл іс қолға алын­бай тұр. Егер осындай тахографтау жаб­дық­­тауына түгелдей енсек, мәселе сәл де бол­са шешілер еді, – деді.
Заңға пәрмен беру керек
Ескеретіні, бұған қоса мамандар елі­міз­де тек жолаушылар көлігін ғана емес, ави­арейстерге және теміржол саласына өзіндік реформа жүргізу қажеттілігін де сөз етті. Негізінен, мамандардың ой-пайы­мын­­ша, қазірде бір ғана теміржол тасы­ма­лына қатысты заңнамада теміржолдарда вагондардың, контейнерлердің тұрып қалуы, тасымалдау процесіне қатысу­шы­лар­дың жауапкершілігі, интернет арқылы теміржол билеттерін сатып алудың ере­же­лері жеткілікті түрде айқын көрініс тап­па­ған.
Үсен Аман­баев, экономист:
– Естеріңізде болар, былтырғы жылы «Жолаушылар тасымалы» компаниясында пойыз бригадалары мен билет касса­ла­ры­ның жұмысын тексеру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кәсіби біліктілігі төмен немесе лауазымына сай емес та­ғы­сын тағы түрлі себептермен 109 билет кас­сирі, 31 пойыз бастығы, 252 жолсерік жұ­мыс­тан босатылған еді. Сондай-ақ темір­жол билеттерінің алыпсатарлардың қо­лын­да жүретінін осы сала басшыларының өзі де жоққа шығара алмады. Өкінішке қарай, пойыздарға билет сатуды үрім-бұтағымен, әулетімен кәсіпке айналдырып алған топ­тар жоқ емес. Әсіресе жолаушы тасы­ма­лы қы­затын жазғы маусымда олар билет тап­шы­лығын қолдан жасап, үш-төрт есе қым­бат бағасына сатып, қарық болады. Бүгінгі таңда электронды билеттер сату үрдісі де осы алыпсатарлыққа ұшырап жүр. Қазақ­станда теміржол билеттерінің 40 пайызға жуығы осындай жолмен сатылып жатыр. Бізде жолаушылар тасымалына қатысты жа­байы сауда қызып тұр. Мұның себебін өз басым үйлестіруші жүйенің болмауынан деп есептеймін. Біз жедел арада заңға пәрмен бергеніміз жөн. Заңды қатайтпай, ешқандай реформа нәтижелі болмайды.
Ұшуға да жүйе керек...
Тағы бір басымдық беріп айта кетерлігі, мамандар біздің елдегі авиарейстер ар­қылы ұшуды да өзіндік жүйелеу қажеттігін ал­ға тартты. Бұл ретте, «Эйр Астана» АҚ, «Ха­лықаралық Астана әуежайы» АҚ және «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ тә­різді тараптарға соңғы күндері рейстердің кі­діруіне байланысты жолаушылардың на­разылығы күшейіп тұрғанын сөз еткен мамандар «Азаматтық авиация комитеті жолаушыларды тіркеудің авто­мат­тан­ды­рыл­ған жүйесін дамытуы қажет» дейді... Жал­пы, елдегі жолаушылар тасымалы са­ла­сына қатысты ой қаузаған маман­дардың дені «тіптен такси жүргізушілеріне де ар­найы лицензия талап етілуі керек. Олар да арнайы салық төлеп, жауапкершілік жүгін сезінгені абзал» десті. Сөйтіп, ма­ман­дар­д­ың тілімен түйіндесек: «Еліміздегі жо­лау­шылар тасымалын жабайы саудадан дереу арылтқанымыз жөн. Өйткені нақ қазір осы са­ла бойынша авиарейстерді қоса айтсақ, ас­панда да, жерде де заңбұзушылық терең тамырлап тұр».

Дерек пен дәйек...
Жалпы, Көлік және коммуникация министрлігіне қарасты көліктік бақылау ко­митетінің деректеріне сүйенсек, соңғы екі жылдың ішінде қалааралық және халықаралық жолдарда автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік апаты жиілеп кеткен. Мәселен, 2009 жылы жол-көлiк апатынан республика бойынша 133 адам көз жұмса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетiп отыр. Бір ғана Шымкент қаласы бойынша 90 бағытқа 36 көлік компаниясы қызмет етеді десек, олардың басым бөлігі жолаушыларды тасымалдауда өрескел заңбұзушылыққа жол берген. Мы­салы, Шымкент қаласынан Леңгір, Түркістан, Отырар, Түлкібас, Жетісай, Сары­ағаш және Жібек жолы бағытына жүретін 240 автобус тексеріліп, сол бойынша жолаушыларды рұқсатсыз тасымалдау, сақ­тандыру құжаттарын жалған жасату, техникалық рәсімдеуі жалған, көлігі ұзақ жолға шығуға мүлде жарамсыз 118 заң бұзу актілері тіркелген. Бүгінде заңды бел­ден басқандарға 893 мың теңгенің және 1 млн 300 мың теңгенің айналасында айып­пұл салынған. «Міне, осындай заң­бұ­зу­шылықтарға жол бермес үшін жолау­шылар тасымалына арнайы лицензиялау түрін енгізу керектігі хақында шешім шы­ғ­арылды. Лицензиялау туралы шешім 4 шіл­деден бастап күшіне енеді», – дейді Кө­ліктік бақылау комитетінің төрағасы Әділет Берманқұлов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста