Жұмыссыз болсаң ауылға кел... құдық қазуға

Жұмыссыз болсаң ауылға кел... құдық қазуға

Бүгінде құдық қазатындар қат мамандардың қатарына енуі мүмкін. Өйткені оңтүстік өңірінде ауыз су тапшылығы осы мамандарға деген сұранысты арттырып тұр. Осыдан екі ғасыр бұрынғы кезеңді суреттеген Әбіш Кекілбаевтың «Құдықшы» деген шығармасын оқыған боларсыз. «Апырай, осындай жұмыспен де нәпақасын тапқандар болған екен, ә» деп таңқала, бас шайқағанбыз. Жаһанданудың жалына жармасып жүрген шақта дәл осы күй басымызға түсерін кім ойлаған?! Таза судың тапшылығы осыған итермелеп отыр. Ия, қанша аяғын жапқанмен басы ашылып қала беретін ақиқат бұл...
Бір ғана мысал. Табиғаты тұнып тұрған таулы аймаққа жататын Төле би атты аудан бар оңтүстікте. Айналасын тау қоршаған, сулы да, нулы жер жәннаты. Ауылдарының аты ыңғай Ақбұлақ, Атбұлақ, Қасқасу, Ұзынарық, Диханкөл болып келеді. Осыған қарап судан тапшылық көрмей отырған өлке деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Алайда аты келіскенмен, заты келіспей тұр. Кеңес кезінде таулы өлкенің тұрғындары таза ауыз су тұтынатын. Әр үйдің ауласына дейін тартылған су құбыры болатын. Бұл мамыражайлық кеңеспен бірге келмеске кетті. Ауыл тұрғындарының шамасы келгені ауласынан құдық қаздырып алды. Оған қолдан жасалған мотор қойып алған өнертапқыштар да жетерлік. Ал, көбісі таудан ағып келетін арық бойын жағалап, көзі бар бұлақтарды қазып-қазып жіберіп, бастау жасап, содан су ішуде. Көктемде таудың қары еріп, сел жүрген кезде тіптен қиын. Бастаулардың көзі бітеліп қалып, апталап арғы ауылдан атпен су тасып қиналып қалатын кездері көп. Арғы жылдары Ұзынарық ауылына су құбырлары жүргізілетін болып көше-көшенің бәрін қазып, құбыр тастады. Ауылдықтар бөркін аспанға атып қуанған. Алайда бұл көзбояушылықтың созылғанына да екі жылға жуықтады. Су да жоқ. Берілген уәде де құмға сіңген судай болды. Көмілген құбырлардың шіріп кеткеніне шәк келтірмейтіндердің қатары артты. Осындай-осындайлардың «арқасында» бүгінде құдық қазушылардың тасы өрге домалап тұр. Осы кәсіпті нәсіп еткендер құдықтың бір метрін 1,5-2 мың теңгеден қазып жүр. Ойлы-қырлы жер болғандықтан біреулердің ауласынан 20 метрден су шықса, енді біреулердікінен 28-35 метрден шығып жатады. Есептей беріңіз. Апта ішінде, болмаса екі аптада әжептеуір ақшаның басын құрап, қалтаға басады. Әрі бұрын қазылған құдықтарын көзі бітеліп, тазалатуға ұсыныс айтатындардың қатары да көбейіп отыр. Облыстық телеарналарға «құдық қазамыз» деп жарнама беріп қойғандары да бар. Іздегенін алдынан тілемей-ақ тауып алады. «Таза су» бағдарламасы кезінде ауыз суға жарымаған ауыл халқы «Ақбұлақтан» үміт күтпейді де. Тек құдықшыларға сенім артады...
Ал, Төле би ауданы әкімінің орынбасары М. Пернебеков осы мәселеге орай былай деген еді: «Аудандағы 12 елді-мекен тұрғындары сапасы ішуге жарамды құдық пен ашық су көздерін пайдаланады. Ауданның 2011-2015 жылдарға арналған экономикалық даму жоспары негізінде 12 елді-мекенді 2015 жылға дейін таза ауыз сумен қамту жоспарланып отыр». Ауылдықтарға таза ауыз су әзірге арман күйінде қала тұратын жайы бар. Су шаруашылығы мамандарын қынжылтатын тағы бір мәселе жер асты ауыз су сапасының зерттелмеуі. Осыдан кейін ауылдықтардың денсаулығы нашар, балалар арасында инфекциялық аурулар көбейіп кетті деп дабыл қағу «жартасқа бардым, күнде айғай салдымның» кері сияқты. «Таза су» бағдарламасы аясында облыстағы 897 елдi-мекеннің 817-сiн ауызсумен қамту көзделген болатын. Алайда облыс тұрғындарының тек 41 пайызы ғана сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның үстіне қазына қаржысын өз қалтасымен шатастырып ала беретін шенеуніктер суға деп бөлінген қаржының 1 миллиард теңгесін құлқындарына құйып жіберіпті. Сайда саны, құмда ізі жоқ. Осыдан кейін ауылдықтар ауыз суға қалай жарысын?!.. Әзірге олардың бар үміт артарлары құдықшылар болып тұр. Жұмыссыздықтан жапа шексеңіз ауылға келіңіз ... құдық қазуға....
Берік Жұмалиев, құдықшы: 
- Құдық қазуды кәсіп еткенімізге де көп бола қойған жоқ. Тапсырыс беретіндердің қатары көбейіп келеді. Көктем шыға тіптен арта түсері анық. Құдық қазуды жер қазғанмен бірдей деп есептейтіндер қателеседі. Оның да өзіндік қыры бар… Соңғы кезде қанша таулы өлке дегенмен де жер асты су көздерінің жоғалып бара жатқандығы толғантады. Кейде құдық қазуға тапсырыс бергендердің ауласынан 40-метрге дейін қазсаң да су шықпайды. Сондықтан да бұл мәселе терең зерттелсе екен деген тілегіміз бар. Жер асты су көздерінің тартылуы жақсылық емес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста